1.2 Құқықтың пайда болуы және қайнар көздері
Мемлекетке дейінгі кезеңдегі нормаларға жалпы сипаттама. Мемлекетке дейінгі əлеуметтік нормалардың ерекшелігі болып олардың адамдардың күнделікті өміріне сіңе отырып рудың, тайпаның əлеуметтік-экономикалық біртұтастығын көрсетуі жəне қамтамасыз етуі табылды.
____________________
3 Сапарғалиев Ғ., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. - Астана: Фолиант, 2007. - 336 б. 90 бет
4 Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы.- Алматы. 2006. 20 бет
Бұл еңбек құралдарының жетілмегендігімен, оның өндіру деңгейінің төмендігімен байланысты болды. Осыдан барып бірлесіп өмір сүру, қоғамдық меншікті қалыптастыру, өнімдерді теңдік негізінде бөлу қажеттігі туындады, ал бұл жағдай, өз кезегінде, алғашқы қауымдық қоғам нормаларының табиғатына əсерін тигізді.
Мемлекетке дейінгі кезеңде болған нормалардың белгілері:
1) алғашқы қауымдық қоғамдағы қарым-қатынастар ең алдымен əдет-ғұрып нормаларымен, яғни, ұзақ уақыт бойы қолдану нəтижесінде əдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелерімен реттелген;
2) жазбаша нысандағы көрінісі болмастан, адамдардың жүріс-тұрысы мен санасында өмір сүрген;
3) əдеттің, сонымен қатар, сендіру жəне мəжбүрлеу (рудан қуу) шараларымен қамтамасыз етілген;
4) оларда негізгі реттеу тəсілі болып тыйым (табулар жүйесі, құқықтар мен міндеттердің болмауы) табылған;
5) олар ру мен тайпаның барлық мүшелерінің мүдделерін білдірген.
Құқықтың пайда болуының ерекшеліктерін айтар болсақ, құқық əлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірге пайда болады, себебі, көп жағдайда олар бір-бірінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің құқықсыз өмір сүре алмайтыны секілді, құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды: құқық мемлекеттегі саяси билікті ұйымдастырса, мемлекет заң нормаларын орнықтырады, қолданады жəне оларға кепілдік береді.
Құқық тарихи тұрғыда таптық құбылыс ретінде пайда болып, ең алдымен, экономикалық үстемдік құрушы таптардың еркі мен мүдделерін білдірді. Егер əдет-ғұрыптар адамдардың санасы мен жүріс-тұрысында бекітілсе, құқықтық нормалар жалпыға мəлім болу мақсатында жазбаша рəсімделе басталды. Құқықтың пайда болуы – əлеуметтік байланыстардың күрделенуінің, қоғамдағы қарама-қайшылықтардың таралуын əлеуметтік нормалардың реттей алмауының салдары.
Құқықтық нормалар негізгі үш жолмен қалыптасты:
1) мононормалардың (алғашқы қауымдық əдет-ғұрыптардың) əдет құқығының нормаларына айналуы жəне осыған байланысты оларды мемлекеттің санкциялауы;
2) құқық нормаларынан құралған арнайы құжаттарды – нормативтік актілерді – шығарудан көрініс тапқан мемлекеттің құқықшығармашылық қызметі;
3) сот жəне əкімшілік органдарымен қабылданатын нақты шешімдерден құралған жəне басқа да ұқсас істерді шешуде үлгілік сипатты иеленетін прецеденттік құқық.
Құқықтың түсінігі жəне белгілеріне тоқталсақ, құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын жəне қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқықтың белгілері:
1) еріктілік сипаты;
2) жалпыға міндеттілігі;
3) нормативтілігі;
4) мемлекетпен байланысы;
5) формальды анықталғандығы;
6) жүйелілігі.
Құқықтың мақсаттары болады. Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты қоғамдағы бостандықты нормативтік тəртіпте қамтамасыз етуінен жəне кепілдеуінен, əділеттілікті қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен кетушіліктерді жоя отырып, қоғамдағы экономикалық жəне рухани факторлардың əрекет етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.
Құқықтың құндылығы – бұл құқықтың азаматтардың жəне жалпы қоғамның əлеуметтік əділетті қажеттіктері мен мүдделерін қамтамасыз ету құралы мен мақсаты ретінде қызмет ете алу қабілеті. Құқықтың əлеуметтік құндылығының төмендегідей негізгі көріністерін атап өтуге болады:
1) құқық адамдардың əрекеттеріне ұйымдастырушылықты, тұрақтылықты, үйлесімділікті дарыта отырып, олардың бақылануын қамтамасыз етеді, осы арқылы ол қоғамдық қатынастарға реттеушілік элементін енгізе отырып, оларды өркениетті құбылысқа айналдырады;
2) құқық тұлғалардың ерекше мүдделерін үйлестіру арқылы олардың жүріс-тұрысы мен қызметіне əсерін тигізеді, яғни, құқық жеке мүдделерді басып-жаншымайды, керісінше, оны қоғамдық мүддемен үйлестіреді;
3) құқық тұлғаның қоғамдағы бостандығын көрсетуші жəне анықтаушы болып табылады жəне осы бостандықтың шегін, шамасын анықтайды;
4) құқық əділеттілік идеясын көрсету қабілетіне ие, яғни, құқық материалдық игіліктердің дұрыс жəне əділетті бөлінуінің талаптарын орнықтырады, барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігін бекітеді;
5) құқық қоғамдық дамудың тарихи кезектілігіне сəйкес қоғам-ның жаңаруының қайнар көзі болып табылады; əсіресе, оның құндылығы тоталитарлық режимдердің құлауы мен жаңа нарықтық механизмдердің бекітілуі жағдайларында өсе түседі;
6) құқықтық тəсілдер халықаралық жəне ұлтаралық сипаттағы мəселелерді шешудің негізі жəне жалғыз құралы болып табылады.
Құқықтың мəні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеуден,нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете отырып, демократияның, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге асырылуынан көрінеді.
Құқықтың мəнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:
1) формальдық – кез-келген құқықтың ең алдымен реттеуші екендігі;
2) мазмұндық – осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.
Құқықтың мəнін түсінуде келесі тəсілдерді бөліп атауға болады:
- таптық, бұның шегінде құқық экономикалық үстемдік құрушы таптың заңда көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін, мемлекетпен кепілденген заң нормаларының жүйесі ретінде анықталады;
- жалпыəлеуметтік, бұның шегінде құқық қоғамдағы əртүрлі таптардың, əлеуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі ретінде қарастырылады.
Құқықтың объективтік жəне субъективтік мағынадағы түсінігі. Табиғи құқық. Позитивтік құқық. Бұқаралық жəне жеке құқық. Объективтік құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын жəне қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. Объективтік құқық – бұл нақты бір мемлекеттегі белгілі бір кезеңдегі заңнама, заң əдеттері, заңды прецеденттер жəне нормативтік шарттар. Оның объективтілігі жеке тұлғаның еркі мен санасынан тəуелсіз болып, оған тиесілі болмауынан көрініс табады.
Субъективтік құқық – бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, заңды мүмкін жүріс-тұрыстың шамасы. Субъективтік құқықтар ретінде адамның нақты құқықтарын (еңбек етуге, білім алуға жəне т.б. құқық) атауға болады, олардың субъективтілігі тұлғамен байланыстылығынан, оған тиесілігінен жəне оның санасы мен еркінен тəуелділігінен көрінеді. [5]
Заңды мағынадағы құқықпен (объективтік жəне субъективтік құқықтар) қатар табиғи құқық та болады, ол өмір сүруге, бостандыққа жəне т.б. құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтың қатарына жататын құқықтар бір жерде бектілген-бектілмегеніне қарамастан өмір сүреді, олар өмірдің өзінен тікелей туындайды.
Табиғи құқыққа қарағанда заңды мағынадағы құқық (объективтік жəне субъективтік құқық) позитивтік құқық ретінде көрініс табады, яғни, олар заңдар мен басқа да қайнар көздерде бекітілген.
Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары:
а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар–заңшығарушылар, соттар, құқық субъектілер қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығының, мақсатты ерікті қызметінің нəтижесі болып табылады;
ə) ол заңдар немесе басқа да қайнар көздер түрінде, яғни, жай ой, идея түрінде ғана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ретінде өмір сүреді.
Құқықтың пайда болу кезінен бері жəне оның дамуы барысында оның бір мезетте əрі қарама-қайшы, əрі өзара байланысқан екі жағы анықталды. Бірінші жағы – бұқаралық-құқықтық жағы, екінші жағы – жеке-құқықтық жағы.
Бұқаралық құқық – бұл мемлекеттік істер саласы, яғни, билік пен бағыныстылық қатынастарына негізделген мемлекеттің бұқаралық билік ретіндегі жəне барлық бұқаралық институттардың құрылымы жəне қызметі.
Жеке құқық – бұл жеке істер саласы, яғни, дербестік, субъектілердің заңды теңдігі бастамаларына негізделген еркін тұлға, институттар мəртебесі.
__________________
5 Cәкен Өзбекұлы, Ө. Қопабаев. Мемлекет және құқық теориясы, 42 бет
Құқықтың түсінігіне кірген аса маңызды белгілерінің бірі болып оның мемлекетпен тығыз байланысы табылады. Бұл белгі мыналардан көрініс табады:
1) мемлекет құқықты ресми түрде орнықтырып, оның орын-далуын мемлекеттік мəжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді;
2) құқық мемлекеттік еріктің нормативтік көрінісі бола тұра, қоғамдық қатынастарды таптық, жалпы əлеуметтік жəне басқа да мүдделерге сəйкес реттейді;
3) құқық жалпыға міндетті сипатқа ие, бұл оның ерекше əлеу-меттік реттеуші, заңды жəне заңсыз əрекеттерді өлшеуші ретінде көрініс табуына мүмкіндік береді.
4) басқа əлеуметтік нормаларға қарағанда құқықтың реттеушілік рөлінің ерекшелігі оның нормаларының өкілдік-міндеттеуші мазмұнымен байланысты.
Құқықтың қайнар көздері- бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының мемлекет мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық нысандары, оларға заңды, жалпыға міндтті мағына беру. Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тән, оларды мемлекет таниды; бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдауын қамтамасыз етеді.
Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі:
1. Құқықшығармашылық жол арқылы; бұл жағдайда нормативтік құжаттрды құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни ікелей мемлекет шығарады.
2. Санкциялау жолы арқылы; бұл жағдайда мемлекеттік органдар белгілі бір түрде әлеуметтік нормаларды (әдет-ғұрып, корпоративтік нормалар) қолдап, оларға заңды күш береді.
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
1. Нормативтік заң актілер- бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормалардан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжат. Оларға Конституция, заңдар мен заңға сәйкес актілер жатады.
2. Санкцияланған әдет-нормалары- бұл адамдардың санасынан орын алған және көп ет қолданылуының нәтежиесінде әдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережлеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән бріп, оларды орындауды өзінің мәжбүрлеу күші арқылы кепілденуі. Әдет-ғұрып нормаларна заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі:
А) нормативтік актілерде әдет нормаларына сілтеме жасау арқылы;
Б) оларды сот шешімдеріде және басқа да мемлекет органдар актілерінде іс жүзінде тану арқылы.
3. Заңды прецедент- бұл ұқсас істерді шешуде басшлыққа алгатын және жапыға міндетті заңды мағына иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе әкімшілік шешім.
4. Нормативтік шарт- бұл екі немесе одан да көп субъектілердің жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған келісімі.
5. Құқықтың жалпы қағидалары- бұл құқықтық жүйенің негізгі бастамалары. Мысалы, заңнамалық норма, міндетті прецедент немесе әдет нормасы болмаған жағдайда заңгерлер әділеттік ар-ождан, құқықтың әлеуметтік бағыттылық қағидаларына негізделуі мүмкін. (Грецияның, Испанияның, Ауғаныстанның Азаматтық кодекстері).
6. Діни мәтіндер- бұлар,әсіресе мұсылмандық құқыққа тән. Ең алдымен, бұл Құран мен Сүннет. Құран- бұл Алланың сөздері, өсиеттері және ақылдарының жиынтығы түріндегі қасиетті кітап. Сүннет- бұл Мұхаммед Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ. [6]
Құқықтың қағидаларының түсінігі жəне түрлері. Құқықтың қағидалары – бұл құқытың ерекше əлеуметтік реттеуші ретіндегі мəнін көрсететін негізгі бастамалар, ережелер, идеялар. Олар құқықтың заңдылығын, табиғатын жəне əлеуметтік мəнін көрсетеді жəне заңдардың өзінде тікелей көрініс тапқан немесе олардың мəнінен туындайтын жүріс-тұрыс ережелері болып табылады. Таралу саласына қарай жалпы құқықтық, салааралық жəне салалық қағидаларды бөліп қарастырады.
Жалпы құқықтық қағидалар барлық құқық салаларында күшке ие болып келеді. Оларға мына қағидалар жатады:
- əділеттілік;
- азаматтардың заң мен сот алдындағы заңды теңдігі;
- ізгілік (гуманизм);
- демократиялық;
- құқықтар мен міндеттердің біртұтастығы;
- сендіру мен мəжбүрлеуді үйлестіру.
Салааралық қағидалар бірнеше құқық саласының ерекше мəнді белгілерін сипаттайды. Олардың арасынан жарыспалылық жəне сот өндірісінің жариялылығы жəне т.б. қағидаларды бөліп атауға болады.
Салалық қағидалар тек бір саланың шеңберінде ғана əрекет етеді. Мысалы, азаматтық құқықта – мүліктік қатынастардағы тараптардың теңдігі қағидасы; қылмыстық құқықта – кінəсіздік презумпциясы.
Құқық қағидалары қоғамдық қатынастарды реттеуге қатысады, себебі, олар құқықтық əсер етудің жалпы бағыттарын анықтап қана қоймай, нақты бір іс бойынша шешімнің негіздемесіне де енуі мүмкін.
Құқықтың функцияларының түсінігі жəне түрлеріне тоқталатын болсақ, құқықтың функциялары – бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін, құқықтық əсер етудің негізгі бағыттары.
Құқықтың функцияларын түрлерге бөлудің негізінде жатқан екі жақты шартты түрде бөліп қарастыруға болады:
1) сыртқы жақ, бұған сəйкес құқықтың əлеуметтік функциялары анықталады, олар: экономикалық (құқық өндірістік қатынастарды реттейді,
______________________
6 Cәкен Өзбекұлы, Ө. Қопабаев. Мемлекет және құқық теориясы, 2006. 80 бет
меншік нысанын бекітеді жəне т.б.), саяси (құқық саяси қатынастарды, саяси жүйе субъектілерінің қызметін реттей-ді жəне т.б.), тəрбиелік (құқық белгілі бір идеологияны көрсетеді, тұлғаларға арнайы педагогикалық əсер етеді жəне т.б.) функциялар.
2) ішкі жақ, бұл құқықтың табиғатынан туындайды, олар – реттеуші жəне қорғаушы функциялар.
Реттеуші функция – бұл позитивтік жүріс-тұрыс ережелерін орынқтырудан, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне сəйкес қатынастарды дамытуға жəрдем беру мақсатында құқық субъектілеріне субъективтік құқықтар беруден жəне заңды міндеттер жүктеуден көрініс табатын, құқықтық əсер етудің əлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.
Бұл функцияның шеңберінде оның екі түрін бөліп қарастырады: реттеуші статистикалық жəне реттеуші динамикалық функциялар.
Реттеуші статистикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға оларды белгілі бір құқықтық инстиуттарда бекіту жолымен əсер етуінен көрінеді. Статистикалық функцияны жүзеге асыруда конституцияда бекітілген саяси құқықтар мен бостандықтар институты ерекше мəнге ие.
Реттеуші динамикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға құқық субъектілерінің белсенді жүріс-тұрысын қамтамасыз ету жолымен əсер етуінен көрінеді. Ол азаматтық, əкімшілік, еңбек құқығының институттарынан көрініс табады.
Қорғаушы функция – бұл ерекше маңызды экономикалық, саяси, ұлттық жəне жеке қатынастарды қорғауға, заңды қорғау мен заңды жауапкершіліктің шамасын, оларды жүктеу мен орындаудың тəртібін орнықтыруға бағытталған құқықтық əсер етудің əлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты. [7]
Достарыңызбен бөлісу: |