Демократиялық режимнің белгілері: 1. Халық мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тікелей (азаматтардың референдумға қатысуы) жəне өкілдік (халықтың билікті өзі сайлаған өкілдік органдар арқылы жүзеге асыруы) демократия арқылы қатысады;
2. Шешімді көпшіліктің мүдделерін ескере отырып қабылдайды;
3. Мемлекеттік биліктің орталық жəне жергілікті органдарының сайланбалылығы жəне ауыспалылығы, олардың сайлаушыларға есеп беруі, жариялылық;
4. Сендіру, келісу, келісімге келу əдістері жиі қолданылады;
5. Қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы заңның үстемдігі;
6. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жарияланады жəне шын мəнінде қамтамасыз етіледі;
7. Саяси плюрализм, соның ішінде көппартиялылық;
8. Биліктің тармақтарға бөлінуі жəне т.б.
Антидемократиялық режимнің бірнеше түрі болады: тирания, деспотизм, фашизм, тоталитарлық жəне авторитарлық режимдер. Антидемократиялық режимге мына белгілер тəн: 1. Бір саяси партияның үстемдігі;
2. Бір ресми идеологияның болуы;
3. Бір меншік түрінің болуы,
4. Саяси құқықтар мен бостандықтарды жоққа шығару;
5. Қоғамның сословиелік, касталық жəне т.б. белгілер бойынша бөлінуі;
6. Халықтың төмен экономикалық деңгейі,
7. Мəжбүрлеу мен жазалау шараларының үстемдігі;
8. Сыртқы саясаттағы агрессиялық сипаттағы əрекеттер жəне
т.б.