Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет12/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Үкіметтің басты міндеті – мемлекеттік саясатты рационализациялау болып табылды.

Бұл дегеніміз: мемлекеттік қолдауды қажет ететін басым бағыттар, салалар мен мәселелер аумағын анықтау және белгіленген белгілер негізінде экономикалық, әлеуметтік және басқа да бағыттарды ынталандыру.

Мемлекеттік органдар, көп жағдайда, саясатты жасау барысында министрліктерде арнайы кеңестер немесе сараптамалық бөлімдер құру арқылы сарапшылар көмегіне жүгінеді. Сарапшы және талдау мамандықтары болашағы бар мамандықтар қатарына жатады және олар мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде шешім қабылдау кезінде маңызды рөлге ие.



Саяси сараптамада қолданылатын әдістер мен үлгілер түрлі сипатқа ие және шешім қабылдау мен мемлекеттік саясатты жасауда басшыға көмек көрсетуге бағытталған.

Саяси сараптама негізі дегеніміз пәнаралық әдістерді пайдаланып, оның туындауына себеп болған шарттар мен факторлар жиынтығының мәселені зерттеу, саясаттың бірнеше баламалы нұсқаларын қалыптастыру, мүмкіндігінше оларды объективті бағалау және қойылған саяси мақсаттарды ескеріп, мәселені шешудің ең тиімді нұсқасын ұсыну.

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік басқарудағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.

2. Мемлекеттік саясаттың жүзеге асырудың тетіктері.

3. Мемлекеттік саясат жасаудың үлгілері.

4. Мемлекеттік саясаттың түрлері.

5. Мемлекеттік саясатты зерттеу әдістері.

6. Мемлекеттік саясатқа ықпал ететін сыртқы факторлар.

7. Мемлекеттік билік органдары жүзеге асыратын басымдықтар.

8. Мемлекеттік саясаттың баламаларын таңдау белгілері.

1.3. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру тетіктері

Ұтымды ойластырылған және жете дайындалған саясат жүзеге асырылуының мардымсыздығына байланысты көп жағдайда күтілген нәтижелерді бермейді. Сондықтан мемлекеттік саясат пен оның дайындалуын бір-бірінен ажырату мүмкін емес, себебі дайындық кезеңінің өзінде жүзеге асырылатын жоспарлар мен бағдарламалардың нақты шарттарға сай қандай деңгейде екендігі ескеріліп, міндетті түрде талдануы тиіс.

Сонымен қатар, барлық кезеңдерде – дайындауда, жүзеге асыруда, бағалауда жалпыға ортақ мәселелер туындайды. Бұл мәселелер міндетті түрде зерттеуді қажет етеді, нәтижесінде қайсысымен айналысқан дұрысырақ екендігі анықталады. Көптеген мемлекеттердің тәжірибесінен алынған тағы бір қорытынды бойынша, аталған саясаттың жүзеге асырылуында саяси орта, сонымен қатар саясаткерлер мен әкімгерлердің орталық және жергілікті құрылымдармен ынтымақтастық деңгейі; саяси көшбасшыларды қолдау және т.б. орасан зор рөл атқарады.

Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру дегеніміз – азаматтық қоғам институты мен әр түрлі үкіметтік ұйымдар қатысатын, қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған тұрақты, динамикалық үдеріс. Мемлекеттік саясат, мемлекеттік немесе жеке бағдарламаның қуатталғанынан кейін заңды деп танылған соң бірден жүзеге асырылады да, мемлекеттік аппарат қызметінің негізгі түрі болып табылады.

Мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құрамдас бөлігіне оны орындау тетігін анықтау жатады. Бұл қойылған міндеттерге сәйкес жоспарланған іс-шараларды өткізуге қажетті құралдар, әдістер және ресурстар жиынтығын қамтамасыз етеді.

Жүзеге асырылу тетігі төмендегідей кешенді іс-шараларды қамтиды:

- ұйымдық-басқарушылық;

- нормативтік құқықтық;

- қаржылық-экономикалық;

- әлеуметтік-психологиялық.

О.Ф. Шабров мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселесіне байланысты бұл үдерісті әр түрлі жолмен қарастыратын үш әдіснамалық жолдарын атайды.

Біріншіден, желілік үдеріс ретінде жүзеге асырылуы. Бұл ретте табысты орындалудың негізгі ұйымдастырушылық шарттары төмендегідей:

1) қызметтің айқын мақсаттарын және атқарылымдарды орындау стандарттары;

2) қажетті ресурстардың болуы: қаржы, материалдық, ақпараттық, адами және т.б.;

3) тиімді ұйымдық құрылым;

4) дайындалған ережелер, рәсімдер және нұсқаулар, ұйым қызметін және оның билік құрылымымен қарым-қатынасын үйлестіру және реттеу;

5) саясатты жүзеге асыру үдерісіне қатысатын коммуникацияның дамуы және әр түрлі құрылым қызметтерінің үйлесімділігі, сонымен қатар:

- атқарушы және заң шығарушы билік;

- орталық және жергілікті билік;

6) ынталандырылған және білікті қызметкерлер.

Екіншіден, жүзеге асыруды барлық қатысушылардың, бірінші кезекте орындалу мерзімінде шарттар мен міндеттер бойынша өзіндік қызығушылықтарын шеберлікпен үйлестіретін, серіктестік қатынасты қалыптастыратын жоғарғы басшылардың бейімделуіне байланысты сан алуан мемлекеттік құрылымдардың кешенді әрекеті ретінде қарастыруға болады. Мұнда болып жатқан оқиғалар мен қол жеткізген нәтижелерден хабардар ететін ақпараттық жүйе мен кері байланыс арналары басты рөл атқарады.

Үшіншіден, жүзеге асыруды бастапқыда белгіленген ресми және ресми емес нақты ережелер немесе саясатты орындаушылардың жинақталған тәжірибесі негізінде қалыптасатын қызмет түрі ретінде көрсетуге болады. Стратегия мен тактиканы, басқару мен бақылауды дайындауда бұларды пайдалану әрбір қатысушының қызметін анықтап, ұйым мақсаттарының жүзеге асырылу қарқынын жеделдете түседі. Бұл жағдайда ұйым мүшелерінің арасындағы өзара қарым-қатынасқа ықпал ететін ұйымдық мәдениеттің маңызы өте зор.

Жүзеге асыру үдерісі күрделі және жан-жақты қызметті және күрделі салаларды қамтиды, сол себепті оны орындауға көптеген қатысушылар жұмылдырылады. Осыған байланысты оларды жеке топтарға бөлу және оны жіктеу мәселесі туындайды. Жүзеге асырудың тиімділігі қойылған мақсаттардың тек шынайылығына ғана емес, сонымен қатар осы үдерістің барлық ұйымдастырушылары мен қатысушылары арасындағы қарым-қатынасқа да байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет