4. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
Занды жауапкершіліктің
төмендегідей түрлері болады:
1. Қылмыстық - тек қылмыстар үшін колданылады; ешкім де
сот шешімінсіз қылмыс жасаганы үшін кінәлі деп танылмауы
және қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы тиіс. Қылмыстық
жазалау шаралары - кінэлінің түлғасына бағытталған мемлекеттік
мәжбүрлеудің ең катаң нысандары - бас бостандыгынан айыру,
өлім жазасы жэне т.б.
2. Әкімшілік - әкімшілік теріс қылықтарды жасаганы үшін
туындайды жэне айыппұл, арнайы құқыгынан айыру және т.б.
сияқты шаралардан корініс табады.
3. Азаматтық - мүліктік сипаттағы шарттық міндеттемелерді
бүзу және шарттан тыс мүліктік зиян келтіру үшін туындайды.
Азаматтық-құкықтық жауапкершіліктің негізгі қагидасы - зиянды
толыгымен өтеу.
4. 1 әртіптік - еңбек, оқу, қызметтік, әскери тортіпті бұзу үшін
қолданылады; тәртіптік жауапкершілік шаралары - сөгіс, қатаң
сөгіс, жүмыстан шығару жэне т.б.
5. Материалдық - қызметкерлер мен жүмысшылардың өз
кызметтік міндеттерін орындауы барысында кәсіпорынға, меке-
меге, ұйымга келтірген зияны үшін туындайды.
5.
Әрекеттің қүқыққа қайшылығын жэне заңды жауапкер-
шілікті жоятын жағдайлар.
Оларға мыналарды жатқызуға бо
лады:
1) есі дүрыс еместік - түлғаның өз әрекеттеріне есеп бере ап-
мауы;
2) қажетті қорганыс - мемлекеттің, қоғамның түлганың мүд-
делерін қоғамға қауіпті нүқсан келтіруден қорғау барысында нүқ-
сан келтіруші түлғаға зиян келтірумен сипатталады; алайда, қа-
жетті қорғаныс шегінен асып кетпеуі тиіс, яғни, қорғанудың нұқ-
сан келтірушіліктің коғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесіне
айқын түрде сәйкес келмеуі орын алмауы тиіс;
3) аса қажеттілік - мемлекеттің, қоғамның, түлганың мүдделе-
ріне қауіп төндіруші эрекетті жою жағдайында мүмкін, қойы-
латын шарт - бұл қауіп басқа құралдармен жойыла алмауы қажет
жэне аса қажеттіліктен туындаған зиян алдын алған зияннан аз
болуы тиіс;
4) қогамға аса қауіптілігі жок құқықбұзушылық;
5) казус (жағдай) және т.б.
92
№ 38 кесте
93
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |