К редиттік технологиямен оқытуда төмендегідей сабақтарды жүргізу ұйымдастырылған:
Аудиториялық сабақтар: оқу ғимараттарында оқытушылардың жетекшілігімен жүргізілетін жұмыстар. Аудиториялық сабақтарға дәрістер, практикалық (семинарлық және студиялық) және лабораториялық сабақтар жатады.
Д әріс сабақтары – негізінен лектерде жүргізілетін сабақтар. Сабақ кестесінде барлық лектер екіге бөлінеді. А-легі – қазақ тілінде оқыту, В-легі – орыс тілінде оқыту.
Аралас түрдегі (лекция-практикалық) сабақтарпрактикада меңгерілген теориялық материалды талдау түрінде жүргізіледі.
Практикалық сабақтар - студенттік топтарда немесе кіші топтар бойынша өткізілетін сабақтардың түрі; олар дәрістік курстардың материалдарын тереңірек зерделеуді қарастырады. Бұл ретте ғылыми-теориялық негіздемелерді талап етпейтін бағдарламалық материалдың бір бөлігі игеріледі.