АУЫСУ МЕН ОҚУҒА ҚАЙТА ҚАБЫЛДАНУДЫҢ БАСҚА ТҮРЛЕРІ
Білім алушылар университет ішінде бір оқу түрінен басқаға, бір білім беру бағдарламасынан басқасына , ақылы оқу түрінен мемлекеттік тапсырыс түріне жазғы және қысқы демалыс кезеңінде жұмыс оқу жоспарынан шыққан айырмашылықтарды тапсыру арқылы ауысуға құқылы.
Университет ішінде студенттің бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне ауысуы кезінде, оқу жоспарындағы пререквизиттердің болуымен және айырмашылық пәндердің кредиттер санына қарай анықталады: 30 кредиттен аспауы тиіс.
1 курс студенті 1 семестрді, пререквизит пәндерді (өтініш қазан айында толтырылады) табысты меңгеріп, аяқтаған соң ауысуға мүмкіндік алады.
Егер студент университеттен шығарылса, онда келесі оқу жылында кез келген жоғары оқу орнында оқуын жалғастыруға құқығы бар, бірақ тек ақылы бөлімде ғана.
Оқуға қайта қабылдау қысқы немесе жазғы демалыс кезеңінде жұмыс оқу жоспарындағы айырмаларды тапсыру арқылы жүзеге асырылады.
Егер студент бірінші курстан оқудан шығарылса, онда бірінші семестрдегі оқу пәндерін толық меңгерген жағдайда ғана оқуға қайта қабылдана алады.
Университет ішінде бір оқу түрінен басқа оқу түріне, бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне ауысуы ақылы түрде келесі тәртіппен жүргізіледі:
студент университет өкілетті тұлғасының атына ауысу немесе оқуға қайта қабылдану туралы өтініш жазады; өтінішке транскрипт тіркеледі;
Деканат транскрипт негізінде курсты және оқу жоспарындағы пререквизиттер мен айырмаларды анықтайды, және ТО-мен бірге балдық – сандық шкала бойынша салыстырмалы ведомосын толтырады;
Факультет деканы көрсетілген айырманы тапсыру мерзімін бекітеді;
Дәстүрлі оқу жүйесінен ауысқан жағдайда деканат студенттің 5- балды жүйесін 100- балдық жүйеге ауыстырады; таңдалған мамандықтың жұмыс оқу жоспарында бекітілген сағаттар көлемінің кредиттерге сәйкестігін тексереді; балдық-сандық шкала бойынша салыстырмалы ведомосын толтырады;
Оқу жоспарындағы пән айырмашылықтарын бір семестр ішінде тапсыру керек, бұл кезеңде сіз айырмашылық пәніне автоматты түрде тіркеліп, бағдарламаны меңгеруіңіз және емтихан тапсыруыңыз қажет;
салыстырмалы ведомость негізінде ТО көрсетілген пәндер бойынша бағалар трансфертін жүргізеді;
оқу жоспарындағы пән айырмашылықтарын тапсыруға жазғы (қосымша) семестр белгіленеді, бұл кезде студенттер пән айырмашылықтарына тіркеліп, оның бағдарламасын игеріп, емтихан тапсыруы керек; ағымдағы семестрде тапсыра алмаған жағдайда оған кезекті қосымша семестрде айырмашылық пәндерді тапсыруға мүмкіндік беріледі;
жоғарыда аталған мерзімде оқу жоспарындағы айырмаларды тапсырмаған жағдайда берілген айырмашылық академиялық қарыз болып саналып, курстан курсқа көшуде сіздің GPA-ді анықтауда есепке алынады;
ТО ауысқан студент жайындағы ақпаратты офис бағдарламасының мәліметтер базасына енгізіп, ағымдағы семестрге тіркейді;
Факультет деканының, тіркеу офисінің және проректордың рұқсатымен университеттің өкілетті тұлғасы бір оқу түрінен екінші оқу түріне, бір білім бағдарламасынан басқасына ауысу жайлы бұйрық шығарады.
Ақылы бөлімдегі студент мемлекеттік оқу грантына тиісті білім беру бағдарламасы бойынша іріктеу негізінде бос орынға ауысуға құқылы. Студент ауысқан жағдайда университет бекітілген тәртіпке сай ҚР білім және ғылым министрлігіне ауысу жайлы бұйрық көшірмесін тапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: |