Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет55/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

И.Г. Солодкова «Мемлекет өзінің негізгі қызметі мен мақсаттарын жүзеге асыру үшін экономика саласында бірнеше бағытта жұмыс жасайды» дейді. Ол:

- біріншіден, экономикалық іскерліктің инфрақұрылымы мен ортасын жасайды;

- екіншіден, экономикалық іскерліктің негізгі нормалары мен тәртіптерін қамтамасыз ететін институционалдық құрылымды қалыптастырады;

- үшіншіден, қолайлы әлеуметтік ортаны жасайды;

- төртіншіден, белгілі бір экономикалық саясатты қалыптастырады және оны жүзеге асырады, мысалы, экономикалық дамудың басым бағыттарын анықтайды;

- бесіншіден, экономикалық іскерліктің белсенді субъектісі ретінде өзінің экономикалық қызметін жүзеге асырады;

- алтыншыдан, мемлекеттік тапсырысты орнатады және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Оны дамыған елдерде «келісім-шарт жүйесі» деп атайды.

Осыны ескеріп, 50-суретте берілгендей, қаржылық тұрақсыздық жағдайындағы мемлекеттің қызметін былайша бөліп көрсетуге болады:

- елдің әлеуметтік-экономикалық, құрылымдық-технологиялық және институциялық қайта құруларының дамуының стратегиясын жасау және оны жүзеге асыру, геоэкономикалық қарым-қатынас жүйесінде мемлекеттің рөлі мен орнын анықтау;

- нарықтық экономиканың әлеуметтік бағытын анықтау;

- шешуші инвестициялық, құрылымдық-технологиялық бағдарламаларға қатысу;

- жалпы ұлттық өнімнің маңызды бөлігін бөлу және қайта бөлу;

- басқарудағы жалпыұлттық экономикалық және әлеуметтік үдерістердің бастамаларын дамыту және нығайту;

- сыртқы экономикалық саясатты икемді түрде жүргізу;

- нарықтық экономика субъектілеріне ойын тәртібі сияқты жалпы заңнамалық және құқықтық алғышарттар жасау, республикалық орталық пен жергілікті мемлекеттік органдардың (өзін-өзі басқару) құзыреттіліктерін бөлу.

Мемлекеттік басқарудың кешенді қызметі макроэкономикалық тұрақтылық болып саналады. Мемлекеттік басқарудың бұл қызметі жұмыспен қамтамасыз ету және құнсыздану деңгейін бақылауда, экономикалық жүйені деңгейлестіруде, экономикалық дамуды ынталандыруда көрініс табады.

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі экономиканың шынайы өзгерген жағдайына, оның қызметінің іс-жүзіндегі нәтижесіне қарап бағалануы тиіс.

Мемлекет экономикалық үдерістерді басқаруды жүзеге асыру барысында әдіс-тәсілдер мен құралдарды пайдаланады. Олар экономикалық міндеттерге, мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктеріне, басқару кезінде жинаған тәжірибесіне сай өзгеріп отырады.

50-сурет. Мемлекеттік басқарудың негізгі қызметтерінің құрылымы

Экономиканы басқару кезіндегі әдіс-тәсілдерді, құралдарды және оларды пайдалану тетігін таңдауда басқару құралдары экономика дамуының стратегиялық бағыттарына сай анықталады. Әр мемлекетте мемлекеттің экономикаға әсер ету құралы бірдей болуы мүмкін емес. Бірақ, осы мемлекеттердегі саяси, әлеуметтік, экономикалық ерекшеліктер, мақсаттар мен міндеттердің өзгешелігі мемлекеттің экономиканы басқаруындағы ең тиімді әдістерді таңдау қажеттілігін тудырады, олардың басымдықтарын анықтауды қажет етеді.

Мемлекеттік басқарудың нақты құралдары әр түрлі және кем дегенде алты топқа біріктіріледі (514-сурет):

1. Ұйымдық-басқарушылық: лицензия беру, тіркеу, регламенттеу, монополияға қарсы тыйым салу, баға шегі, квота беру (жалақыны ең төменгі деңгейге жеткізу).

2. Нормативті: стандарттар, нормативтер, тарифтер.

3. Қаржы-кредиттік: есептік мөлшерлеме, валюталық операциялар, кредиттік жеңілдік.

4. Қазыналық-кедендік: салық мөлшерлемелері, кедендік баж, кедендік жеңілдіктер.

5. Қаржылық: мемлекеттік инвестициялар және тапсырыстар, демеуқаржы, көмекқаржы.

6. Жоспарлы: болжамдар, бағдарламалар, индикативті және стратегиялық жоспарлар (51-сурет). Орталықтандырылған директивті жоспарлаудан индикативтіге өту ұзақ мерзімді алады. С.С. Бузановский, Н.А. Горелов, А.С. Титковтардың айтуы бойынша, дағдарыс кезінде өтпелі нысан ретінде жеңілдікпен жоспарлау алға шығады. Ол өз бойында орталықтандырылған-директивті қасиетпен бірге индикативті жоспарлауды да қамтиды.

51-сурет. Мемлекеттік басқарудың нақты құралдары

Мемлекет өзінің экономикалық саяатын жүзеге асыру барысында көптеген әдістерді және экономиканы мемлекеттік басқарудың түрлі тәсілдерін пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет