Құқықтың пайдаболуының әлеуметтік теориясы– ХХ ғасырда қалыптасты. Оның өкілдері: Эрлих, Женни. Олар құқық пен заңды бөлек қарастырады. Құқық табиғи құқықпен заңнан көрінбейді. Ол заңды іске асудан көрінеді. Құқық – бұл заңи әрекеттерді, заңи практиканы, құқық-тық тәртіпті түсіндіреді.Олардың айтуынша, құқық – бұл құқықтық қатынас, субъективтің нақты әрекеті. Осыдан, олар құқықты тірі құқық деп атады. Бұндай тірі құқықты сот қызметінде судья жүзеге асырады. Олар заңдарды құқықпен толықтырады, тиісті шешім шығарады және құқық шығармашылықтың субъектісі болады.