Мемлекеттің нысаны



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі136,71 Kb.
#92870
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Memleket nysany (1)


Мемлекет нысаны
Қазіргі замандағы мемлекеттер бір – бірінен мемлекеттік биліктің қалай ұйымдастырылуына байланысты ерекшеленеді. Мемлекеттік биліктің қалыптасу, бөліну және іске асырылу тәсілдерінің жиынтығы мемлекеттің нысаны деп аталады. Яғни, мемлекет нысаны – бұл қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым жəне саяси режим нысандарынан құралған құрылымдық ұйымдастырылуы. Кез келген мемлекет өзінің басқару, әкімшілік-құрылымдық және саяси тәртіптері белгілері бойынша үш нысанға бөлінеді.
Мемлекет нысаны
Басқару нысаны
Мемлекеттік құрылымының нысаны
Саяси режим
Басқару нысаны
Мемлекеттің негізгі міндеттерін тиімді орындау қабілеттілігі көп жағдайда мемлекеттік биліктің ең жоғарғы органдарының ұйымдастырылуына, құрылымына, қалыптасу тәсілдеріне байланысты болады. Мемлекеттің жоғарғы органдарының жұмысын, қалыптасуын, өзара қызметтерін, міндеттерін, құзырларын ұйымдастыру, бөлу теориялық қана емес, практикалық маңызға ие болады. Себебі, мемлекеттік билік бір адамның не белгілі бір топтың қолына шоғырлануы, керісінше әр түрлі мемлекеттік органдардың арасында бөлініп атқарылуы мүмкін. Аталған жайлардың барлығы мемлекетті басқару нысанына байланысты болады. Басқару нысаны – бұл мемлекеттік биліктің жоғары органдарының өкілеттіктерінің өзара қатынасы, олардың құрамы мен құрылу тəртібі.
Басқару нысаны жоғары билікті жалғыз адамның немесе сайланбалы алқалық органның жүзеге асыруына байланысты ерекшеленеді. Мемлекеттің басқару жолы монархия және республика деп екі түрге бөлінеді.

Монархия
Бұл жоғары мемлекеттік биліктің бір тұлғада ғана, монархта, болуымен сипатталатын басқару нысаны. Монарх билікті мұрагерлік бойынша өмір бойы иеленеді. Мысалы, оған жататындар Англия, Бельгия, Норвегия, Швеция, Жапония және Дания елдері.
Егер монарх мемлекеттік биліктің жалғыз органы болып табылса, бұл монархия шектелмеген деп аталады, ал жоғарғы билік монарх пен басқа бір органның арасында бөлінсе, бұл монархия шектелген деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет