Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті


ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ САЛАСЫНДАҒЫ МҮДДЕЛІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДАРЫС



бет51/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

6 ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ САЛАСЫНДАҒЫ МҮДДЕЛІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДАРЫС

6.1. Мемлекеттік басқарудағы мүдделер өкілеттігі

Мемлекеттік басқару әр түрлі ұйымдасқан топтар қарым-қатынасын реттейді деп қарау институционалды зерттеудің ресми шекарасынан шығуға мүмкіндік береді. Шынайы жағдайда норма, идея, сонымен қатар, іс-әрекетте бұқаралық билікті бақылаушы топтарды қарастырады. «Мүдделер топтары – бұл ұйымдастырылған өкілеттік жүйесінің орталық түсінігі» деген ой «Организация управления в государственных учреждениях» кітабында (1993) айтылған.

Ұйымдасқан мүдде топтары өкілеттіктің келесі қызметін атқарады:

- мемлекеттік органдармен диалог сипатына ие болып, жеке адамдардың эмоционалды және өз мүдделерін нақты анықталған талаптарға өзгертіп, мүдделерді артикуляциялау (мәселен, кәсіподақтар Үкіметтен әлеуметтік төлемақы көлемін жоғарылатуды, жалақыны көтеруді сұраса, ал кәсіпкерлер ұйымы салық саясатын өзгертуді талап етеді, іскерлік белсенділікті арттыратын шараларды қабылдауды сұрайды);

- көптеген жеке талаптарды пікірталас арқылы келісіп, олардың арасында белгілі баспалдақ орнатып, мүдделерді қосу (саяси партиялармен қатар топ мүдделері үшін осы қызметтерді орындау ұсынылған талаптар көлемі ішінен топтық мақсатқа жетуде маңыздыларды таңдау қажеттілігін білдіреді); осылай, кейбір талаптар күрделене түсіп, ымыралы нысанды қабылдап немесе кері қайтарып жіберіледі;

- түрлі топтардың сырттай ынтымақтасуын, мүдделерінің бірлесуін қарапайым адамдарға көрсету олардың кәсіпкерлік іс-әрекеттерін түсіндіреді;

- нақты сұрақтар үшін саяси және әкімшілік шешімдер қабылдайтын органдарды ақпараттандыру.

Еркін түрде ұйымдасқан топтар мүддесі «лобби» (немесе лоббистер, өздеріне қажетті шешімді жылдамдатады) және «қысым көрсету тобы» (тікелей қысым көрсету үшін жасалған, белгілі бір шешімді қолдау немесе оны болдырмау мақсатында мемлекеттік органдарға ықпал ету) кең мағына береді. Ашық нысанда көрінетін лоббизмге қарағанда корпоративтік жасырын сипатқа ие. Бюрократтықты санамағанда, өкілеттік мүдде корпоративтілігі әдісінде қуатты ұйымдасқан шектеулі топ билікке ие, негізінен, кәсіпкерлік, кәсіподақтар басым.

Ендігі сөз мемлекеттік-әкімшілік мекемелеріндегі бюрократтық жайында. Мемлекеттік басқару теориясында «бюрократтық» (франц. bureau – бюро, кеңсе және грек. kratos – билік, үстемдік, кеңсе билігі, басқару аппаратының үстемдігі) атауы көп жағдайда қабылданатын шешімдердің орындалуын қамтамасыз етіп, ұйымдардың әкімшілік және техникалық аспектілерін сипаттауда қолданады.

Қазіргі қоғамда мемлекеттер мен ұйымдардың көлемінің өзгеруімен байланысты, бюрократтық шешімдерді басқару тетігінің қиындауы маңызды рөлге ие болды, ал кей кездері, мемлекеттік саясатта да маңызды рөлге ие бола бастады.



Бюрократтықтың төрт анықтамасы бар. Зерттеушілердің бюрократтықтың рөліне баға беруіне сай қоғамда мынадай түрлері қарастырылады:

- өмір сүру нысаны мен билік сипаты;

- мемлекеттік және жеке салада басқару қызметінің тиімділігін арттыруға көмектесетін қиын иерархиялық құрастырылған ұйым;

- саяси құрылымға және оның сайлау құрылымына кірмейтін, мемлекеттік аппаратпен күнделікті басқаратын Үкіметтің бір бөлігі;

- басқару аппаратына тән тиімсіздік пен былықтықпен сипатталатын мемлекеттік шенеуніктердің іс-әрекеттеріне теріс баға беру.

Бюрократтық былайша сипатталуы мүмкін:

- ұйым – әкімшілік іс-шаралар абсолюттендірілген саяси және өзге ұйымның арнайы нысаны. Билік іс-жүзінде шенеуніктер қолында шоғыр-ланған. Бұл сипатта бюрократтық үшін мүдделердің бағынуы, ресмилік тән;

әлеуметтік топ – мемлекеттік басқару саласына араласып, осы қызметі үшін мемлекеттен жалақы алатын адамдардың кәсіби бірлестігі.

Кез-келген саяси жүйеге бюрократтық қызмет қажет, себебі бір де бір бірлестік басқару аппаратынсыз жұмыс жасамайды. Ол өз құрамына күнделікті мемлекеттік қызметпен айналысатын білікті мамандарды шоғырландырады, себебі оларсыз билеуші элита еркі қарапайым ниет болып қана қалады.

Күнделікті өмірдегі үстемдік – ең бірінші кезекте, басқару. Қоғамда бюрократтықтың орындайтын өзіндік қызметі айқындалады. Сатылық жүйе мен шенеуніктердің біліктілігіне ие болып, ол сөзсіз әкімшіліктік билікке ие. Ол саяси элита өзгерсе де өз ұстанымын сақтайды. Автономды фильтр мен саяси өзгерістердің тежегіші рөлін ойнап, белгілі уақытта тәуелсіз саяси күш бола алады және өзіне мемлекеттік билікті алуы да мүмкін.

Осы жағдайды ескеріп, көптеген ғалымдар ойы бойынша бюрократтық қажетті, бірақ ол – жамандық: онсыз басқару мүмкін емес, бірақ ол қоғамнан саяси айыруды күшейтіп, азаматтардың мемлекеттік басқару қызметіне әсер ету ықпалын шектейді.

Сондықтан да күнделікті өмірде бюрократтық әкімшілік аппараттың тиімсіздігі мен былықшылығы мағынасын береді, бірақ теорияда бұл атау бейтарап сипатқа ие. Оның мағынасы баға беруге байланысты емес, ерекше міндеттермен, ұйым құрылымымен, әкімшілік тәртіптердің қатаңдығымен және осыдан шығатын шенеуніктердің арнайы корпоративтік мүдделерімен байланысты.

Бақылау сұрақтары:

1. Ұйымдасқан мүдделер тобы деп нені айтамыз?

2. Корпоративті басқару деген не?

3. Бюрократтықтың анықтамасы мен сипаттары.

4. Бюрократтықтың саяси және әлеуметтік мағынасы.

6.2. Мемлекеттік-әкімшілік саладағы шиеленістер

Мемлекеттік-әкімшіліктік саладағы шиеліністер өзінің мазмұны бойынша әлеуметтік-саяси шиеленістердің көптеген түрлерінің бірі болып саналады. Олар көптеген қызығушылықтар мен бұқаралық билікті қайта бөлу және жүзеге асыруда мемлекеттік құрылымдар мен институттардың күресі мен бәскелестігі негізінде пайда болады. Демек, мемлекеттік басқару саласындағы шиеленіс объектісі – ол билікті басқару, ал оның мәнін саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әкімшілік-ұйымдастырушылық және өзге де аспектілердің қиылысуы құрайды.

Мемлекеттік-әкімшіліктік саладағы шиеленістерді кез-келгенкездейсоқ құбылыс деп қарастыруға болмайды. Олар жүйелі сипатқа ие және белгілі бір мемлекеттік жүйеде билікті жүзеге асыратын, бірақ онда әр түрлі ұстанымдағы мемлекеттік-саяси институттардың, ұйымдар мен тұлғалардың қарым-қатынасының шынайы нысанын көрсетеді. Мемлекеттік-әкімшілік саланы өз бойында әр түрлі қарама-қайшылықты қамтитын қиын жүйе ретінде қарастыруға болады. Бірақ, бұл оған тұрақты түрде өзгеретін шарттарға үйреніп, дамуға мүмкіндік береді.

Сондықтан да, шиеленістер мемлекеттік-әкімшілік салада бейімделу тетігінің негізі болады, себебі бір жағынан, қарама-қайшылықты көруге мүмкіндік береді, ал, екінші жағынан, шиеленісті тиімді басқарып, барлық жүйенің тиімділігін арттыруға болады. Осылай, шиеленістер мемлекеттік басқаруда тек қана бүлдіргіш күш болмай, оң өзгерістерге әкелуі де мүмкін.

А.В. Глухованың айтуынша, шиеленіс мемлекеттік биліктің табиғаты негізінде бар. Себебі ол келісімге шақырып, адамдардың әр түрлі қызығушылықтарын үйлестіріп, нақты стратегиялық және тактикалық мақсаттарды анықтап, шамалы ғана құндылықтар мен әл-ауқатты бөлу керек.

Осыдан мемлекеттік-әкімшілік шиеленістің көптеген себептері шығады. Оның бірінші басты көзі – басқару дәрежесі мен рөлдердің сатылық жүйесінде жатыр. Ол билеуші (басқарушы) мен қол астындағылардың (бағынушы) арасындағы қарама-қайшылық негізін қалыптастырып, басқару субъектілерінің арасында билікті тең бөлмеуіне жалғасады.

Мемлекеттік-әкімшілік шиеленістің көзі ретінде билік жүйесінің дұрыс ұйымдастырылмағаны да, өзге де мемлекеттік органдар мен қызметкерлер арасында өкілеттікті нақты бөлмеу де себеп болады. Кадрларды алмастырудың болмауы немесе олардың қызметтік саты бойынша көтерілмеуі де шиеленіске әкелуі мүмкін, сонымен қатар арбитраж немесе апелляция органдарының болмауы, әдістер мен әр түрлі ойларды анықтау үдерісі де себеп болуы мүмкін.

Оның нәтижесінде шиеленіс ұлғайып кетуі мүмкін. Көп жағдайда шиеленіс себебі ретінде мемлекеттік қызметшілердің негізгі құндылықтар мен саяси идеалдарды анықтау, ағымдағы жағдайларға баға беруі болады. Олар негізінен, қоғам мен мемлекетті реформалау мәселелерінің жолдарын, қабылданған шешімнің әділдігі мен негізделгендігін қарастырады.

Бұл шиеленістер нормативтік-құндылық жүйесі қалыптаспай және бағалау санаттары жалпы сипатқа ие болмаған өзгерісті және өтпелі кезеңдерге тән.

Біз шиеленістің маңызды көзін басқару коммуникациясының технологиясынан да табамыз, ең бірінші кезекте, ол ақпараттың жетіспеушілігі мен қателігі немесе мақсатты түрде оны алдап-арбау.

Ақпараттық ағынның кез-келгенін бұрмалау немесе ақпарат желілерінде жолды қиындату да шиеленіске әкелуі мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет