Мемлекеттің нысаны



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі136,71 Kb.
#92870
1   2   3   4   5
Байланысты:
Memleket nysany (1)

Империялар күштеу арқылы құрылатын күрделі мемлекеттер, бұларда құрамдас бөліктердің жоғары билікке бағыныстылық деңгейі əртүрлі болған. Империялардың басты ерекшелігі – олардың құрамдас бөліктерінің ешқашан ортақ мемлекеттік-құқықтық мəртебесі болмаған.
Конфедерация империяға қарағанда ерікті негізде құрылады. Бұл нақты бір тарихи кезең шегінде белгілі бір мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құраған егеменді мемлекеттер халықаралық-құқықтық қатынастар субъектісі болып қала береді, оларда өз азаматтығы, билік, басқару жəне сот əділдігі органдарының жүйесі болады.
Федерация – бұл күрделі, одақтас мемлекет, оның бөліктері мемлекеттік құрылымдар болып табылады жəне белгілі бір дəрежеде мемлекеттік егемендікке ие болады; федерацияда жоғарғы федералдық органдар мен федералдық заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамасы да болады; федерацияда салықтың екіканалды жүйесі пайдаланылады.
Достастық – бұл ортақ белгілермен, біртектіліктің белгілі бір деңгейімен сипатталатын мемлекеттердің ұйымдастырушылық бірлестігі. Оларды біріктіретін белгілер экономикаға, құқыққа, тілге, мəдениетке, дінге қатысты болуы мүмкін.
Одақтастық – бұл қоғамды мемлекеттік ұйымдастырудағы ауыспалы нысан. Одақтастықтың негізінде көп жағдайда мемлекетаралық шарт болады. Ол одақтастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейте түседі жəне оларды конфедеративтік бірлестікке қарай итермелейді.
Саяси режим
Саяси режим (тәртіп) дегеніміздің өзі мемлекеттік биліктің іске асырылуының амал-айла, әдіс-тәсілдерінің жиынтығы. Мемлекеттік биліктің іске асырылуының тәсіліне орай билік, қоғам және жеке адам арасындағы қатынастың сипаты анықталады. Саяси режим – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыруға жəрдемдесетін тəсілдер мен əдістер. Яғни, саяси режимнің тұрпатына қарай мемлекет нысаны жағынан демократиялық емес (тоталитарлы, авторитарлы режимдер) және демократиялық (президенттік, парламенттік) болып екі үлкен топқа бөлінеді.
Тоталитарлық латын тілінен аударғанда «толық», «тұтас» деген мағына береді. Сонда тоталитарлықтың барысында бүкіл қоғам мен жеке адам өмірінің барлық жағы тұтастай мемлекеттің қолына, бақылауына шоғырландырылады. Тоталитаризмнің сталинизм, гитлеризм, фашизм деген сияқты түрлері бар. Батыс Еуропа саясаттану ғылымында тоталитаризмнің төмендегідей бірнеше белгілері көрсетіледі: бір ғана бұқаралық партия; бір идеологияның үстемдігі; бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттің үстемдігі; экономиканы басқару мен бақылаудың орталықтанған жүйесі; жаппай саяси қуғын – сүргін.
Авторитаризм көп жағдайда тоталитаризмнен демократияға өтпелі кезең ретінде қарастырылады. Сондықтан авторитаризм тұсында көппартиялылық, меншіктің көптүрлілігі, біртұтас идеологияның болмауы, бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттен тыс үстемдіктің пайда болуы т.с.с. өзгерістер қалыптаса бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет