Мемлекет және қҰҚЫҚ туралы жалпы түсініік



бет1/8
Дата16.10.2023
өлшемі192 Kb.
#185767
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-97027





МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...............................................................................................................3



  1. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІІК..................5

1.1 Мемлекеттің шығу тегі, белгілері................................................................5
1.2 Құқықтың пайда болуы және қайнар көздері ...........................................9
1.3 Мемлекет пен құқықтың арақатынасы......................................................15



  1. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ.............16

    1. Қазақстанда құқықтық мемлекет қоғамының қалыптасуы.....................16

2.2 Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылу.....................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................28




КІРІСПЕ


Тақырыптың өзектілігі. Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірдей пайда болды, көп жағдайда олар, бір-бірінің тиімді әрекеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті. Мемлекет құқықсыз, сол сияқты құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды. Мемлекет заңды нормаларды белгілейді, қолданады, кепілдік береді. Тек мемлекет органдарға ғана құқықтық ұйғарымның орындалуын тексереді, орындалмаса соған сай заңды жаза қолданады.
Құқықтың нысанына, құқықтық нормалардың көріністерін бекіту жолдары жатады. «Құқықтың шығу жолдары», заңды нормалардың сыртқы көрініс нысандарын белгілеу үшін қолданылатын арнайы құқықтық атау.
Құқықтық негізгі нысандарына мыналар жатады: құқықтық әдет-ғұрып, заңды прецедент, нормативтік-құқықтық акт.
Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары – бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады: құқықтық жəне ұйымдастырушылық нысандар.
Құқықтық нысандарға мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық – бұл нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға қатысты қызмет;
ə) құқыққолданушы – бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты қызмет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы əртүрлі мəселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс;
б) құқыққорғаушы – бұл адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға жəне кінəлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға жəне т.б. байланысты қызмет.
Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады:
а) ұйымдастырушылық-реттеуші – бұл белгілі бір құрылымдар-дың құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т.б. байланысты мемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;
ə) ұйымдастырушылық-шаруашылық – бұл бухгалтерлік есеппен, статистикамен, қамтамасыз етумен т.б. байланысты жедел-техникалық жəне шаруашылық жұмыс;
б) ұйымдастырушылық-идеологиялық – бұл жаңадан қабылданған нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен жəне т.б. байланысты мемлекеттің əртүрлі функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тəрбие жұмысы.
Тақырыптың мақсаты- мемлекет пен құқық арақатынасының түсінігі мен қағидаларын және мазмұнын зерттеп, оның мазмұны мен мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін, мәліинттер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру.
Курстық жұмыстың міндеті:

  • Құқық пен мемлекет арақатынасын көрсету;

  • Мемлекет пен құқықтың тарихын зерттеу;

  • Мемлекет пен құқықтың қағидаларын қарастыру;

  • Құқық пен мемлекеттің түрлерін анықтау;

  • Мемлекет пен құқықтың ерекшеліктеріне тоқталу.

Зерттеу нысаны: Мемлекет пен құқық арақатынасының түсінігі, қағидалары, мазмұны.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.
Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі: қарастырылып отырған тақырыпқа байланысты әртүрлі нысандағы мәліметтер қолданылған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет