ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис» колледжі МКҚК
Келісілді: Бекітемін:
Колледж әдіскері Директордың ОӘЖ жөніндегі
Р. Көбегенова__________ орынбасары
«______»_________________2017 ж У. Кстаубаева_____________
«____»____________2017 ж.
АШЫҚ САБАҚ
«Мейрамханалар мен асханалар. Құрмалас сөйлем.»
Дайындаған: қазақ тілі пәні оқытушысы
Төлеген В.____________
Қатысушы топ: П-247
Әдістемелік-циклдық комиссиясы
отырысында қарастырылды
Хаттама №__«____»_____2017 ж.
ӘЦК төрайымы______Р.Рымбаева
Астана, 2017 ж
Сабақ жоспары
Оқытушы: Төлегенқызы Вера
Пән: Қазақ тілі
Мамандық, топ: 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» П-247
Сабақтың тақырыбы: Мейрамханалар мен асханалар. Құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: Мейрамхана мен асхана туралы толық мағлұмат беру. Өткен тақырыпта алған білімдерін жаңа сабақпен ұштастырып, білімдерін бекіту;
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Жаңа тақырыпты түсіндіру. Жаңа сабақ бойынша жаттығу жұмыстарын жасай отыра, студенттер білімін жетілдіру.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.
Тәрбиелік: Сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу,топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: Ауызша сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру, өз бетінше іздену, талдау әдістері
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта, тақырыпқа арналған кестелер, дидактикалық материалдар
Пәнаралық байланыс: тарих, арнайы пәндер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттермен сәлемдесу, түгелдеу.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
Қар жауды. Аулада балалар ойнады. Қандай сөйлем??
Қоғамдық тамақтандыру орындарын атап беріңдер?
Жай сөйлем дегеніміз не?
ІІІ Жаңа сабақ:
Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Қуанышым, бақытым, дара тілім,- дей отырып, сабақты бастаймыз.
Ереже: Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді құрмалас сөйлем дейміз.
Жай сөйлемдер
|
Құрмалас сөйлемдер
|
Жай сөйлем бір ғана тиянақты ойды білдіреді.
Жеке сөздерден құралады.
Жеке сөйлемге сай дауыс ырғағы да ықшам.
Әр сөйлемнің аяқталғанына байланысты өзіндік айырымы бар дауыс ырғағымен айтылады.
|
Құрмалас сөйлем екі жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.
Баяндауыштары тиянақты.
Жеке сөйлемдер бір-бірімен құрмаласып тұрғандықтан, дауыс ырғағы әр сөйлемнің өз ыңғайына қарай ерекшелене, бірақ ұласпалы түрде айтылады.
|
Мейрамхана – (лат. қалпына келтіру, нығайту). Күрделі тағам дайындау ассортиментін ұсынатын қоғамдық тамақтандыру орны, тапсырыс беру және фирмалық тағамдар мен сусындарды, темекі және аспаздық өнімдерді ұсынудың жоғары қызмет түрі, заманауи дизайн мен үлгідегі ғимарат.
Ең алғаш рет «Мейрамхана» сөзін тамақтандыру орыны ретінде 1765 жылы қолданылған. Оны қоғамдық тамақтандыру орны ретінде қарастырып, негізін қалаған Буланже сорпасын сатушы париж азаматы болған. Негізгі мағынасы: «Маған барлық кінәратты (страждущие) асқазандары барлар келсін, мен оны қалпына келтіремін». Сорпаның көбі тауық етінен жасалып отырған.
Мейрамхана мен асхананың қандай айырмашылығы бар? Асхананың қандай түрлерге жіктеледі?
Асхана - бұл апта күндеріне байланысты әр-түрлі тағам түрлерін шығарып оны сататын, жалпыға қол жетімді немесе белгілі контингетке қызмет көрсететін тамақтану кәсіпорыны. Асхана апта күніне байланысты немесе әр топтағы тұтынушыларға (туристер, оқушылар, жұмысшылар және т.б.) кулинарлық өнімді дайындау мен оны сату мен тұтынуға қолайлы жағдай жасау қызмет түрлерін көрсетеді.
Асханалар келесідей жіктеледі:
· шығарылатын өнім ассортиментіне байланысты - жалпы типті және диеталық ;
· қызмет көрсетілетін тұтынушылар контингентіне байланысты - мектептік, студенттік, жұмысшыларға арналған және т.б.;
· орналасу жері бойынша - жалпыға арналған, оқу немесе жұмыс орындарындағы.
ІV Жаңа сабақты пысықтау:
Тапсырмалармен жұмыс
1-топ
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді ажырат:
Мінезі жақсы төрге озар.
Ыстық асқа үрлеме.
Үлкен келсе, аяғыңды аяма.
Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен.
Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті, адамдар да өзгерді.
2-топ__Берілген_сөздерден_жай_сөйлем_мен_құрмалас_сөйлемдер_құрастырыңдар.'>2-топ__Жай_сөйлем_мен_құрмалас_сөйлемдерді_ажырат'>2-топ
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді ажырат:
Дос адам артық сұрамайды.
Сыйлағанды сыйла, илегенді иле.
Анадан туған әр адамның жүрегінің түбінде достық пен махаббаттың ұрығы жатады.
Әлия оны басынан асырып лақтырып жіберді де, сұм жауды шалқасынан түсірді.
Қонағы домбыра тартса, ол әнімен қосылды.
Алыс жол атты сынайды, ауыр күн ерді сынайды.
V Сабақты бекіту
Деңгейлік тапсырма
Екі топқа жеке тапсырмалар беру.
І деңгей
1-топ
Берілген сөздерден жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдер құрастырыңдар.
Жүйрік, кітап, қар, Айгүл, мақтаныш, береке, аспаз, дайындау, өңдеу, жабу.
2-топ
Берілген сөздерден жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдер құрастырыңдар.
Доп, араластыру, шайқау, кептіру, мұздату, қатыру, алма, көкөніс, өнім, балық .
ІІ деңгей
1-топ
Орысшадан аударып тиісті сөздерді қой.
Қазақ(язык)-(государственный) тіл. Қазақстанда тұратын (нация(ы) басқа (народ)тар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. (Они )қазақ тілін (кружок) лерде, (общество)дарда,(школа)тер мен институттарда оқып біледі.
Қазақстанда (много)теген ұлт (представитель)дері тұрады. Олар Қазақстанды өз (народ)і санайды.(Но) өз (родной язык)ін ұмытпауға тырысып үйренуде.
2-топ
Мәтінді орысшадан қазақшаға аудар.
Отечеством мы зовем нашу республику. В ней жили наши отцы и деды.
В ней говорят на родном нам языке. Родина как мать. Она защищает и бережет нас от бед. Много
на свете государств. Но одна у человека мать, одна у человека Родина.
ІІІ деңгей
1.Диалог: (көшеде кездескен екі адамның әңгімесі)
- Мынау қай көше айтып жібересіз бе?
- Бұл Абай дыңғылы, сізге қай көше керек еді?
- Маған М.Жұмабаев көшесі керек еді, ол жерде керемет мейрамхана бар деп естідім, соған барып түстенейін деп едім.
- О, қандай кездейсоқтық, менде сол жерге бара жатырмын.
- Шын ба? Кеттік бірге.
- Айтыңызшы Астана әсем қала ғой?
- Сөз жоқ.
- Оо, мынаған қараңыз қандай керемет! (осы кезде жаңадан ашылған мейрамхананың әкімшілігі қонақтарды қарсы алады да, мейрамхана жобасымен таныстырады). Студенттер жасап әкелген жобаларын ортаға салады.
Рефлексия.
Психологиялық тренинг. Студенттер берілген парақшаларға өз елестетулері бойынша мидың суретін салып, оған бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы жазады.
Мен үшін жаңалық
|
Мен үшін туғызған қиындық
|
Сабақтан алған әсерім
|
|
|
|
VI Оқушыларды бағалау: Топтың командалары қойған баға арқылы студенттер бағаланады.
VII Үйге тапсырма:
Тәжірибеден өтетін кәсіпорындарының немесе мейрамхана тарихын зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |