Мемлекеттің нысаны



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі136,71 Kb.
#92870
1   2   3   4   5
Байланысты:
Memleket nysany (1)

Шектелген монархиялар, өз кезегінде, өкілдік (дуалистік) жəне парламентарлық болып екіге бөлінеді. Өкілдік монархияда монарх атқарушылық билікті жүзеге асыра алады, ол үкіметті құру, министрлерді тағайындау, вето жəне парламентті тарату құқықтарын иеленеді.
Ал парламентарлық монархияда монархтың құқықтық жағдайы əлдеқайда шектелген болады, монарх тағайындаған министрлер парламенттің сенімсіздік вотумына тəуелді болады жəне монарх заңда көзделген жекелеген жағдайларда ғана парламентті тарата алады.
Республика
Республика мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары халықтың еркін дауыс беруі арқылы белгілі бір мерзімге сайлау арқылы қалыптасатын басқару нысаны. Республика аристократиялық жəне демократиялық болып екіге бөлінеді. Демократиялық мемлекеттер, үшке бөлінеді: 1) парламенттік, бұл мемлекетте саяси өмірдегі шешуші рөл парламент сайлаған үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік, бұл мемлекетте сайланған ел басшысы үкіметтің де басшысы болып табылады, сол себепті, ол үкімет мүшелерін тағайындайды жəне оларды қызметінен босатады; 3) аралас, бұл мемлекетте үкіметті президент пен парламент бірлесе отырып құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет