«МӘліметтерді талдау және экономиканы болжау» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет41/122
Дата20.12.2021
өлшемі0,95 Mb.
#103840
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   122
Байланысты:
Анализ данных и эконом прогноз каз

"635" әдісі «ой шабуылының» көп түрлерінің бірі. 6, 3, 5 сандарының мағынасы, 6 қатысушы, олардың әрқайсысы 5 минуттың ішінде 3 идеядан жазу керек екендігін білдіреді. Осы идея жазылған парақ айналымда жүреді. Сол себепті әр қайсысы жарты сағаттың ішінде өз активіне 18 идеяны жазады, ал барлығын бірге санағанда 180 болады. Идеялардың құрылымы нақты анықталған. Әдістің түрлендірілуі де болуы мүмкін. Анықталған мәселелерді шешу бойынша көптеген идеялардың ішінен ерекшелері мен прогрессивтілерін тандау үшін осы әдіс шет елдерде (әсіресе, Жапонияда) кеңінен қолданады.

"Дельфи" әдісі эксперттік болжамды жасаудың негізделген және қатаң процедураларын жасау амалдарының бірден бір түрі, бұл әдісті АҚШ корпорацияларының бірінде қызмет ететін қызметкерлер Т. Гордон мен О. Хелмер екеуі ашқан, 1964 жылы, олар бірнеше ғылымдар түрі бойынша даму перспективаларына қатысты мамандардың ортақтандырылған және статистикалық ойларының жинағын жарыққа шығарған болатын. Оны ғылым мен техниканың даму болжамдары барысында және инвестициялар мен басқа аспектілерді болжауда пайдаланады.

"Дельфи" тәсілінің мағынасы – көптеген еңбектік жекеленген сауалнамалардың бағдарламаларын жасау. Эксперттердің жекеленген сауалнамасы анкета-сұрақ түрінде жүргізіледі. Кейіннен статистикалық қорытындылар ЭЕМ-де жасалынады, топтың ұжымдық ойы қалыптасады, әр түрлі пікірлерге байланысты аргументтер анықталып ортақтандырылады. ЭВМ-дегі қарастырылған ақпарат эксперттерге хабарланады, олар берілген бағаларды түзете алады, және де ұжымдық пікірлермен келіспегенддері болса, түсіндіруге болады. Бұл процедура 3–4 рет қайталануы мүмкін. Соның салдарынан бағалардың диапазонының азайғаны байқалады, объектінің даму перспективаларына қатысты келісілген пікір қалыптасады.

"Дельфи" тәсілінің ерекшеліктері:

а) эксперттердің анонимдігі. Эксперттік топтың қатысушылары бір біріне белгісіз. Анкеталарды толтыру барысында топ мүшелерінің араласуы мүмкін емес;

б) сауалнаманың алдыңғы өткен турларының қорытындыларын пайдалану мүмкіндігі;

в) топтық пікірдің статистикалық сипаты.

Бұл әдіс ұзақ мерзімді сипатқа ие болған мәселелік жағдайларын дамытуды алдын-ала анықтайды. Ғылыми – техникалық болжау аймағында жұмыс істейтін біздің мамандар эксперттік бағаны қайта жасау әдістерін жасайды. Оларды эвристикалық деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет