1 Мемлекет және құқық туралы жалпы түсінік
1.1 Мемлекеттің шығу тегі, белгілері
Мемлекет – бұл арнайы басқару жəне мəжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын жəне оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.
Мемлекетті рулық құрылымдағы əлеуметтік биліктен ажырататын төмендегідей белгілері болады:
1. Бұқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің басқару жəне мəжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік – бұл шенеуніктер, əскер, полиция, түрме мен басқа да меке-мелер.
2. Аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші барлық адамдарды өз билігімен жəне қорғау арқылы біріктіреді.
3. Салықтар жүйесі. Олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет.
4. Егемендік. Бұл мемлекетке тəн өз аумағындағы үстемдік пен халықаралық қатынастардағы тəуелсіздік.
5. Құқықтың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық мемлекеттік билікті заңдастырады. [1]
Мемлекеттің пайда болу себептері. Мемлекеттің пайда болуы туралы мəселе даулы болып табылады, себебі, этнография жəне тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа мəліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері туралы бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері болып мыналар табылады:
1. Діни теория – мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуының құдайлық бастамасын негізге алады, «барлық билік құдайдан» деген тұжырымдаманы бекітіп, жақтайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан, бұл теория бірқатар шынайы жағдайларды көрсетеді, нақты айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық нысандарын–абыздар билігін, шіркеудің ролін, діни жəне əкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін. Бұл теорияның көрнекті өкілдерінің бірі – Фома Аквинский.
2. Патриархалды теория – мемлекеттің пайда болуын отбасымен байланыстырады, ал мемлекет басшысының билігін отбасы мүшелерінің алдындағы əке билігінен туындатады. Бұл теория патшаның шексіз билігін негіздеуге бағытталған, ал бұл биліктің қайнар көзі ретінде құдайды емес, отбасындағы əкенің, патриархтың шексіз билігі орын алған отбасы нысанын таниды. Бұл теория Грецияда пайда болған, өз негіздемесін Аристотельдің еңбектерінен иеленсе, өз дамуын ағылшын ғалымы Филмердің еңбектерінен тапты.
_______________________
1 Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы.- Алматы. 2006. 17 бет
3. Шартты теория – ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда кеңінен таралған. Оны жақтаушылардың қатарынан Голландияда Гуго Гроций мен Спиноза, Англияда Д.Локк пен Т.Гоббс, Францияда Ж.-Ж.Руссо, Ресейде А.Радищев орын алды. Мысалы, А.Радищевтің ойынша, билік халыққа тиесілі, алайда ол мемлекет басшысына берілген жəне оны халық бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сəйкес, мемлекет шарт нəтижесі ретінде пайда болады, оның қатысушылары болып адамдар табылады, олар шарттың негізінде өз бостандықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.
4. Күштеу теориясы – мемлекеттің пайда болу негізі ретінде күштеу əрекетін, бір халықтың екінші халықты жаулауын таниды. Жауланған халықтың үстінен билікті бекіту үшін, оған күштеу жүргізу үшін мемлекет құрылады. Күштеу теориясы ХІХ ғасырда пайда болды, оның өкілдері – Л.Гумплович, К.Каутский, Е.Дюринг.
5. Психологиялық теория – мемлекеттің пайда болуын адам психикасының көріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен, алғашқы қауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тəуелділікті сезінумен, белгілі бір əрекет түрлерінің əділдігін түсінумен жəне т.б. байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің қатарынан Л.Петражицкий мен Г.Тардты атауға болады.
6. Органикалық теория. Бұл теорияның өкілдері Г.Спенсер, Вормс, Х.Прейс мемлекетті ағза ретінде түсіндіреді. Оның бөліктері арасындағы тұрақты байланыстар тірі ағзаның бөліктері арасындағы байланысқа теңестіріледі, яғни, мемлекет – биологиялық дамудың бір түрі ретінде көрініс табатын əлеуметтік даму өнімі. Биологиялық ағзаның бір түрі ретінде мемлекеттің өз миы (басшы) мен оның шешімдерін жүзеге асыру құралдары (халық) болады.
7. Ирригациялық теорияға сəйкес мемлекеттердің алғашқы қанаушы нысандарының пайда болуы шығыстық аграрлық аймақтардағы ірі ирригациялық құрылыстарды жүргізу қажеттігімен байланысты. Бұл теория қазіргі кездегі неміс ғалымы К.А.Виттфогельдің еңбектерінен айрықша көрініс тапқан.
8. Материалистік теория – мемлекеттің пайда болуын əлеуметтік-экономикалық факторлармен, яғни, жеке меншіктің пайда болуымен жəне қоғамның таптарға бөлінумен, байланыстырады.
Бұл теорияның өкілдері – К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин –мемлекет бір таптың екінші таптың үстінен үстемдігін сақтау жəне бекіту, қоғамның біртұтас ағза ретінде өмір сүруі мен қызмет етуін қамтамасыз ету мақсаттарында пайда болған деп санайды.
Мемлекеттің пайда болу нысандары болады. Мемлекеттің қалыптасуы – əртүрлі халықтарда түрліше жүзеге асқан ұзақ үдеріс.
Шығыста «өндірістің азиялық тəсілі» (Египет, Вавилон, Үн-дістан, Қытай жəне т.б.) нысаны кеңінен таралды. Бұл жерде рулық құрылымның əлеуметтік-экономикалық бөліктері – жердік үлес, ұжымдық меншік жəне т.б. тұрақты сипатты иеленді. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер ауылдық қауымдастықтарды қанай отырып, оларды басқарды, яғни, өндірісті ұйымдастырушы рөлін атқарды. [2]
Афины мен Римде мемлекеттің пайда болу бағыты басқаша жолмен жүзеге асырылды, бұларда құлиеленушілік мемлекет меншіктің пайда болуы жəне қоғамның таптарға бөлінуі негізінде пайда болды. Афины – мемлекеттің пайда болуының ең таза, классикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым ішіндегі таптық қарама-қайшылықтардың негізінде пайда болады. Римде мемлекеттің пайда болуы плебейлердің римдік аристократтар –патрицийлерге қарсы күресінің нəтижесінде тездетілді.
Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы көптеген жерлерді алып жатқан бөтен аумақтарды жаулап алумен байланысты, бұл жерлерге үстемдік орнатуда рулық қоғам əлсіз болды, сол себепті, мемлекеттің пайда болу қажеттігі туды.
Барлық нысандағы мемлекеттердің пайда болуына негіз болып 10-12 мың жылдар бұрынғы неолиттік революция табылды. Оның мəні мынада: өз қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында адам дайын өсімдік жəне жануарлық нысандарын иемденумен байланысты құралдық қызметтен табиғатты өзгертумен жəне азық дайындаумен байланысты шынайы еңбек қызметіне ауысты, яғни, иемденушіден өндіруші экономикаға өту орын алды.
Сонымен, мемлекет объективтік түрде, сырттан емес, ішкі факторлардың негізінде пайда болады.
Мемлекеттік билік əлеуметтік биліктің ерекше түрі ретінде. Мемлекеттік билікке сипаттама берместен бұрын əлеуметтік билікке анықтама беріп алу қажет. Əлеуметтік билік – бұл адамдарың кез-келген бірігуіне тəн үстемдік пен бағынушылық қатынастары, бұл кезде бір тұлғалардың– билік құрушылардың – еркі мен əрекеттері басқа тұлғалардың– бағынушылардың – еркі мен əрекеттеріне үстемдік құрады. Əлеуметтік билік кез-келген ұйымдасқан, белгілі бір дəрежеде тұрақты адамдар тобына – руға, тайпаға, отбасына, қоғамдық ұйымға, партияға, мемлекетке, қоғамға жəне т.б. тəн.
Мемлекеттік билік əлеуметтік биліктің ерекше бір түрі ретінде көрініс табады. Бұл мемлекеттік мəжбүрлеуге сүйенген, субъектілер арасындағы үстемдік жəне бағынушылық сипаттағы бұқаралық-саяси қатынас. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері:
1. Бұқаралық билік. Ол бүкіл қоғамның, халықтың атынан қызмет етеді жəне өз қызметінде бұқаралық негізге – қазына мүлкіне, өз кірістеріне, салықтарға ие.
2. Аппараттық билік. Ол аппаратқа, мемлекеттік органдар жүйесіне сүйенеді жəне олар арқылы жүзеге асырылады.
3. Заң қолдайтын билік. Сол себепті, ол аппарат пен заң нормаларының көмегімен елдегі барлық халық үшін міндетті сипатты иеленеді.
4. Егеменді билік–ол кез-келген биліктен дербес жəне тəуелсіз.
5. Заңдастырылған билік. Яғни, ол заңды негізді жəне қоғамдық тануды иеленген.
___________________________
2 Cәкен Өзбекұлы, Ө. Қопабаев. Мемлекет және құқық теориясы, 2006.
Мемлекетте еңбек бөлінісі болған жағдайда ғана, яғни, ерекше қызмет түріне негізделген дербес билік түрлері қалыптасқан жағдайда ғана, мемлекеттік биліктің тиімділігі артады. Мұндай биліктің үш түрі бар: заң шығарушы билік, атқарушы билік жəне сот билігі.
Мемлекеттің мəні – бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мəнін бұл түсініктің кең жəне тар мағынасында анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттің əлеуметтік мəнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сəйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады.
Тар мағынада мемлекеттің əлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген класстар мен əлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін білдіруші əрі қорғаушы басқару аппараты, бұқаралық биліктің əртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анықтайды.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, мемлекеттің мəнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:
1) формальды – кез-келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы екендігі;
2) мазмұнды – осы ұйымның кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.
Мемлекеттің мəнін анықтауда келесі бағыттарды атап өтуге болады:
- класстық, бұған сəйкес мемлекетті экономикалық үстемдік құрушы топтың саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады;
- жалпы əлеуметтік, бұған сəйкес мемлекетті əртүрлі класстар мен əлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру үшін жағдай жасайтын саяси биліктің ұйымы ретінде анықтауға болады.
Сонымен, мемлекеттің мəні саяси билік аппаратының көмегімен қоғамның тұтастығын жəне қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден көрінеді.
Мемлекет функцияларының түсінігіне келетін болсақ, мемлекет функциялары – бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекеттің мəні мен мақсаты көрініс табады. Мемлекеттің функциялары оның міндеттерімен тығыз байланысты, олар мемлекеттің мəніне тəуелді болып келеді жəне оның өзгеруіне қарай өздері де өзгереді. Сонымен, мемлекет функциялары – ауыспалы сипаттағы категория. Олар мемлекет түрінің басқа түрге ауысу жағдайында да өзгереді.
Мемлекет функцияларын түрлерге бөлуді əртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады:
а) əрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты жəне уақытша болып бөлінеді. Тұрақты функциялар мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылса, уақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз əрекетін жояды.
ə) маңыздылығына қарай – негізгі жəне қосымша функциялар;
б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына байланысты – ішкі жəне сыртқы функциялар.
Мемлекеттің ішкі функциялары – оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары. Ішкі функцияларға мыналар жатады: адам жəне азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету функциясы, экономикалық функция, салық салу функциясы, əлеуметтік қорғау функциясы, экологиялық функция жəне мəдени функция.
Мемлекеттің сыртқы функциялары – оның алдында тұрған сыртқы міндеттерді шешуге байланысты қызметінің негізгі бағыттары. Сыртқы функцияларға мыналар жатады: мемлекетті қорғау функциясы, бейбіт тəртіпті сақтау функциясы, басқа мемлекеттермен одақтасу функциясы жəне т.б.
Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары – бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады: құқықтық жəне ұйымдастырушылық нысандар. [3]
Құқықтық нысандарға мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық – бұл нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға қатысты қызмет;
ə) құқыққолданушы – бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты қызмет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы əртүрлі мəселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс;
б) құқыққорғаушы – бұл адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға жəне кінəлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға жəне т.б. байланысты қызмет.
Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады:
а) ұйымдастырушылық-реттеуші – бұл белгілі бір құрылымдар-дың құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т.б. байланысты мемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;
ə) ұйымдастырушылық-шаруашылық – бұл бухгалтерлік есеппен, статистикамен, қамтамасыз етумен т.б. байланысты жедел-техникалық жəне шаруашылық жұмыс;
б) ұйымдастырушылық-идеологиялық – бұл жаңадан қабылданған нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен жəне т.б. байланысты мемлекеттің əртүрлі функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тəрбие жұмысы. [4]
Достарыңызбен бөлісу: |