Мемлекет және қҰҚЫҚ туралы жалпы түсініік


Құқықтық мемлекет түсінігі және қағидалары



бет5/8
Дата16.10.2023
өлшемі192 Kb.
#185767
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-97027
stud.kz-31784, stud.kz-104111, 1070000.pptx, stud.kz antiplagiat 123252
2 Құқықтық мемлекет түсінігі және қағидалары


2.1 Қазақстанда құқықтық мемлекет қоғамының қалыптасуы

Құқықтық мемлекет – бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне жəне құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.


_____________________




9 Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы.- Алматы. 2006. 66 бет.
Құқықтық мемлекеттің мəнін қарастыруда оның негізгі екі жағын (екі
негізгі қағиданы) бөліп қарастыруға болады:
1) мазмұнды жағы – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден, тұлға үшін құқықтық ынталандыру режимін орнықтырудан көрінеді;
2) формальды-заңды жағы – мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді.
Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің қағидасына мыналар да жатады:
- билікті заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында оны заңшығарушылық, атқарушылық жəне сот тармақтарына бөлу;
- заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық конституциялық тəртіптерді сақтай отырып қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертіліуі жəне тоқтатылуы мүмкін емес;
- мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;
- қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мəдениеттің жоғары деңгейі;
- азаматтық қоғамның болуы жəне тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі.
Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы. Бұл қағиданы алғаш рет Д.Локк пен Ш.Монтескье ұсынған болатын. Қағиданың басты талабы – саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету жəне белгілі бір əлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық сайлайтын жəне қоғамды дамытуды заңдар қабылдау жолымен жүзеге асыруға бағытталған), атқарушылық (биліктің өқілдік органы тағайындайтын жəне заңдар мен оралымдық-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен айналысатын) жəне сот (бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің, кінəлілерді əділетті түрде жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері деп бөлу қажет. Жəне осы əр бір билік түрлері дербес жəне бір-бірін тежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесі арқылы жəне арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс. [10]
Констиуцияда бекітілген «тепе-теңдік жəне тежемелік жүйесі» заң шығару, атқарушы, сот билігінің нақты бір билік түріне қатысты құқықтық шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Мысалы, заң шығару билігіне қатысты тежемелік жүйесінде ерекше рөлді Президент иеленген, ол заң шығарушыға қатысты вето құқығын иеленеді; атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта болып президент өкілеттіктерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік вотумы, атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заң шығарушылық құрылымға сайлануға тыйым салу, коммерциялық қызметпен айналысу табылады; сот билігі үшін конституцияда көрініс тапқан құқықшектеуші құралдар болып мыналар табылады: кінəсіздік презумпциясы, қорғану құқығы,
______________________


10 Сапарғалиев Ғ., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. - Астана: Фолиант, 2007. - 336 б. 90 бет
азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі, іс жүргізудің жариялылығы мен жарыспалылығы, соттарға отвод жариялау жəне т.б.
Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі. Бұл құқықтық мемлекеттің дербес қағидасы болып табылады. Бұл саяси билікті шектеудің өзінше бір тəсілі, ол сасяи биліктің иесі ретіндегі мемлекет пен оны жүзеге асырудың қатысушысы ретіндегі азаматтың арасындағы қарымқатынастардың адамгершілік-заңды бастамаларын көрсетеді. Қоғам мен тұлғаның бостандығын заң шығарушылық нысанда бекіте отырып, мемлекет өз шешімдері мен əрекеттерінде белгілі бір шектеулерді иеленеді. Заң арқылы ол өзінің азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен, басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарындағы əділеттілік пен теңдікті қамтамасыз ететін міндеттемелерді өз мойнына алуы тиіс.
Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ережелерді бұза алмайды жəне осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін міндеттілігі əкімшіліктік қателіктерді болдырмауға бағытталған кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға Үкіметтің өкілдік органдардың алдындағы жауапкершілігі, мемлекеттің кез-келген деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзғандығы, билікті асыра пайдаланғаны, қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тəртіптік, азаматтық-құқықтық жəне қылмыстық жауапкершілігі, импичмент жəне т.б. жатады.
Жалпы қауымның мемлекеттік құрылымдардың өз міндеттерін орындауды бақылауының нысандары болып референдумдар, депуттардың сайлаушылар алдында есеп беруі жəне т.б. табылады.
Тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігі де дəл осы құқықтық бастамалар негізделеді. Мемлекеттік мəжбүрлеуді қолдану құқықтық сипатта болуы, ол тұлғаның бостандығын бұзбауы жəне жасалған құқықбұзушылықтың ауырлығына сай болуы тиіс. Сонымен, мемлекет пен тұлғаның арасындағы қарым-қатынастар өзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Қазақстанда құқықтық мемлекет қоғамының қалыптасуы. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ыдырап, жойылу нәтежиесінде Қазақ Кеңестік Социолистік Республикасы дербес, егемен мемлекет болды. 1991 жылы тәуелсіздік жарияланған кезден бастап бес жыл ішінде Қазақстан мемлекетінің негізгі атрибуттарын қалыптастыру процесі жүргізілді.
Қазақстан Республикасының егемендігімен тәуелсіздігінің қалыптасуы - жай процесс емес деп жазды Г. Ганиев,- әрбір мемлекет басқа мемлекеттің егемендігін сыйлауға, өзінің жеке аумағы шектерінде заң шығару, атқарушылық, әкімшілік және сот биліктерін жүзеге асыру құқығын сыйлауға міндетті. [11]

_____________________




11 Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет жєне құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.
Бұл 1970 жылы 28 қазанда қабылданған БҰҰ Жарғысына сай мемлекеттер арасындағы достық пен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқық қағидалары декларациясында өрбиді.
А.К.Котовтың айтуыша Қазақстан әрқашан ел болды, алайда коммунистік партиялық мемлекет ірі жүйе құлағаннан кейін тәуелсіз мемлекет болып, халық өмірінің әлеуметтік-экономиялық және қазақ жерінде өзінің барлық азаматтарының құқығы мен бостандығын қорғауға және қамтамасыз етуге қабілетті мемлекет ретінде дербес даму қажеттілігіне тап болды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет пен оның барша азаматтарының өмірі қалыптасатын барлық құқықтық базаны нақты қалыптасатын барлық құқықтық базаны нақты қайта кұру қажеттілігі туды. Бұл тұрғыда біраз шаруа атқарылды: мемлекеттік басқару, экономика, ұлттық қорғаныс, сыртқы саясат, қоғамдық- саяси, табиғатты қорғау, құқықтық тәртіпті қорғау салаларына қатысты көптеген заңдар мен жарлықтар әзірленді. Бұл заң актілерінің бәрі де тәуелсіз беделді халықаралық сараптамадан өтті.
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздікті алып, толық мемлкеттік егемендікке ие болған соң азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру бағытын ұстанды. Осылайща тотолитарлық құрылымдағы зорлық- зомбылық пен заңсыздықты жоюға мүдделігіне және гуманистік құқықтық құндылықтарды, адам құқығы мен бостандығын басымды деп санайтынын білдірді. Өткен жылдар ішінде мемлекеттіліктің негізгі институттарының саяси- құқықтық мазмұны өзгерді. 1995 жылы қабылданған Республика Конституциясына сәйкес парламенттік – президенттік басқару нысаны таза президенттік нысанға өзгертілді. Президенттік институты мемлкететтік жүйенің басты институты болып, елдегі ахуалға, биліктің басты үш тармағының қызметіне, ішкі және сыртқы саясаттың қалыптасуына анықтаушы ықпалын тигізеді.
Заң шығарушы билігі институты да өзгерді. Кезінде бірқатар маңызды актілерді (мемлекеттік егемендік туралы Декларация, «Қазақстан Республиксының тәуелсіздігі туралы» заң, 1993 жылғы Конституция, меншік туралы, азаматтық туралы және т.б заңдар) қабылданған бұрынғы бір палаталы жоғарғы Кеңес қызмет тұрпаты өзгерген екі палаталы Парламентке орын берді. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандығын заңды түрде қамтамасыз ету және оларға кепілдік беру бойынша, демократияны дамытуға, нарықтық қатынасқа өтуге, жеке меншік енгізуге және кәсіпкерлік құрылымдарды қолдауға қатысты жұмысты жалғастырады.
Үкіметтің тікелей басқаруымен атқарушы билік қызмет атқарады. Оған экономикалық реформаларды жүзеге асыру, елді дағдарыстан шығару жөніндегі шараларды әзірлеу және асыру, заңдардың орындалуын ұйымдастыру, күнделікті мемлекеттік басқару жүктелген. Сот билігі де өзгеріске ұшырады. Жалпы және арбитражды соттар бир жүйеге біріктірілді. Бұл жүйені қазір Жоғарғы от басқарады. Үш жыл қызмет атқарған (1992-1995) бұрынғы Конституциялық Соттың орнына Конституциялық Кеңес құрылды. Құқық қорғау органдарының жүйесі қайта құрылуда.
Құқықтық мемлекет- біздің болашағымыз, оған баратын жол жақын да, оңай да емес. Бірқатар даму кезеңдерін қамтиды және мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, жұртшылықтан , халықтан елеулі күш-жігерді талап етеді. Мемлекеттік және қоғамдық қызметке салауатты дем беру керек, жемқорлық жолына бөгет қою қажет, қылмыспен күресу керек, қоғамның заңы және механизмдерін жетілдіру туралы қамдану, азаматтардың бойында оларды сыйлау қасиетін дарыту, қоғамдағы нақты құқықтық қатынас пен басқа да заңды байланыстарды құрайтыннынң барлығын жүзеге асыпу шараларын белгілеу қажет.
Осындай кешенді тәсілдеме құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құру міндеттерін жүзеге асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Қазақстан мемлекетінің демократиялық сипаты Конституциялық қағидаларда анықталады. Мемлекетті ұйымдастырудың негізгі құраушы қағидаларының бірі- мемлекет басшысын, парламент депутаттарын, жергілікті өкілетті органдарды сайлау. Демократиялық мемлекет қызметінің басқа бір негіз құраушы қағидасы- мемлекеттік өмірдің ең басты мәселелерін демократиялық әдістермен шешу. Референдум өткізу, Парламетте дауыс беру тәртібі осыған жатады.
М. Сәрсенбаев көрсеткендей, тәуелсіздікке қол жеткізілгеннен кейін қазақстандық мемлекеттің құрылысы, оның сыртқы саясатын әзірлеу, қазақ халқының тарихындағы тарихи, рухани тамырларын, оның ұлттық мемлекеттігін зерделеу басталды. Біздің заманымыздағы жаңа болмыс тұрғысындағы осы ой ислам дінінің, мұсылман құқығының түркі тайпаларының олардың рухани, құқықтық мәдениетінің дамуында қазақ мемлекеттілігінің бастапқыда пайда болуында белгілі рөл атқарғандығын көрсетеді.
Қазақстан мемлекетінің зайырлы сипаты ресми, мемлекеттік діннің болмауынан көрінеді. Көптеген діни ілімдердің бір де бірі міндетті немесе артықшылықты болып табылмайды.
Мемлекеттік органда діни бірлестіктердің істеріне заңсыз араласуға жол бермеуіне, сондай-ақ діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын жүктемеуі қажет. Сонымен қатар мемлекет діни бірлестіктерді қаржыландырмауы қажет. Сондай-ақ діни негіздегі саяси партиялардың қызмет атқаруына жол берілмейді.
Діннің мемлекеттен бөлек болуы мемлекеттік оқу орындарында діни догмаларды оқытуға болмайды дегенді білдіреді.
Қазақстан мемлекетінің зайырлы сипаты діни бірлестіктерді мемлекет тарапынан қаржыландыруға жол бермеуден де көрінеді.
Дербестік жолға түскен Қазақстан құқықтық мемлекет идеясын бірден қабылдады. Құқықтық мемлекет- ұзақ тарихи дамудың жемісі. Осы жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы ақырындап құқықтық мемлекет идеясына жақындайды. Конституцияның 1-ші бабы Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекетті бекіту жолына түскенін, мемлекет құру жолына түскенін білдіреді. Қазақстан халқы алдына үлкен мақсат қояды- құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету оңай емес. Құқықтық мемлекетте заңдар белгілі бір бөлігінің емес, баршасынын шынайы еркін білдіреді оңда заң үстемдік етеді. Ең жоғарғы лауазымды тұлғадан бастап, қатардағы азаматңа дейін- барлық адам заңдардың барша халықтың мүддесі үшін қабылданып, әрекет ететінін, әр адамның құқығы мен бостандығын қорғайтын, адамдардың оқуы үшн отбасы құруы үшін, жұмыс істеуі үшін, өздері тандаған іспен шұғылдану үшін, лайықты өмір үшін пайда табуы мақсатында, өздерін ерікті сезіну үшін, қоғамдық өмірге қатысу үшін қажет болатын қоғамдық тәртіп белгілейтін түсінулер қажет. Азаматтардың өздері бұзылған құқықтарын қорғауға үйренулері керек. Ол үшін соттар обьективті болулары керек, азаматтар өз мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіне керек.
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгісі- заңның қоғам өміріндегі үстемдігі, жоғарылылығы. Қоғам ғұмырының анағұрылым маңызды жақтары заңдар арқылы реттелу керек.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет