Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет32/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Тактикалық басқару – белгіленген мақсаттарға жетуде жүзеге асырылатын нақты әрекеттер. Бұл қысқа мерзімді басқару, базадағы ақпараттарды белгілі уақыт аралығында стратегиялық жоспар бойынша қол жеткізген жетістік көрсеткіштерімен әрдайым салыстырулар жүргізу. Кейде стратегиялық жоспар көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі, егер бұрын соңды ескерілмеген факторлар шығып жатса, онда кейбір мақсаттар қайта қараудан өткізіледі.

Жедел басқару қаламаған міндеттерді қабылдамаудың нәтижесінде пайда болған ағымдық немесе жаңа пайда болған мәселелерді шешуге арналған. Мұнда нақты саны жағынан өлшенетін бағдарлар қойылады және жағдайға байланысты ыңғай жасалады, яғни қалыптасқан жағдай бойынша қолайлы нұсқа таңдалады.

33-сурет. Басқарудың негізгі түрлері

Ситуациялық басқарудың ерекше түрі дағдарысқа қарсы басқару. Дағдарысқа қарсы басқару – кәсіпорынның банкротқа ұшырау тәртібін және ескерту шараларын жүргізу үшін енгізіледі, ол кәсіпорындық жүйеге жатпайтын органдар тарапынан орындалады және мәжбүрлі және сыртқы болып бөлінеді. Сонымен қатар, төрелік және конкурстық басқарушы арқылы, мердігерлік келісімшартқа байланысты борышкер кәсіпорынды басқаруды қамтиды.

Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін кейде сенімді басқару енгізіледі. Бұлар иелік қызметінің басқару қызметінен бөлінуін көрсетеді, келісім-шарттағы тұлғалар тарапынан мемлекеттік басқару органымен жүзеге асырылады және кәсіби басқармаларға әлеуметтік басқармалар арқылы өзгертіледі. Мемлекетпен қарым-қатынас өктемділікпен емес, керісінше

келісім-шартқа сәйкес ресми теңдік жағдайда қалыптасады.

Мемлекеттік ықпал етуде әкімшілік және экономикалық әдістер қолданылады.



Әкімшілік ықпал ету – нұсқаулы мәжбүрлеу әдістері арқылы басқарылатындардың қызығушылықтарына ықпал ету, яғни олардың пікірінсіз рұқсат беру, тыйым салу, тәртіптік санкциялар қолдану және т.б. Әкімшілдік кез-келген басқару ықпалына қажетті компонент болып табылады, дегенмен олардың ауқымы әр түрлі болуы мүмкін. Атқарушы органдардың құрылымында олар өзіндік мағынаға ие және тағайындау арқылы жүзеге асырылады, яғни жұмыстан босатылу, мадақтау, лауазымды адамдарды жазалау және т.б. Сонымен қатар экономикада мұның кері әсері де бар (әкімшілік әдістер арқылы нарықтық тетіктерді алмастыру).

Экономикалық басқару – экономикалық қызығушылықтар арқылы басқару нысанына жанама әсер ету. Демек, шаруашылыққа байланысты заң шығару, қаржы, ақша, несиеге байланысты мемлекеттік саясат бойынша ықпал ету. Бұл жағдайда тікелей нұсқаулы мәжбүрлеу болмайды, басқару нысаны әрекет ету түрін таңдауда еркін болып саналады, бірақ олардың заң шығаруға қайшылығы туындаған жағдайда экономикалық санкциялар қолданады (мысалы, салық төлемегені үшін айыппұл салу). Экономикалық басқару әдетте қызмет түрінің саласы мен өрісі бойынша бөлінеді.

XX ғасырда мемлекеттік қызмет көлемі біртіндеп кеңейіп, мемлекеттің қоғамдық рөлі жоғарылады. Әсіресе мұндай көрсеткіш «мемлекеттің жалпыға ортақ игілігі» кезеңінде көрініс тапты. Кейде мұндай көрсеткіштер мемлекеттің басқару мүмкіндіктері мен қоғамның қажеттіліктері арасындағы баланстың бұзылуына алып келеді. Мысалы, «әлеуметтік мемлекет» үлгісін тарату мемлекет қызметінің барлық орындарында кеңейтіліп, экономикалық өсу кезеңінде мемлекет экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық факторы ретінде қарастырылды және де бұл мемлекеттік басқаруда нақты «әлеуметтік» үлгіні, мемлекеттер мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасты қалыптастырды.

Бақылау сұрақтары:

1. Орталық және жергілікті биліктің қарым-қатынасының негіздері.

2. Салалық және аумақтық басқару.

3. Басқарудың уақыт шеңберіне қатысты бөлінуі.

4. Ситуациялық басқару түрлері.

5. Мемлекет пен азаматтық қоғам қарым-қатынасының түрлері.

3.2. Мемлекеттік басқарудың объектілері мен субъектілері, негізгі әдістері

Басқару дегеніміз әлеуметтік маңызды нәтижелерге жету мақсатында басқарудың субъектісі мен объектісінің мақсатты бағытталған іс-әрекеті.

Объективті шындық сияқты басқару да әмбебап құбылыс болып табылады. Себебі ол барлық қоғамда, барлық мемлекетте бар, адамдардың қоғамдық тіршілік әрекетінің барлық жақтарын қамтиды және адамзат өркениетінің барлық кезеңінде болды. Басқару мемлекеттен әлдеқайда «ересек». Басқару қоғамда оған деген қажеттілік туған жағдайда пайда болады.

Әлеуметтік басқару құбылысының негізгі таратушылары болып басқарудың субъектілері мен объектілері танылады. Олар нақты қауымдастықтарда әр түрлі көлемдерде әрекет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет