Мемлекет және қҰҚЫҚ туралы жалпы түсініік


«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам



бет6/8
Дата16.10.2023
өлшемі192 Kb.
#185767
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-97027

«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасы Қазақстанның әлеу­меттік жаңғыртылуының ұзақ мерзімді бағдарларын белгілеп берді. «Бүгінде Әлеуметтік жаңғыртудың мақсаттары мен мәні қоғамды жаңа индустриялық-инновациялық экономика жағдайындағы өмірге дайындаудан, Қазақстанның үдемелі экономикалық дамуы мен қоғамдық игіліктермен кең көлемді қамтамасыз ету арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті табудан, құқық пен әді­леттілік қағидаттарына негізделген әлеуметтік қатынастарды бекітуден тұрады. Осыған орай әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік өрлеуге бағытталған Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам атты тапсырмалар жиынтығы анықталған. Мұнда күн тәртібінде келесі бағыттарда бес мәселе бар. Олардың біріншісі– әлеуметтік заңнаманың жаңартылуы, екіншісі–әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді үлгісінің қалыптастырылуы, үшіншісі – қазақстандықтардың өмір сүру сапасының жоғары стандарттарының қамтамасыз етілуі, бұған еңбекке қатыстылықты тиянақты ету, төртіншісі –әлеуметтік жаңғыртудың ақпараттық-мәдени бөлігін дамыту, бесіншісі – әлеуметтік үдерістерді мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру. Ал осы бес бағыттағы 20 тапсырманың орындалуы бес басты қағидаттардың, атап айтқанда, эволюциялық, ортақ жауапкершілік, әріптестік қатысу, ынталандыру және кәсібилік талаптар негізге алынып, іске асырылады. Шын мәнінде, Президенттің Үкіметке берген тапсырмалары осы шарттарды жасауға бағытталған. Әр тапсырманың орындалуының жолдары нақты, жүйелі көрсетілген.


Ел болашағының басты бағытын түзеген 20 кешенді бағдарламалық тапсырманың әрқайсысы және тұтастай алғанда барлығы да әрбір отандасымыздың көкейтесті мәселесі деп атауға бо­лады. Сонымен бірге бұл жолдау бүкіл қазақстандықтарды қоғамда шынымен орын алып отырған біреудің есебінен күн көретін масылдық пен әлеуметтік инфантилизмді еңсеріп, еңбек қызметі мен игілікке ұмтылуға шақырады. Елбасы халқымызға жаңа идеологияны – «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын» құру идеясын ұсын­ды. Ол тұтынушылық сананың зияны туралы баса айтты. Дамыған елдердің өзі осындай ой-сана мен өмір салтының кесірінен қазіргі күні дағдарыс күндерін бастан өткізіп жатыр. Қазақстан дағдарысты айналып өту үшін де Президент идеясына ден қоюы керек. Бұл идеяның мазмұны және мағыналық жүктемесі жағынан алғанда ұлттық тренд деп атауға тұрарлық. Біздің әлеуметтік жаңғырту саясатының негізіне шынайы өндірістік еңбек қойылатын болды. «Бүгінде еңбек – ХХ1 ғасыр жағдайындағы шешуші ұлттық фактор». Шындық біреу: болашақта тек еңбек қана барлық қазақстандықтардың әл-ауқатқа және жаңа өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ете алады. Бабалар аманаты да осы. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп адал еңбек насихатталды емес пе? Данышпан Абай: «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын» деді емес пе? Біз жолын қуған Алаш қайраткерлері де Абайды оқып, Абайды анық ұстаз тұтты. Еңбекпен қоса білімнің күш-қуатын насихаттаған ойшыл Абайдың үндеуін Алаш зиялылары ұлттық идея дәрежесіне көтерді. Бүгінде бабаларымыз аңсаған еңселі ел болудың жалғыз жолы да – еселі еңбек. Біздің мемлекетіміз ендігі жерде азаматтарының жақсы өмір сүруіне донор есебінде емес, әріптес ретінде жағдай жасамақ. Бағдарламада еңбекті, еңбек адамын қорғауға маңыз беріліп отыр. Елімізге еңбек пен білімнің абыройын, құрметін қайтару керек. Еңбек еш болған жерде теңдік жоқ, әділдік жоқ. Әділеттілік жоқ жерде менің Конституциям мені қорғайды деген кеудені кернейтін Ата Заңды сыйлаугершілік сезімге бой алдыру қиын.
Елбасы осы сөзінде «Бұл орайда, мен әрбір қазақстандық өзінен бастауы керек. Өз үйінен, өз қаласынан, ауылынан бастауы, өзінің денсаулығы мен өмір салты туралы ойлануы керек екенін баса айтқым келеді. Мұнсыз ешқандай жаңа өмір сапасы орнамақ емес» дей келіп, әлеуметтік үлгі-қалыптың өлшемдерін орындау үшін отандық бизнестің ғана емес, Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік бизнестің жауапкершілігін арттыру қажеттігін алға тартады. Елде орта таптың қалыптасуына қолайлы жағдай жасалмақ. Орта тапқа орта және шағын бизнес өкілдері, кәсіпкерлер де кіреді. Бизнестің жазылмаған заңы бойынша оның иесі тек өзіне, біліктілігі мен кәсіби деңгейіне, қажыр-қа­ратына сенуге тиіс. Тек сонда ғана ол тиісті нәтиже бере алады. Әрі өмір сүрудің белгілі бір үлгі қалыптарын орнықтыруға да қажетті фактор қалыптастырады. Сонымен бірге, Президент Нұрсұлтан Назарбаев өмір сапасының қазақстандық үлгі-қалыбы барлық жерде – ірі қалалармен бірге алыстағы ауылдарда орындалуы қажет екендігі жөнінде тиісті міндеттер қойды. Қазақта білімді мыңды жығады деген сөз бар, ал ақпараттық технолгияның өркендеген жағдайында білімнің алатын орнын ештеңемен салыстыруға болмаса керек. Енді өзіміздің біліміміз бен өндірістің арасындағы байланысты тиімділікпен жақсарта білуіміз керек. Біздің адамдарымыздың, кеңес кезіндегідей, өндірістің жәй ғана тетігі саналмай, бизнестің аса маңызды бөлігі болуына барлық қабілеттері бар. Осындай жолға дамыған елдер баяғыда-ақ көшіп алды. Қазақстан олардағы тәжірибенің ең озық деген үлгілерін екшеп, қабылдап алуы тиіс және өзінің дербес технологияларын жасауы керек. Жалпы бизнестің әлеуметтік жаңғыртуға елеулі үлес қосуы қажеттілігі туралы Елбасының баса айтуы кәсіпкерлердің, шағын және орта бизнестің партиясы саналатын біздің партияға да тікелей қатысты. Біздің филиалдардың басым көпшілігін бизнес өкілдері басқарып отыр. Бірқатар облыстарда жергілікті мәслихаттарда ақжолдық депутаттарымыз бар. Менімше аймақтағы жұмыс екі бағытта, бірінші өңірлерде әкімдер инфляцияны толық ауыздықтауы үшін күресіп, екінші бағытта әр­кімнің еңбекпен қамтылуын қадағалауы, тіпті ұйымдастыруы тиіс. Мұны айтып отырған себебім: енді бәрі атқарушы биліктің білім білігіне, Президент тапсырмаларын орындау деңгейіне тікелей байланысты. Байқасаңыздар, Президент өзінің Жолдауын жүзеге асу қарқыны мен сапасына көңілі толмайтынын тура айтып қалды. Осы жағдай, мүмкін, мақаладағы тапсырмалардың нақты болуының себебі де болған шығар. Президенттің тапсырмалары ешкім бұлтарып кетпейтіндей тап-тұйнақтай етіп берілген. Бірақ, мұнда тек биліктің жауаптылығы ғана емес, екінші жақ – бұқараның да жауаптылығы көзделген. Әрбір азамат өзі және өзінің асырауындағылар үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғам мен мемлекет үшін жауапты екенін түсінуі басты қажеттілік. Ендігі жерде билік пен бұхара алға бірге жылжуы қажет. Демек, ұлтты жаңа қоғам жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуді, әсіресе жас ұрпақтың – жас азаматтардың тәрбиесін ең бірінші қолға алу керек. Бұл идеологиялық, қоғамдық-саяси мәні зор іс. Сондықтан да филиалдар жетекшілері осы төңіректе қатты ойланып, өңірлерде қоғам өміріне белсене араласып, тиісті шаралар қабылдап, іске асыруы қажет.
Адам – елдің басты байлығы. Жеке адамдарды тұлға деп қарамай, тек қана тұрғын деп санау қателік. Біз осы ұғымның мәнін өзгертуіміз керек. Біздің елдің әр тұрғыны бірінші кезекте үлкен әріппен жазылатын азамат. Әр адам өзін осылай сезінуі керек, өйткені, азамат – мемлекеттіліктің негізі. Тек өзін еркін сезінетін және жауапкершілігі бар азаматтар ғана елді ерікті, ал билікті жауапты ете алады. Қазіргі кезде адамдардың дамуына айрықша мән беріп отырған мемлекеттер сол арқылы зор тиімділікке қол жеткізіп отыр. Президент әлеуметтік дүбаралыққа жол бермеу және өмір сапасын ұдайы арттыру үшін әлеуметтік үлгі-қалыптар мен кепілдіктер туралы заңнама жасауды ұсынды. Ақжолдық депутаттардың партияның сайлауалды тұғырнамасында көрсетілген өмір сапасының негізделген ең аз өлшемдері мен көрсеткіштері, жалақының, зейнетақы мен жәрдемақылардың деңгейі, кепілді медициналық қызметтің ауқымы, әр тұрғынға шаққандағы төменгі тұтыну кәрзеңкесін қалыптастыру туралы, мүмкіндігі шектеулі (мүгедек) адамдардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету бағытындағы ұсыныстарын заңға енгізуге күш жұмсайтын мүмкіндігі еселеп артты. Сондай-ақ, қолжетімді тұрғын үй, білім алу, медициналық көмек, мәдени-рухани салалары бойынша тұғырнамадағы ұсыныстарының көбісін тиісті заңдарға енгізу бағытында да қолдары ұзарды деп санаймын. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын орнықтыру үшін ең алдымен заңдардың жаңа топтамасы өмірге келуі тиіс. Заңнамалық нормативтік актілерге де толып жатқан өзгерістер мен толықтырулар енуі қажет. Әлеуметтік саладағы ұлттық заңдарға түгендеу жүргізілейін деп отыр. Оның ішінде жұмысқа ынталылықты артыру үшін, еңбек адамдарына кедергі келтіру, құрметпен қарамауға тыйым салу үшін еңбек туралы заңнамаға түбегейлі өзгертулер енгізіледі. Еңбек дауларын мейлінше азайтудың маңыздылығы ерекше аталады. Оның алдын алу, ескеру және реттеу шараларын бір мезетте Еңбек, Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге еңбек дауларын әдейілеп туындатқаны үшін жауапкершілік жөніндегі ережені енгізе отырып іске асыру ұсынылады.
Қазақстандық азаматтың әрқайсысы еңбек пен білімінің, біліктілігінің арқасында өз саласында алдыңғы қатарлы орынға жетіп, өзінің және отбасының жақсы өмірін қамтамасыз ететіндей болуы тиіс. Ол үшін, әрине, жұрттың бәріне тең мүмкіндіктер, тең жағдай жасалуы керек. Сондықтан, менің ойымша, қазіргі кезеңдегі Партияның негізгі ұрандарының бірі – Еңбек, Білім және Теңдік болуы керек деп ойлаймын. Бұлар ұлттық мүддемізге сай келетін тұжырымдар. Патриоттығымыздың негізі болып саналатын мемлекетшілдік деген де осы.
Жалпы бұл бағдарламалық құжаттағы ойлар мен тұжырымдарды бір-екі адамның баяндамаларымен тарқатып айтып шығуы мүмкін емес. Мақаланың тереңдігі сондай, көптеген тұжырымдар егжей-тегжейлі зерделенуі қажет. Оны әрбір адам оқып, өз жүрегінен өткізуі керек. Менен кейін сөйлейтін шешендердің арасында әртүрлі саланың мамандары болса, олар өздерін толғантқан жекелеген мәселелер бойынша толықтырып, нақты ұсыныстар айтып, баяндаманы байыта түседі деп үміттенемін.
Еліміз әлемнің тең құқылы саяси субъектілері ретінде даму әлеуметтік және идеологиялық белестерге көзқарасы білдіруге құқылы екендігін Елбасымыздың «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТІК ЖАҢҒЫРТЫЛУЫ: Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласынан байқалады. Мемлекетіміздің даму жолындағы белгіленген басымдықтарды өзгерту өте орынды әрі дер кезінде қойылған мәселе. Мемлекетіміздің демократия, прогресті жолында дамуы осы мәселе бойынша күн тәртібіне қойылған міндеттерді тез және дұрыс орындалуына байланысты.
Елбасымыздың Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеясы мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар, әр қазақстан азаматы үшін ұлттық тренд болып табылады. Еліміздің әлеуметтік жаңғыртылуы дегеніміз, біріншіден азаматтардың санасын өзгерту, яғни оларды масылдық санадан белсенді өмір позициясына көтерілуді талап етеді.
Өнімді еңбекке негізделген Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамы туралы кең ауқымды идея арқылы әлеуметтік қорғау жүйесінен әлеуметтік прогресс жүйесіне көшуге болады. Осы стратегиялық құжат Елбасымыздың бастаған даму жолының оң екенін тағы куәлендіреді.
Құжат еңбек, білім, жастардың әлеуметтік бағыты, денсаулық сақтау, тұрғын үй сияқты қоғамның маңызды және өзекті жақтарын қамтиды. Сондықтан мемлекеттік бағдарлама бойынша мектептер, ауруханалар, мәдени орталықтар бой көтеруде. Таяудағы мәжілісте Елбасымыз әлем экономикасындағы қиындықтарға қарамастан Қазақстанның даму динамикасы алға басып келе жатқанына тоқталды. Ол жайды мынандай деректер растайды: ЖІӨ 5,6%, халықтың табысы 13 %, жалақысы 12 % өсті.
Сөзімді қорытындылай келе айтарым: Елбасы қазақстандықтарға өз еңбегінің жемісін көруге мүмкіндік беретін нақты істер бағдарламасын ұсынған. Егер біз еліміз иеленетін зор потенциалымен, яғни, бай табиғи ресурстарымызбен, кәсіби шеберлігі жоғары кадрларымызбен, қолда бар нарықтық институттарымызбен, еңбекті басты құндылық санап, бүкіл қоғамның идеясына айналдыра алсақ, осыған сәйкес ортақ күшжігерімізді біріктіретін болсақ, алдымызға қойған кең ауқымды мақсаттарымызға жететінімізге дау жоқ. [12]

___________________




12 «Егемен Қазақстан», 2012ж. 10 шілде 3 бет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет