Pisa форматына негіздеп қҰрастырған тест тапсырмалары 1-мәтін. Театр өнері



Дата08.02.2022
өлшемі41,71 Kb.
#131054
Байланысты:
№3


PISA ФОРМАТЫНА НЕГІЗДЕП ҚҰРАСТЫРҒАН ТЕСТ
ТАПСЫРМАЛАРЫ
1-мәтін. Театр өнері.
Көптеген мәдениеті жоғары дамыған елдердің театр залы үнемі көрерменге
толы болады. Театрды күнделікті өмірінің бір бөлшегіндей көріп, тіпті кейбірі
өмірін онсыз елестетуге қорқады. Ал бізде ше? Бізде қалай? Сахна бос емес,
шымылдық ашулы... Ал көрермендер залы ше? Сахна ауасын сағынып, өнерге
шөлдейтіндердің саны тым азайып барады.
«Театр мұражай сияқты, біз оған бармаймыз, бірақ оның бар болғанына
қарсы емеспіз» дейді атақты актриса Гленда Джексон. Иә, расында солай ғой.
Театр, театр деп жар салып жатамыз. Ал оған барып жатқан қаншамыз бармыз?
Уақыт жоқ дейсіз бе? Тұрмыстық проблемалар, күнделікті күйбең тіршілік, күн
көріс үшін жанталас, бала-шағаның қамы үшін қарбалас... Сізді демалыссыз
жұмыс жасауға мәжбүр ететін де осы бітпейтін проблемалар. Уақыт тауып,
демалыңыз. Материалдық байлықпен қоса рухани байлық та жинаңыз...
Компьютермен дос болған балаңызды неге театрға алып бармасқа?
«Адам бүгін театрға ертең адам болып қалу үшін барады» дейді атақты
режиссер Робер Лепаж. Театр – нағыз тәлім-тәрбие мен тағылымның ортасы.
Киелі өнердің ордасына бас сұққан бала мәдениетті де үйренеді. Сахнаға көз
тіккен бала өмірді көреді. Жақсы мен жаман арпалысып жатқан заманның ащы
шындығын біліп, ақ пен қараның ара жігін ажырата алады. Нағыз мәдениет те,
нағыз өнер де театрда.
1-сұрақ. Театр өнері
Мәтінде қандай мәселе көтерілген?
A. Театр актерлерінің әлеуметтік жағдайы
B. Театр көрермендерінің аздығы
C. Бала тәрбиесі
D. Тұрмыстық проблемалар
2-сұрақ. Театр өнері.
«Адам бүгін театрға ертең адам болып қалу үшін барады» дейді атақты
режиссер Робер Лепаж. «Адам болу» деген тіркесті қалай түсіндірер едіңіз?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет