Мемлекеттік қаржы: мәні, мазмұны, функциялары


Мемлекеттік қаржының ерекшелік белгілері



бет2/3
Дата16.02.2023
өлшемі20,49 Kb.
#169079
1   2   3
Байланысты:
2 Мемлекеттік қаржы

Мемлекеттік қаржының ерекшелік белгілері
Мемлекеттік қаржының құрамы және құрылымы мемлекеттік құрылым жүйесіне байланысты болады. Қазақстанда Конституцияға және Азаматтық Кодекске сәйкес екі деңгейлі қаржы жүйесі қалыптасқан. «Мемлекеттік қаржы» категориясына келесідей түсініктерді жатқызуға болады:
- мемлекеттік несие;
- мемлекеттік бюджетке және мемлекеттік бюджеттік емес қорларға түсетін түсімнің негізгі бөлігін құратын салық жүйесі;
- бюджетке және бюджеттік емес қорларға түсетін салықтық емес түсімдер;
- бюджеттік жүйе;
- мемлекет және оның органдары басқаратын ақша қаражаты қорларын құруға және қолдануға қажетті басқа да қаржы түсінігі.
Мемлекеттік қаржыны басқаруды мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады, біріншіден, ел Президенті, заңнамалық және атқарушы органдар (Үкімет, Мәжіліс, Ұлттық банк, Қаржы министрлігі, аймақтық органдар, Маслихат және т.б.).
Мемлекеттік қаржы – мемлекеттің дамуымен және оның қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерінің өсуімен байланысты тұрақты тауарлық-ақшалай айырбас жағдайында туындайтын ақша қаражаты қорларын құру және
пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айқындайтын экономикалық категория. Қаржы мемлекеттің экономикалық құрылуымен өзара байланыста көрінетіні тарихи дәлелденген болып отыр. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы өз қолында, қоғамның қажеттіліктерімен ақталған көлемді ақша қаражаттарын жинақтайды.
Мемлекеттік қаржы – бұл жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) және ұлттық табысты (ҰТ) бөлу және қайта бөлудің экономикалық құралы, ақша қаражаты қорларының құрылуы және қолданылуын бақылау құралы.
Мемлекеттік қаржының негізгі мақсаты – мемлекет және кәсіпорындардың ақша қаражатына деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін ақша кірістерін және қорларын құру, сонымен қоса жұмсалымдарды бақылау, қаржылық ресурстардың мақсатты және тиімді қолданылуы.
Қаржылық қатынастарға төмендегі қатысушылардың өндіріс процесінде туындайтын ақшалай қатынастар жатады:
- мемлекет және кәсіпорындар (ұйымдар) салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша, сонымен қоса кәсіпорындардың кейбір шығындарын, дамудың республикалық және аймақтық бағдарламаларына сәйкес бюджет есебінен қаржыландыру;
- бюджетке және бюджеттік емес қорларға міндетті және еркіті төлемдерді төлеген кезде мемлекет және азаматтар арасында;
- орталықтандырылған қорлар құру кезінде мемлекеттік кәсіпорындар және жоғарғы билік ұйымдары арасында;
- бюджеттен тыс қорларға сақтандыру, зейнетақы жарналары беру кезінде кәсіпорындар және осы қорлар арасында;
- шот ашу кезінде, несие алғанда, несие бойынша пайыз төленген уақытта, банктердегі шоттарда ақша қаражаттарын сақтау кезінде кәсіпорындар мен коммерциялық банктер арасында;
- сақтандыру жарналарын төлеу уақытында және сақтандыру жағдайы орын алған уақытта сақтандыру қорынан шығынды өтеу кезінде кәсіпорындар мен сақтандыру органдары арасында;
- еңбекті өтеу қорынан еңбекақыны төлеу кезінде кәсіпорындар мен жұмысшылар арасында;
- сатып алынған тауарлы-материалдық құндылықтар, дайын өнімді өткізу және қызмет көрсету бойынша есеп айырысу кезіндегі өндірістік және коммерциялық қызмет процесінде кәсіпорындар мен ұйымдар арасында.
Мемлекет, кәсіпорындар, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасындағы ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты экономикалық қатынастардық жиынтығы қаржы қатынастарын тудырады. Осылайша, мемлекеттік қаржы – бұл ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу негізіндегі ақша қаражаттары қорларын қолдану және құрумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесі.
Қаржының пайда болу себебі – мемлекеттің және басқа да субъектілердің олардың қызметін қамтамасыз ететін ресурстармен қамсыздандыру. Осылайша, мемлекеттік қаржы маңызды экономикалық, әлеуметтік және саяси сипатқа ие.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет