34.Мәліметтерді сұрыптау Мәліметтерді сұрыптау (сортировка данных; sort) — белгіленген ережелерге сәйкес, мысалы мәтіндерді алфавит бойынша, сандар жиынын көлемі (өсуі, кемуі) бойынша, жиын элементтерін индекстеріне қарай қайта іріктеп орналастыру. Жұмыс істеу принципі мен алгоритмдері әр түрлі көптеген сұрыптау программалары бар.
35.Мәліметтерді іздеу Іздеу жүйесі — мәліметті Интернеттен іздеу мүмкіндігін ұсынатын веб-торап. Іздеу жүйесінің басым бөлігі мағлұматты Әлемдік өрмек сайттарынан іздейді, алайда файлдарды ftp-серверлерден, тауарларды интернет-дүкендерінен, сондай-ақ мәліметті Usenet жаңалықтар тобынан іздей алатын жүйелер де бар. Соңғы уақытта түрлі XML-деректер ішінде RSS технологиясына негізделген іздеудің жаңа түрі пайда болды.
Іздеу жүйесінің функционалдығын қамтамасыз ететін программалар кешені іздеу қозғалтқышы немесе іздеу машинасы деп аталады. Іздеу машинасының жұмыс сапасының негізгі белгісі релеванттық (сұрату мен табылған деректің сәйкестік деңгейі, яғни нәтиженің қисындылығы), базаның толықтығы, тіл морфологиясын есепке алуы болып табылады. Мәлімет индексациясы арнайы іздеу роботтары арқылы жүзеге асырылады. Іздеу жүйесі жұмысын жақсарту — бүгінгі Интернеттің ең негізгі міндеттерінің бірі.
36.Формаларды құру Форманы тез құру жолы мына түрде орындалады:
1. Мәліметтер қоры терезесінде қажетті кесте немесе сұраныс белгішесіне шертіңіз.
2. Жаңа объект батырмасының оң жағындағы батырмаға шертіңіз және Автоформа бұйрығын таңдаңыз.
Бұл жолдарды орындағанда Access кесте немесе сұраныс үшін үнсіздік бойынша таңдалған форманы құрады.
Жаңа форма сұхбат терезесінде ұсынылатын тізімдегі кейбір пунктердің қысқаша түсіндірмесі мынадай:
1. Бағандық автоформа – фондық суретінде тек бір ғана жазбаны көре алатын, форманы ең тез құру әдісі.
2. Таспалық автоформа – бұл әдісте форманың терезесінің барлығы өріске толы болады. Бұл жағдайда сіз бірнеше жазбаларды бірден көре аласыз, бірақ кесте режиміндегідей емес.
3. Кестелік автоформа – бұл әдісте кесте түріндегі форма құрылады.
MS Access-те формалар мәліметтерді енгізу және экран бетінде бейнелеу үшін арналған. Форма үшін деректер қоры ретінде кестелерді немесе сұраныстарды сонымен қатар олардың жиынтығын қолдануға болады. Формада деректерді бейнелеу үшін басқару элементтері деп аталатын объектілер қолданылады. Сонымен қатар басқару элементтерін форманың ішкі көрінісін әсемдеу үшін де пайдалануға болады.
Форма құру әдістері: құрастырушы, форма шебері, баған бойынша автоформа, таспалық автоформа, кестелік автоформа, қосымша кестелік автоформа, қосымша диаграммалық автоформа, диаграмма, қосалқы кесте.