Мемлекет және құқық теориясы пәнінен студенттердің логикалық ойлауын жетілдіру тапсырмалары



бет1/4
Дата11.07.2020
өлшемі89,76 Kb.
#75095
  1   2   3   4
Байланысты:
Мемлекет және құқық теориясы пәнінен студенттердің логикалық ойлауын жетілдіру тапсырмалары


Мемлекет және құқық теориясы пәнінен студенттердің логикалық ойлауын жетілдіру тапсырмалары




Есептер
………

1



Есеп. ҚР Конституциясының 39-бабының, 1-тармағы: Адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тəртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығымен имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада ғана жəне тек заң мен шектелуi мүмкiн.
Көрсетілген норманың мақсаты қандай?

Конституционалдық құрылысты қорғау ұғымына, қоғамдық тəртіпті, адам құқықтары мен бостандықтарын, тұрғындардың денсаулығы мен өнегелілігін қорғау нормаларына доктриналды түсініктеме беріңіз?



Берілген норманың қызметі жайлы өмірден мысал келтіріңіз?

2

Есеп. ҚР Конституциясының 1-бабының, 1-тармағы: Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады.
Аталған нормаға доктриналды (ғылыми) талқылау жасаңыз.

«Орнықтырады» деген терминге аса назар аударыңыз.

«Зайырлы», «құқықтық», «əлеуметтiк», «демократиялық», «біртұтас» терминдерінің мағынасын ашыңыз.

3

Есеп. ҚР Конституциясының 4-бабы. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық. Конституцияның, соған сəйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттарымен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң жəне Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады.

Конституцияның ең жоғары заңды күшi бар жəне Республиканың бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады.



Республика бекiткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады жəне халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады.

Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түрде жариялау оларды қолданудың мiндеттi шартты болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет