Мемлекеттің нысаны


Мемлекеттік құрылым нысаны



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі136,71 Kb.
#92870
1   2   3   4   5
Байланысты:
Memleket nysany (1)

Мемлекеттік құрылым нысаны
Елді, халықты басқару ыңғайлы болу үшін мемлекет аумағы ауыл, аудан, қала, облыс, аймақ, өлке, округ, штат, губерния т.б. сияқты әкімшілік-құрылымдарға бөлінеді. Аталған құрылымдарда мемлекеттің басқару органдары құрылады. Олар мемлекет билігін іске асырып жергілікті тұрғындарды басқарады. Сонымен мемлекеттің орталық және жергілікті органдары арасындағы биліктік өкілеттілікті бөлу, мемлекеттің тұтас және жеке бөлшектерімен арақатынасын анықтайтын биліктің аумақтық ұйымдасуы мемлекеттің құрылым нысаны деп аталады. Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл мемлекеттің аумақтық құрылымы, оның құрамдас бөліктерінің жəне осы бөліктердің əрбірінің мемлекетпен қарым-қатынасының сипаты. Барлық мемлекеттер өздерінің мемлекеттік құрылымы бойынша жай жəне күрделі болып екіге бөлінеді. Жай немесе біртұтас мемлекет – бұл өз ішінде бөлінбейтін тұтас мемлекет, оның өз ішінде дербес мемлекеттік құрылымдар болмайды, бұл мемлекетте жоғары органдардың біртұтас жүйесі, заңнаманың ортақ жүйесі, ортақ сот жүйесі, ортақ азаматтығы мен салықтардың бір каналды жүйесі болады. Күрделі мемлекет – бұл белгілі бір дəрежедегі дербестікке ие жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империялар, федерациялар, конфедерациялар, достастықтар мен одақтастықтар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет