Мемлекет және құқық теориясы пәнінен студенттердің логикалық ойлауын жетілдіру тапсырмалары


«Қолданыстағы құқық» түсінігіне доктриналды (ғылыми) талқылау жасаңыз



бет2/4
Дата11.07.2020
өлшемі89,76 Kb.
#75095
1   2   3   4
Байланысты:
Мемлекет және құқық теориясы пәнінен студенттердің логикалық ойлауын жетілдіру тапсырмалары

«Қолданыстағы құқық» түсінігіне доктриналды (ғылыми) талқылау жасаңыз.


  • Аталған бапта қандай құқықтың қайнар көздері көрсетілген.

  • Көрсетілген бапта НҚА (нормативтік құқықтық актілер) туралы заң иерархиясынан тыс қандай құқықтың қайнар көздері бар?

  • Ол қандай мақсатпен жасалды?

  • 4

    Есеп. Ерлі-зайыптылар ажырасуға өтініш жазды. Олардың кəмелеттік жасқа толмаған қыздарына зақым келтірмеу үшін, əйелі Альфия екінші рет тұрмысқа шықпауы керек деген келісім-шарт жасайды. Келісім-шарт бойынша пəтер əйелінде қалады. Ерлі-зайыптылар бір кəсіпорында жұмыс атқарғандықтан, Талғат жұмыстан шығуы жайлы міндеттеме алады. Ажырасқаннан кейін біраз уақыт өткен соң Альфия басқа адамға тұрмысқа шығады. Талғат сотқа ортақ пəтерді бөлу жайлы талап қояды. Альфия бұрынғы күйеуінің талаптарын қабылдамау жайлы сотқа қарама-қарсы шағым жазады, себебі күйеуі жұмыстан шыққан жоқ болатын.
    Ерлі-зайыптылардың іс-əрекетіне субъективті жəне табиғи құқық тұрғысынан баға беріңіз. Сот қандай шешім қабылдауы керек?

    Талғаттың пəтерді бөлу жайлы талабын қабылдау керек пе, əлде бұрынғы əйелінің дəлелдерін ескере отырып, оның талабын қабылдамау керек пе?



    5

    Есеп. Алматы қаласының нотариалды кеңсесінің біреуінде ҚР азаматшасымен Иран азаматы арасында неке келісім шарты жасалды. Келісім шартта келесідей тармақтар бар: некеге тұрардағы ерлі-зайыптылардың əрқайсысының мүлкі өзінде болдаы;

    • Неке барсында ерлі-зайыптыларда пайда болған мүлік күйеуіне тиесілі болады да, жеке қолданылатын заттарымен күйеуі сыйлаған əшекей бұйымдар əйеліне тиесілі;

    • əйелі үш жыл бойы үйде отыруы, ешқайда шықпауы, отанына кетпеуі керек;

    • əйелі екі жыл бойы бала көтермеуі керек (олардың отбасында əйел бала тууға лайықты ма екенін бақылау);

    • əйелі үй шаруасымен айналысуы қажет (тамақ даярлау,үй жинау жəне т.б.)

    Күйеуі:

    • əйелін асырау;

    • əйеліне қажет киім-кешекпен тұтынуына қажет ақша беру.

    Ажырасқан жағдайда балалар күйеуінің отбасында қалады,ал зайыбы екі жыл бойы тұрмысқа шықпайды. Жасалған неке келісім-шартқа табиғи құқық тұрғысынан баға беріңіз?

    Ерлі-зайыптылардың қандай құқығы бұзылған?

    Ажырасқан жағдайда сот неке келсім-шартын ескеруі қажет пе?

    6

    Есеп. Л.Серікова, жалғызбасты қарт кісі өзінің жазылмайтын ауруы–бүйрек қатерлі ісігі бар екендігін жəне өзінің өткізген химиотерапиялық сеанстарының нəтижесіздігіне байланысты таныс медбикесі Қанатоваға өмірден қиналмай өту үшін көмектесуін сұрайды. Қанатова ол кісіге жаны ашып, оның тамырынан оған өлтіретін дəрі жіберді.

    Нұсқа: Қанатова Серікованың өтінішіне ол пəтерін өсиет етіп қалдырған жағдайда келісемін деп шарт қойған.

    Эвтаназия түсінігінің мағынасын ашыңыз. Эвтаназия қай елдерде бар? Қанатова қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс пе?



    7

    Есеп. Бұқаралық ақпарат бетерінде гендерлік теңдік туралы арнайы заң қабылдау қажет деп əртүрлі пікілер айтылып жүр. Оның мақсаты–əйелдерді қоғамның саяси өміріне қатысуға ынталандыру, əйелдерге еркектермен бірге тең құқықпен мүмкіншіліктер беру, əйелдердің құқықтарын қорғау болып табылады. Қырғызстанда гендерлік теңдік туралы заң бар.

    1. Біздің елімізде осындай заңды қабылдау қажеттілігі бар ма?

    2. Қазақстан Республикасында əйелдерді кемсіту бар ма?

    3. ҚР Конституциясының 12-14 баптарына талдау жасауға назар аударыңыз.

    4. Əйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғау жөнінде қоғаммен мемлекет қандай іс-шараларды жүргізуі керек?

    5. Көбінесе қоғамның қай салаларында əйел құқықтарының бұзылуы жиі байқалады.

    8

    Есеп. Бас Прокуратураның бастамасымен Жоғарғы Солт Қазақстанда 12 ұйымдардың қызметін заңға қайшы (заңсыз) деп танып, сəйкесінше тыйым салды.

    1. Осы аталғанға сəйкес Қазақстанда діни қудалау бар деп негіздеуге болады ма?

    2. Мұндай тыйым салудың мақсаты неде?

    3. Мұндай тыйым салу Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларына сəйкес келеме?



    9

    Есеп. Интернеттің форумында ҚазҰУ-нің қабырғаларында намазхана ашу мəселесі белсенді талқыланды. Бұл мəселелерге құқықтық баға беріңіз, оны Конституциямен байланыстырыңыз, бұл мəселе қалай шешілуі керек?

    10

    Есеп. Академик С.С. Сартаев өзінің «Ар мен дар алдындағы сөз» еңбегінде өлім жазасы туралы мəселені зерттейді. С.С.Сартаев осы мəселе бойынша қандай түйіндер жасайды?

    Өлім жазасын жою жөнінде өзіндік ойыңызды білдіріңіз. Қазіргі таңда Қазақстанда өлім жазасы қолданылады ма?



    11

    Есеп. 11 қазан 2011 жылы Қазақстан Республикасында жаңа «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» заң қабылданды. Аталған заңның басты мақсатын ашыңыз. Аталған заң адамның ар-намысы бостандығына құқықты шектейді ме? Жаһанданудың адам құқығына тигізер əсерін ашыңыз. Адам ұқығын қамтамасыз ету тұрғысынан жаһанданудың оң жəне теріс тұстарын көрсетіңіз.

    12

    Есеп. Атақты қазақ ойшылы Ш.Уалиханов қазақ сот əділдігіне жоғарғы баға берген. Ш.Уалиханов қазақ сот əділдігінің қандай ерекшеліктеріне басты назар аударған? Қазақ сот əділдігінің іргелі қағидаларын ашыңыз. Бұл қағидалар адам құқығын қорғауды қамтамасыз еткен. Қазақ сот əділдігі «ескі түрде» тарихқа «Алтын ғасыр» деген атпен кірген. Аталған қағидаларды қазіргі сот өндірісі жүйесінде қолдану жайлы өзіндік ойыңызды білдіріңіз.

    13

    Есеп. Қазақ əдет құқығындағы əйел құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ететін институттар мен нормалар болған.Соның бірі–əмеңгерлік институты. Осы институтқа сипаттама беріңіз. Бұл институт кімдердің құқықтарын қорғаған? Осы мəселенің оң жəне теріс жақтарын ашыңыз. Аталған институтты қазіргі таңда қолдануға болама?

    14

    Есеп. Академик С.З. Зиманов өзінің мақалаларында ғылыми дəлеледерге сүйене отырып ұзақ тарихи уақыт бойы өзінің мəнін жоғалтпаған қазақ құқығындағы Жеті-Жарғыны негіздейді. С.З. Зимановтың жасаған түйіндерінің мағынасын ашыңыз?

    15

    Есеп. Қазақстанның құқықтық тəжірибесінде кездесетін жағдай. Мемлекеттік коммуналды кəсіпорынның басшысы барлық жұмысшылардың Президентті сайлауға міндетті түрде қатысуы туралы бұйрық шығарады. Жұмысшы сайлауға қатыспаса жұмыстан шығарылуы тиіс. Жұмысшылар бұйрыққа бағынып сайлауға қатысқан. Сайлау өткеннен кейін жұмысшылар заңсыз бұйрық шығарғаны үшін, кəсіпорын басшысын сотқа беріп, одан моральдық залалдың орнын толтыруды талап етті.

    Кəсіпорын басшысының əрекеті заңға сай жасалған ба? Жұмысшылардың əрекеттері құқыққа сай жасалған ба? Жұмысшылардың қандай құқықтары бұзылған? Істі сот қалай шешуі керек? Тəжірибеде сот бұл істі қалай шешті?

    16

    Есеп. Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-бабында: «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы–халық» - деп көрсетілген.

    1. Халық өзінің билігін қалай жүзеге асырады?

    2. Халық атынан билік жүргізуге кімнің құқығы бар?

    3. Аталған белгі қандай саяси режимге сай келеді?

    Қазақстанда қанша рет референдум өткізілді? Референдумда қандай сұрақтар қарастырылды?

    қарастырылды?

    17

    Есеп. 2001жылдың 20-қарашасында Алматы қаласының №1 перзентханасынан жаңа туылған сəби ұрланды. Медеу аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстықкодексінің 125-бабы бойынша–төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланатын–адамды ұрлауға қатысты қылмыстық іс қозғады. Кəмелетке толмаған көрінеу адамға қатысты дəл осы əрекет–мүлкін тəркілеп немесе онсыз жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазланады.

    Ананың құқықтары бұзылды ма? Кімнің құқықтары бұзылды? Жаңа туылған сəбиді ұрлаған субъектіге қатысты санкцияның қай түрі қолданылуы мүмкін? Осы жағдайға қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.

    18

    Есеп. Жол полициясының қызметкері тиісті емес жерден өткені үшін жол қозғалысының қатысушысын ұстап, оған хаттама толтырып əкімшілік айыппұл тағайындады.

    Жол полициясы қызметкерінің əрекеті құқықты жүзеге асырудың қай түріне жатады? Полиция қызметкерінің əрекеті құқыққа сай ма? Полиция қызметкері құқық қолдану субъектісі болып табылады ма? Хаттама құқық қолдану актісі болып табылады ма? Құқық қолдану актісі қандай құрамдас бөліктерден тұрады?

    19

    Есеп. Жергілікті əкімшілік шешімімен Ахметованың некеге тұру жасы 17-ге дейін төмендетілген, одан кейін ол Болатовпен некеге тұрды. Басқа ауылда тұратын күйеуінің үйіне көшуіне байланысты ол өсиет бойынша қалдырылған үйін сатуды шешеді. Ауылдастары оның үйін тұрақты тұру үшін сатып алғысы келмегендіктен, ол көршінің бірі Нұғмановпен үйді бұзу үшін бес мың АҚШ долларына эквивалентті сомаға сатуға келіскен. Осы жағдайды білген Ахметованың ата-анасы бағаның өте төмендігіне байланысты осы мəміленің жасалуына қарсылығын білдірді. Олардың ойынша, үйді бұзу үшін сатпау керек еді, себебі үйдің жай-күйі жақсы жəне олар одан да үлкен сомаға сатып алатын адамды тауып қойған. Оған Ахметова Нұғмановпен жасалған мəмілені өзгертуге не бұзуға ниеті жоқ деп жауап берді. Ахметованың ата-анасы сотқа олардың қызы кəмелеттік жасқа толмағандығын негізге ала отырып, Нұғмановпен жасалған мəмілені жарамсыз деп тануға арыз жазды.

    Ахметованың құқықтары бұзылған ба? Сот қандай шешім қабылдауы тиіс? Құқық жəне əрекет қабілеттіліктің мағынасын ашып беріңіз.



    20

    Есеп. «Отбасының, жекеменшіктің жəне мемлекеттің пайда болу» атты шығармада үш ежелгі мемлекеттің негізінде мемлекеттің пайда болуының үш жолы қарастырылды.

    1. Аталған шығарманың авторын атаңыз. Аталған шығарма қандай ғылыми еңбек негізінде жазылған?

    2. Мемлекеттің пайда болуының үш тəсілін жəне себебін ашып көрсетіңіз. Əр мемлекеттің жалпылығын жəне ерекшелігін табыңыз.

    Көшпелі халық үшін мемлекеттің пайда болуының ерекшеліктері? Аталған шығармаға сəйкес көшпелі халық пен отырықшы халықта мемлекеттердің пайда болу себептерін салыстырыңыз.

    21

    Есеп. Бүгінгі күні Қазақстанда құқық бұзушылықтармен жалпылай құқықтық нигилизм кең өріс алуда.

    1. Құқықтық нигилизм өсуінің себептерін ашыңыз.

    1. Құқықтық нигилизмнің қай нысаны қоғам үшін ең қауіпті болып табылады? Не үшін?

    2. Құқықтық нигилизмді көп заңдарды қабылдау арқылы жоюға болады ма?

    3. Құқықтық нигилизмді жою туралы өз пікіріңізді білдіріңіз.

    22

    Есеп. Құқық– қоғамдық қатынастарды басқа реттеуші құралдармен салыстырғанда ең тиімді реттеуші құрал.

    1. Құқықтың қандай белгілері оған дəлел бола алады?

    2. Қоғамдық қатынастарды реттеуде қандай салаларда құқықтық емес құралдар тиімдірек болады?

    3. Құқықтың араласуы əр қашанда міндетті ме?

    23

    Есеп. Құқықтық тəрбие жөніндегі пікірталас барысында құқықтық тəрбие мен мемлекет, мектеп, жоғары оқу орындары, еңбек ұжымдары айналысуы керек деген пікір айтылды.

    1. Құқықтық тəрбиенің қандай субъектісі аталмай кетті?

    2. Қандай əдіс кəмелетке толмағандардың құқықтық санасына көбірек ықпал тигізеді?

    3. Құқықтық тəрбие жөнінде өз пікіріңізді білдіріңіз. Біздің еліміздегі құқықтық тəрбие жұмысына баға беріңіз.

    24

    Есеп. Ата-аналарының қайтыс болуынан кейін олардың кəмелетке толған жəне ата-анасынан бөлек тұрған төрт баласына Алматы қаласында орналасқан тұрғын үй мұрагерлікпен берілуі тисті болды. Үш мұрагері үйді сатқысы келеді, ал біреуі оған өз келісімін бермейді.

    1. Бұл жағдайда құқықтық қатынастың қай түрі пайда болады?

    2. Құқықтық қатынастың пайда болуының алғышарттарын белгілеңіз.

    3. Құқықтық қатынас элементтерін көрсетіңіз.

    4. Аталған құқықтық қатынас қандай заңды факт негізінде туындап отыр?

    5. Аталған істі қарастыру барысында сот қандай құқықтың қайнар көздерін негізге алады? Сот прецедентін немесе нормативтік құқықтық актілерді ме?

    25

    Есеп. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабының 3-тармағында: «Кəмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті» деп айтылған.

    Аталған құқықтық норманың құрылымдық элементтерін көрсетіңіз. Құқықтық норманың элементтері қандай түрге жатады? Берілген құқықтық нормаға талдау жасаңыз:

    А) құқықтық реттелу пəні бойынша;

    Ə) заңды күші бойынша;

    Б) мазмұнындағы нұсқама сипаты бойынша;



    В) норма таралатын субъектілері бойынша;

    Г) құқықтық норманың кеңестікте қолданылуы бойынша;

    Ғ) диспозиция бойынша.

    Аталған норма диспозицияның қай түріне жатады–анықталған, анықталмаған, салыстырмалы анықталған, міндеттейтін, құқық беретін немесе тыйым салатын?


    26

    Есеп. М. азаматы жоғары оқу орнына түсіп, студент болды.

    1. Аталған құқықтық қатынастың алғы шарттарын жəне ерекшеліктерін атаңыз.

    2. Құқықтық қатынастың элементтерін ашып көрсетіңіз.

    3. Құқықтық қатынастың субъектілерін анықтаңыз, құқықтық қатынас түрі, аталған құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктерін ашыңыз?

    4. Аталған құқықтық қатынастың объектісі мен мазмұнын көрсетіңіз.

    5. Аталған құқықтық қатынас басталатын заңды фактіні анықтаңыз.

    27

    Есеп. Құқық қолдану актілері бірнеше бөлімдерден тұрады. Осы бөлімдердің мағынасын ашып көрсетіңіз:

    Кіріспе бөлім

    Сипаттама бөлімі



    Дəлелдеу бөлімі

    Қарар бөлімі

    Қорытынды бөлімі (болуымүмкін)

    Осы бөлімдерге сүйене отырып, жұмысқа қабылдау жөнінде бұйрық шығарыңыз.

    28

    Есеп. Жастар заңды некеге тұруды шешіп, АХАЖ органдарына жүгінді. Аталған құқықтық қатынастың алғышарттарымен ерекшеліктерін көрсетіңіз.

    1. Құқықтық қатынас элементтерін ашып көрсетіңіз.

    2. Құқықтық қатынастың субъектілерін, түрлерін анықтаңыз?

    3. Аталған құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтық жағдайының

    ерекшеліктерін ашыңыз?

    4. Аталған құқықтық қатынас қандай заңдармен реттеледі?



    5. Аталған құқықтық қатынастың объектісі мен мазмұнын көрсетіңіз.

    6. Аталған құқықтық қатынас басталатын заңды фактіні анықтаңыз.

    30

    Есеп. Шаштараз клиентімен сол шаштаразда жұмыс істейтін мастері арасындағы құқықтық қатынасқа құқықтық талдау жасаңыз.

    1. Құқықтық қатынас элементтерін ашып көрсетіңіз.

    2. Аталған құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктерін ашыңыз.

    3. Аталған құқықтық қатынас қандай заңдармен реттеледі?

    4. Аталған құқықтық қатынастың объектісі мен мазмұнын көрсетіңіз.

    5. Аталған құқықтық қатынас басталатын заңды фактіні анықтаңыз.



    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет