Реферат тақырыбы: Әл-Фарабидың рухани мұрасы Студент: Ахметқалиқызы Әсемай Курс: 2-курс



бет1/2
Дата05.04.2023
өлшемі316,5 Kb.
#173823
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
ал Фараби


Студенттің өзіндік жұмысы

Н 3-9.06-2022
1 баспа 02.02.2022




«М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ» КЕ АҚ


Факультет: Технологиялық


Кафедра: Химия және химиялық технология


РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Әл-Фарабидың рухани мұрасы


Студент: Ахметқалиқызы Әсемай
Курс: 2-курс
Топ: 6В05314-Химия
Оқытушы: Айтакова С.А.


Тараз 2023ж
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. Әл Фарабидің өмірбаяны
2. Шығармашылық жолы
3. Ирандағы Фараби туындылары
5. Орта ғасыр ғалымдарының Әл-Фараби туралы ой-пікірлері
Қорытынды

Кіріспе

Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынын көкіреп ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтары бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі — бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби. Әл-Фараби дүниенің білім және ой тарихынан құрметпен орын алған ұлы түрік ғалымы, ойшылы. Физика, химия, медицина, математика ғылымдарында және философияда жеткен нәтижелерімен Еуропа мәдениетінде үлес қосқан, кітаптары XVIII ғасырдың соңына дейін Еуропа университеттерінде оқылған түрік дарыны.

1. Әл Фарабидің өмірбаяны


Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі топ жарғаны - Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» («Әл-Мұғаллим ас-Сани»), «Шығыс-тың Аристотелі» атанған ұлы ғұлама Әбу Нәсір әл-Фараби .Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған.

2. Шығармашылық жолы


Әбу Наср Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, Араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты.
Тарихи деректер бойынша ол 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдадқа кетеді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен.
Осы кезден бастап Әбу Наср Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады. Қасиетті Құран Кәрім тек діни қағидалар жинағы ғана емес, сонымен қатар талай ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан, Әбу Наср Әл-Фараби бүкіл ислам ғалымдарына парыз болған — иджтихад (ойлау қабілетінің шыңына жету үшін беріле еңбек ету) және муджтахид (иджтихадпен шұғылданған адамның өз жаңалықтарын Құран Кәрім мен Хадис Шариф — парыз-сүннет амалдарына негіздеп отыруы) жолына түскен..
Әбу Наср Әл-Фарабидің жас кезінен Бағдадқа баруының мынадай екі сыры бар. Біріншіден, сол кездегі Бағдад халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған. Екіншіден, Бағдад шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдадта “Баит әл-хакма” атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Алғашқы кезде Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. Фарабидің алғашқы ұстаздары Иса пайғамбарды “құдайдың баласы” демей, “пайғамбар” деп таныған несториандық христиандар болған. Ежелгі грек ғылымы мен араб ғылымының арасын қосқан осылар еді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниетанымы — екі әлемнің: көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әбу Наср Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық (философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты. Әбу Наср Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады.
Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан іздеді. Аристотель қағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын қабылдады және оны осы тұрғыдан түсіндірді. Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, “Аспан астындағы дүние” ілімінен неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл — тек “аспан астындағы дүниенің” қозғалыс себебі ғана емес, өз алдына логос. Осы дүниенің заңдылығы — жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды.
Соңғысы, яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам болса дүние салады, өткінші. Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге шығару туады, мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске тиек болған тезис еді. Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді. Мұндағы мақсат — тұтастықты, ақиқатты, ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол жеткізу. Философ адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады. Рухани жоғарғы мақсат нышандарын адамдарды өзара байланыстыратын бастаулардан — жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздестіреді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. саяси-әлеуметтік трактаттарында қайрымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Қайырымдылық дегенде ақыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді.

Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті. Әль-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. Әбу Наср Әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді.


3. Ирандағы Фараби туындылары


Бүгінде Ирандағы көне қолжазбалар саны шамамен милионға жетіп жығылады. Бұған дейін әртүрлі кітапханалардың қолжазба қорларынан Фарабидің 36 трактаты табылған еді. Солардың кейбірінің қайталай көшірлген нұсқаларын есептей келгенде, барлығы 98 қолжазбаның жайы белгілі болып отыр. Бұл әзірге белгілі болғаны ғана. …Басы бар да аяғы жоқ, аяғы бар да бас жағы сақталмағана дүниелер қаншама.
Иранның Тегеран, Құм, Мешхед, Тәбриз, Исфахан, Рәшт және Иәзд шарһарларындағы кітапханаларда сақталған Фараби еңбектерінің бәрі де араб тілінде. Дегенмен, кей туындыларының аударма қолжазбаларына да сілтеме жасалып отырылған. Еегеран университеті кітапханасынада сақталған «Қисын (Логика) іліміне кіріспе» трактатының еврей тілінде үш бірдей аудармасы бар. Муса бей Ладхейс Иахуди, Самуэл Бен Табун және Шалом бен Аюб аударған осы тракаттың тағы бір көшірмесі мен аударма қолжазбалары бүгінде Париж ұлттық кітапханасында сақтаулы тұр. Деректерге сенсек Фараби дүние салысымен оның дүниелереі шетінен еврей тіліне аударыла бастаған екен. Ендеше, ғұламаның көптеген еңбектері басқа тілге қарағанда, еврей тіліне көп аударлыған болса оған таңдануға болмайды. Сонымен қатар Мешхед шаһарындағы резави кітапханасында қолжазба күйінде сақталған Фарабидің қасиде қалыбында жазған жырлары қоса көшірілген өлең жинағы да назар аудартпай қоймайды. Жалпы, Фарабидің тек араб тілінде ғана емес, парсы тілінде де өлең жазғаны жайлы дерек бар. Алайда оның тек екі рубиі ғана бүгінге жетіп отыр.
Иран кітапханалары қорында сақталған Фараби трактаттарының бірнеше қолжазбасы Үндістан, Ливан және Мысырда жарық көргені айқындалды. Ол қолжазбалардың көбісі ХVІ – ХVІІ ғасырлардаг жеткен көшірмелер. Солардың көпшілігі настаалиқ жазуымен таңбаланған. Арасында нәсх жазуымен таңбаланған нұсқалар да ұшырасады. Кейбірінде көшірмешінің аты-жөні, көшірген уақыты дәл көрсетілген. Мәселен, Мешхед қаласындағы Резвани кітапханасындағы трактат қолжазбалары арасында Мұқамед Мұмин және Әли табатаби көшірмелері жиі ұшырасады. Оған қоса, Әли Танкобени, Мұқамед Реза Түни Хорасани, тажедин Хусейн Со’ад, Сұлтанмақмұд Әл-Мир Буорги Мазендарани Ширази, Сұлтанмақмұд Хусейни Бузорги есімді көшірмешілердің де еңбектері кездеседі.
5. Орта ғасыр ғалымдарының Әл-Фараби туралы ой-пікірлері
Әбу Наср әл-Фараби туралы сол кездегі көптеген ғалымдар өздерінің ой-пікірлерін жазып қалдырған. Ұлы ойшыл Әбу Әли ибн Сина, тарихшы-ғалымдардан Захируддин әл-Байхакий, Жамолуддин ибн әл-Кифтий, Ибн Әби Усайба, Ибн Халликон сияқты атақты ғалымдар өз шығармаларында ұлы философ Әбу Наср әл-Фараби жөнінде кейбір мәліметтер беріп кеткен. Белгілі шығыстанушы-ғалым. Аристов солардың бірқатарын араб тілінен өзбекшеге аударып жариялаған екен. Біз соны өзбек тілінен қазақшаға тәржіма жасап, окырманға ұсынуды жөн көріп отырмыз.
Әбу Әли ибн Сина: Мен мантик (логика), жаратылыстану және риезиет (математика, геометрия) ғылымдарын жақсылап меңгердім. Сосын теологияны оқып үйренуге кіріскенімде Аристотельдің «Метафизика» кітабын оқыдым. Бірақ онда не жазылғанын оқып түсіне алмадым. Бұл кітапты жазған кісінің мақсаты маған құпия болып қала берді. Тіпті оны қырық рет қайталап окып шықтым. Бұл кітапты жаттапта алдым. Бірақ соныңөзінде мен оны түсіне алмадым. Ақыры одан үмтімді үзіп, бұл түсінуге болмайтын кітап екен деген қорытындыға келген едім.
Бір күні бесін намазы кезінде кітап сатушыларға бардым. Онда бір делдал мұқабалы бір кітапты қолына ұстап алып, мақтап тұр екен. Ол мені қасына шақырып, маған кітапты көрсетті. Сонда мен бұл ғылымды білудің пайдасы жоқ деген оймен әлгіні жақтырмай, алмайтынымды айттым. Делдал маған: «Бұл кітапты ал, бағасы арзан — үш дихрам, кітаптың иесі ақшаға мұқтаж», — деді. Осылайша мен кітапты сатып алдым. Қарасам, ол Әбу Наср әл-Фарабидің «Метафизика» кітабының мақсаты жайында жазылған шығармасы екен. Үйге келген бойда оны оқуға кірістім. «Метафизика» ойымда жатталып қалған себепті сол сәтте-ақ кітаптың мазмұнын түсініп алдым. Бұған қатты қуанып кеттім. Мұндай кітаптың табылғанына шүкіршілік жасап, ертеңінде-ақ кедейлерге біраз нәрсе садақа бердім.
Захируддин ал-Байхакий: Шейх Әбу Наср әл-Фарабидің аты Мұхаммед ибн Тархан болып, шыққан тегі Түркістаннын Фараб деген жерінен екен. Бұл кісі «Муаллим ас-Соний» — «Екінші ұстаз» деген лақап есім алған. Ислам ғалымдары арасында одан бұрын мұншалыкты ақылы алғыр адам болмаған еді.
Әбу Насрдың көп трактаттары болған. Мен Рай шаһары бастығының кітапханасынан бұл кісінің шығармаларын көрдім. Сол жерде мен Әбу Насрдың небір шығармаларын көрдім, тіпті ондай кітаптар жайында ешқашан естімеген де екенмін. Тағы бір айта кететін жәйт – көрген кітаптарымның көпшілігі Әбу Насрдың өз қолымен жазылған яки оның шәкірті Әбу Закария Яхия ибн Адидің қолымен көшірілген еді.
Ғұлама Әбу Наср әл-Фараби айтқан екен: «Кімде-кім хикмат (философия, даналық) білімін оқып үйрен уге кіріспек болса, ол ең алдымен жас болуы, ниеті дұрыс , әдепті, қайырымды адам болуы керек. Ондай кісі адамдарға мейірімді, таза, адал болуы, азғын қылықтардан: күнә, қиянат, зұлымдық пен аярлықтан таза болуы тиіс. Білім жолына түскен жан күнделікті күйбең тіршілікті ойламауы қажет . Хиқмат 6ілімін оқып үйренуге кіріспек болған адам білімді де, ғалымдарды да құрмет тұтатын кісі болуы шарт. Ондай кісі ғылым адамдарынан басқа ешбір нәрсені қадірлейтін болмауы керек.
Білімді кәсіп, өнер етіп алмауы керек әрі оны мал-дүние табу құралы етіп жібермеуі қажет.
Кімде-кім мұны керісінше істейтін болса, онда ол кезбояушы саналады.
Жалған ақша таза ақша есептелмейтіні сияқты, жалған сөз ешқашан мәнді сөз болмайды.
Егер мінез-құлқы біз айтқандай емес, теріс мінезді кісі болса, ол ешқашанда ғалымдар қатарына қосылмайды.
Ағаштың өсіп-жетілгенін бұтақтағы жемісіне қарай бағалайдығой. Сондай-ақ адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.
Кімде-кім өзін өз дәрежесіеен жоғары көтермек болса, ондай адамнын, өсу жолына тосқауыл койылады».
Жамолуддин ибн әл-Кифтий: Әбу Наср әл-Фараби — Мауераннахрдағы түрік шаһарларының бірі болған Фарабтан шыққан философ. Бұл кісі мұсылмандардан шығып, әлемге танылған данышпан саналады. Ол Иракка барып, Бағдад шаһарында тұрып қалады. Әбу Наср бұл қалада хикмат білімін үйренеді. Осы жерде Әбу Наср сол дәуірде деңдесі жоқ адам болып шыгады. Логиқаға қатысты кітаптарды зерттеу және оларға түсініктеме жазуда көп іс тындырды. Логиканың қиын тұстарын айқындай түсті, көпшілікке түсіексіз болған жасырын сырларын ашты әрі бұл ғылымның пайдалану әдістерін жеңілдетті. Ол өз шығармаларында логикадан пайдалану үшін түсініікті сөз тіркестерш, астарлы меңзеу сөздер қолданып отырды. Тіті ол логиканы түсндіру, үйрету және талдау жасаудағы Әл-Киндий, тағы басқалар жіберген олқылықтарды да атап көрсетті.Әбу Насрдың бұдан басқа «Ихсо ал-улум ва аттаьриф» — «Ғылымды меңгеру және оның мақсатын түсіндіру» туралы жазылған құнды кітабы бар. Мұндай шығарма жазуда осы кезге дейін Әбу Насрдан ешкім озып кеткен емес. Тіпті бұл секілді ой-пікрлерді оған дейін әлі ешкім айта алмаған, ол кісі шыққан биікке ешкім көтеріле алмаған еді. Дамып келе жатқан ғылымдардың барлық салалары да оның салған дұрыс жолын пайдаланды деуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет