Мәлібеков А. К., Алтаева Г. А., Чернявская Н. П



бет5/32
Дата28.12.2021
өлшемі34,91 Mb.
#128892
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
spravputkz

Қымбатты білім алушы! Сен еңбек ететін өз өміріңде бір нәрсені ескергенің жөн, бұл – адалдық, әдептілік, әділдік, өзіңді қоршаған адамдардың құқығы мен бостандығын құрметтеу. Академиялық адалдық университеттің оқу-тәрбие үдерісінің негізгі принципі болып табылады. Есіңде болсын! Оқу орнында емтихан уақытысында тыйым салынған материалдарды пайдалану, өзгенің еңбегінің нәтижесін иемдену, жалған баға алу, өзге студент орнына кіру, емтихан материалдарын заңсыз жолмен алу, алдау, бопсалау, қорқытуға т.б. жол берілмейді. Есіңде сақта, академиялық адалдықты принциптерін бұзғаның үшін жазаланасың!

Бүгінде университет Оңтүстік Қазақстандағы жетекші ғылым жəне білім орталығы болып табылады. Онда бакалаврлар 139, магистрлер 108 жəне PhD докторлар 15 білім беру бағдарламалары бойынша дайындалады. «Дулати университеті» КЕ АҚ оңтүстік аймақтың ғана емес, бүкіл Қазақстанның кадрлық əлеуетін қалыптастырудағы орны ерекше.

Университетте 2 инитститут («Ұстаз», Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру) және 5 факультет бар: технологиялық факультет (ТФ), ақпараттық технологиялар факультеті (АТФ), гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар (ГӘҒФ), экономика және құқық факультеті (ЭҚФ), сырттай және қашықтықтан оқыту факультеті (СҚОФ).

Университетте заманауи құрылғылар және өлшеу құралдарымен жабдықталған оқу-зертханалық және лабораторялық ғимараттар бар. Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2007 жылы Қазақстанның жетекші ЖОО-нда ашылған инженерлік бағыттағы 15 лабораторияның бірі «Наноинженерлік зерттеу әдістері» ғылыми-зерттеу лаборатиясы (ҒЗЛ) бізде ашылған, ол шамамен 1000 кв.м. ауданды алып жатыр.

Университетте жабық спорт залы, студенттердің бос уақытын ұйымдастыруға арналған Жастар сарайы, жатақхана, «Жасөркен» спорттық-сауықтыру лагері, асханалар, кафелер мен буфеттер бар. Оқу процесінде интерактивті тақта, заманауи компьютерлер қолданылады, олардың барлығы Интернетке қосылған.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 945 оқытушы жұмыс істейді, оның 48-і ғылым докторы, профессоры, 369 ғылым кандидаты, доцент, 48-і PhD докторы.

Бізде қолданылатын білім беру технологиялары елімізді жоғары кәсіби мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Дулати университеті» КЕ АҚ түлектері қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және болашақта да сұранысқа ие болады. Сондықтан, Тараз өңірлік университетін бітірсеңіз, сіз болашағыңызға сенімді боласыз. Өйткені біздің университетіміз бүгінгі күннің талаптарымен шектелмей, өз қызметінің барлық салаларында уақыттан озып жүруге ұмтылуда.

Университет Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының арасында алғашқылардың бірі болып оқытудың кредиттік технологияларын енгізді. Біздің бұл тәжірибеміз республикамыздың барлық білім беру салаларына кредиттік технологияны енгізуге негіз болды. «Дулати университеті» КЕ АҚ 2006 жылы Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды және сол арқылы ол европалық білім кеңістігіне енді. 2007 жылы біз Тараз декларациясына қол қою жөнінде бастама көтердік. Ол Болон процесі принциптері бойынша Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарын біріктірді.

Университет ұлттық рейтинг бойынша жақсы көрсеткіштерге ие. Университетіміз соңғы бес жыл бойы БСҚТҚА рейтингі бойынша көп бейінді ЖОО-дар арасында жетекші орында орналасқан.

«М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университеті» КЕ АҚ аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігімен (АРТА) аккредиттелген. АРТА жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша ENQA Еуропалық ассоциациясының толыққанды мүшесі және жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз етудің Еуропалық реестріне (EQAR) енгізілген – 2018-2023жж.

Аккредиттеудің қорытындысы бойынша «Дулати университеті» КЕ АҚ институтционалды аккредиттеуден өткен ЖОО-лардың тізіміне енді. Мұндай тізім мамандарды таңдау барысында, түрлі фирмаларды, ұйымдарды басқару мақсатында кәсібі, ғылыми бірлестігі және т.б. бойынша серіктесін таңдау барысында жұмыс беруші үшін бағыт-бағдар болып табылады. Аккредиттеуден өткен ЖОО ғана мемлекеттік үлгідегі дипломды беруге құқығы бар және аса беделді және сенімді болып саналады. Мұндай университет мемлекеттің қолдауына ие болады, мемлекеттік гранттарды иеленуге арналған мемлекеттік тапсырыстарды алуға мүмкіндігі бар, ондағы студенттерге заңнамада қарастырылған барлық жеңілдіктерге кепілдік беріледі.

Біздің университет базасында «Мехатроника» халықаралық бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларды дайындау жүзеге асырылады. Барлық Қазақстан бойынша осы білім беру ұйымына дайындық құқығы тек біздің ЖОО-да бар. Бұл өте үлкен жауапкершілік. Сонымен қатар, осы мамандықты игеретін студенттер екі диплом алу мүмкіндігіне ие. Олар екі жыл «Дулати университеті» КЕ АҚ, ал келесі екі жыл Польшада оқитын болады, сәйкесінше олар екі дипломға ие болады - Польша және «Дулати университеті» КЕ АҚ. Бұл дипломдармен олар Қазақстанда да, Еуропада да жұмыс істей алатын ең сұранысқа ие мамандардың бірі болады.

Сіз анықтама-жолсілтемеден оқу барысында туындаған, өзіңізді толғандырған сұрақтарға жауап ала аласыз, мысалы: «Себепті жағдаймен емтиханға келмеген жағдайда не істеу керек?», «Материалдық көмекті қалай алуға болады?», «Жеке оқу жоспарын жоғалтып алған кезде кімге бару керек?» және т.б. Ереже бойынша барлық мәселелерді топ старостасының немесе эдвайзерінің, студенттік декан мен факультет деканының көмегімен шешуге болады.

Сондай-ақ, Сіз «Дулати университеті» КЕ АҚ сайты (www.tarsu.kz) арқылы университет ректорына тікелей сұрақ қоя аласыз. Университет сайтында жоғары оқу орнымыздың барлық салалары қамтылған. Сайттан сіз мамандықтар, кафедралар, конференциялар, жарыстар, акциялар туралы және басқа да ақпараттар ала аласыз, сонымен қатар өкілетті тұлғаға сұрақ қойып, оған міндетті түрде толық жауап ала аласыз.

Университеттің барлық ғимараттарында электронды киоскілер орналастырылған. Әрбір студентке жеке код беріледі, студент оны пайдаланып студенттің ақпараттық порталына (portal.tarsu.kz) кіріп, түрлі академиялық ақпараттарды біле алады. Сондай-ақ ЖОЖ электронды түрде көріп, апта сайын алған балдарымен танысып, силлабустар мен әдістемелік нұсқаулықтарды жүктей алады. Порталда сіздерге қажетті нормативті құжаттар салынған, Элективті пәндер каталогын жүктеуге болады. Сонымен қатар порталда жатақханадағы бос орындар жайлы ақпараттар, әр қорытынды сессиядан кейін факультет, мамандық, студенттер рейтингі мен жетістіктері туралы ақпараттар көрсетілген сессия қорытындысы қойылады. Порталда «сұрақ-жауап» айдары бар, онда Тіркеу офисінің директорына күнделікті өзекті сұрақтарды қоюға болады. Сондай-ақ әр пәнді оқуды аяқтаған соң, оқыту сапасы және бағалау жүйесі бойынша өз пікіріңізді айтуыңызға болады.

Осы анықтамалық-жолсілтеме Сіздің күнделікті қалта кітабыңызға айналады деген үміттеміз. Ол сізге бүкіл білім алатын жылдарыңызда қажет болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет