Қаржылар екі аспектіде қарастырылады:
материалдық және экономикалық
Материалдық мағынадағы қаржылар мемлекеттің қаржы ресурстарын білдіреді, яғни мемлекеттің өз меншігіндегі қолма-қол және қолда жоқ ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтамыз.
Материалдық мағынада және “ақша” терминімен байланыстыра қарастыра отырып үш мағынасын көрсетуге болады.
Кең мағынада “қаржылар” “ақша”
түсінігінің синонимі ретінде қарастырылады.
Тар мағынада “қаржы” терминіне мемлекеттің және заңды тұлғалардың
қаржылары кіреді.
Арнайы мағынада қаржылар деп тек мемлекеттің ақша құралдары айтылады, яғни ақша айналысында пайда болатын қатынастардың жиынтығын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде
қаржы мемлекеттің ақшалай
ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және бөлетін, сондай-ақ олардың пайдаланылуын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесі.
Қаржылар нақты мақсатты бағытқа, жалпы мемлекеттік мүдделерді, сонымен қатар жергілікті басқару саласында нақты міндеттерді шешуге бағытталған.
Мемлекеттік қаржылардың негізгі қағидалары
- Заң шығару базасының біртұтастығы;
- Үнемділік және ұтымдылық;
- Ашықтық және жариялылық;
- Мақсаттылық және стратегиялық бағыттылық;
- Белгіленген мақсатқа жетудегі ғылыми көзқарас;
- Қаржыларды орталықтандырылған негізде басқару;
- Қаржылық өкілеттіліктерді бөлу.
Мемлекеттік қаржыларға бөлу және бақылау функциялары тән.
Бөлу функциясы арқылы жалпы мемлекеттік қажеттіліктер қанағаттандырылады, бюджеттердің және бюджеттік емес қорлардың баллансталуы, экономиканың өндірістік емес салаларын қаржыландыру көздері қалыптасады.
Бақылау функциясы шаруашылық субъектілерінің қорлардан алған ақша қаражаттарын мақсатқа сай пайдаланулары кезіндегі әрекеттерінің дұрыс және заңды болуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қаржы жүйесі деп, мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу, және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын және әрқайсысы белгілі бір қаржылық-құқықтық институттардың материалдық көрінісі болып табылатын қаржылық-экономикалық институттардың жиынтығын айтамыз.
Мемлекеттің қаржы жүйесін материалдық, экономикалық, ұйымдастырушылық мағынада қарастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |