Мемлекеттік қаржы: мәні, мазмұны, функциялары.
Мемлекеттік қаржы – қатысушысы белгілі-бір тұрғыдан алып қарағанда мемлекет болып табылатын, ақша қатынастарының нысаны.
Мемлекеттік қаржы – экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы, мемлекеттік органдарды қамтамасыз етуге және мемлекетке тән қызметтерді атқаруға қажетті ақша қорларының құрылу және қайта бөліну жүйесі.
Мемлекеттік қаржы орталықтандырылған (жалпы) қаржы бөлігіне жататын қаржы жүйесінің бір бөлімін құрайды.
Мемлекеттік қаржының негізгі мақсаты – мемлекеттің функцияларын орындауға қажетті қаржы ресурстарының құрылу көздерін және қолданылуын қамтамасыз ету.
ҚР мемлекеттік қаржысына келесідей функциялар тән:
Бөліп таратушылық, яғни ақша қаражаттарының мемлекет қолында жинақталуы және ары қарай жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында олардың қолданылуы жүргізіледі. Қайта бөлу функциясы орталықтандырылған қорлар жүйесі арқылы іске асырылады және оның нәтижесі болып келесілер болып табылады:
- қайтарымдылығы жоғары салалар табыстарының қайтарымдылығы төмен салаларға бөлінуі (мысалы, өнеркәсіптен ауыл шаруашылығына);
- өндірістік емес сала ұйымдарын бюджет есебінен қамтамасыз ету;
- тұрғылықты халық арасындағы әртүрлі әлеуметтік топтар арасында табыстарды қайта бөлу;
- әртүрлі аймақтық туындамалар арасында табыстарды қайта бөлу.
Реттеу функциясы бюджеттік қордың құрылуы және қолданылуымен байланысты. Бюджеттік қор салықтар, қарыздар, мемлекеттік меншіктен түсетін кіріс есебінен құрылады. Салық арқылы мемлекет экономикалық белсенділікті тежей немесе керісінше қосымша серпін бере алады.
Бюджеттік қорды қолдану мақсатты шығыстар арқылы жүзеге асырылады. Мемлекет, жалпы шаруашылыққа ие субъект ретінде, өндірістік процестің барлық қатысушыларының экономикалық мүдделерін ескере отырып бюджеттік қаражаттарды мемлекеттің әртүрлі қызмет салалары және қоғамдық шаруашылық салалары бойынша бөледі. Осылайша, мемлекеттің көзқарасы бойынша ең қажетті деген шаруашылық қызметі арналарына қаржылық құралдардың шоғырлануы жүзеге асырылады.
Бюджеттік шығындарды жүзеге асыра отырып мемлекет қоғамдық шаруашылықтың құрылымын өзгертуге, шаруашылық нәтижелеріне ықпал етуге, әлеуметтік түрлендірулер жүргізуге мүмкіндік алады. Бюджеттік қорды ҒТП жылдамдату үшін қолдана отырып, дәл осы бюджеттік қор ел экономикасына жағымды ықпал ете алады. Ғылымды бюджеттік қаржыландырудың жаңа механизмін құру, кадрларды дайындау және қайта дайындаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, жаңа өнім түрлеріне табыс салығын салу жүйесінде жеңілдетілген салық режимін қолдану және тағы да басқа осындай бюджеттік іс-шаралар ғылыми жаңалықтарды, инновациялық технологияларды, жаңа техникалық жетістіктерді, оларды өндірістке енгізу мерзімдерін қысқартуды ынталандыруға жетелейді, ал бұл өз кезегінде ғылыми-техникалық прогресті жылдамдатудың негізі болады.
Мемлекеттік қаржының бақылау функциясы қаржылық ресурстердың қаншалықты уақытылы және толық мемлекет және жергілікті билік органдарының қарамағына түсетінідігін, бюджеттік қаражаттарды бөлудегі үйлесімділіктің нақты мәнін, олардың қолданылу тиімділігін білуге болады.
Мемлекеттік қаржының бақылау функциясын кең мағынада және де тар мағынада қарастырған жөн.
Тар мағынада бақылау функциясы келесі бағыттар бойынша іске асырылады:
орталықтандырылған қорларға қаражаттарды аудару уақыттылығы және дұрыстығын бақылау;
өндірістік және әлеуметтік даму қажеттіліктерін есепке ала отырып ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорларға берілген параметрлердің сақталуын бақылау;
қаржы ресурстарының мақсатты және тиімді қолданылуын бақылау.
Мемлекеттік қаржының бақылау функциясы негізінде мемлекеттің ақша қаражаты қорын құру және қолдану арқылы экономиканың құрылымдық буындарында өтетін экономикалық процестердің айқындалуы жүзеге асырылатыны жатыр. Соның арқасында бюджет мемлекет қарамағына әртүрлі шаруашлық субъектілерінен ресурстардың қалай түсетіні туралы, мемлекеттің орталықтандырылған ресурстары оның қажеттіліктер көлеміне сәйкестігі туралы «белгі» бере алады.
Кең мағынада бақылау функциясы мемлекеттің қаржы саясаты нәтижелерін қойылған мақсаттар мен орнатылған критерийлермен салыстыруды білдіреді. Осылайша, бұл жағдайда қаржы саласындағы өзгерістерді айқындау және соған сәйкес өзгертулер енгізуді негізге алатын ұзақ мерзімді қаржылық саясаттың іске асырылуы туралы айтуға болады.
Қаржыны кең және тар мағынасында қарастырғанда олардың жеке және мемлекеттік болып бөлінуінде, аталған қорытынды толықтай негізделген деп айтуға болады.
Материалдық тұрғыда мемлекеттік қаржы мемлекет иелігіндегі ақша қаражатының жиынтығы болып табылады. Сонымен қоса айтатын болсақ ақша және де қаржы нақты ақша (қолма-қол ақша) және қолма-қолсыз формада бола алады. Бірінші жағдайда олар құндық белгілері көрсетілген белгілі-бір қағаз ақша немесе монеталық түрде болса, екінші жағдайда олар белгілі-бір шоттардағы жазбалар түрінде көрсетіледі.
Мемлекеттік және жеке қаржы арасындағы айырмашылық келесіде:
мемлекет салық салу жүйесі арқылы өз табысын міндетті түрде түсіре алады (сонымен қоса мемлекеттің өзіне деген мәжбүрлік сипат жоқ, жеке тұлғаларға келетін болсақ, бұл жерде жағдай мүлдем басқа: олар өз табыстарын мәжбүрлі түрде қамтамасыз ете алмайды, сондықтан өз міндеттемелерін орындай алмауы әбден мүмкін);
мемлекеттік қаржы қаржы жүйесімен байланысты, ал ол өз кезегінде мемлекетпен басқарылады, ал өз қаражаттарын басқаратын жеке меншік иелері ақша жүйесіне ықпал ете алмайды;
жеке қаржы табыс табуға мақсатталған, ал мемлекеттік қаржы, керісінше – бұл барлық қоғамның қызығушылығын іске асыруға арналған қаражаттар;
жеке тұлғалар басқаратын жеке қаржыларға қарағанда, мемлекеттік қаржының көлемі үлкен болып табылады.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік қаржыны ақша қорларын құру, бөлу және қолдану бойынша қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде таниды. Бюджеттік қорды қолдану мақсатты шығыстар арқылы жүзеге асырылады. Мемлекет, жалпы шаруашылыққа ие субъект ретінде, өндірістік процестің барлық қатысушыларының экономикалық мүдделерін ескере отырып бюджеттік қаражаттарды мемлекеттің әртүрлі қызмет салалары және қоғамдық шаруашылық салалары бойынша бөледі. Осылайша, мемлекеттің көзқарасы бойынша ең қажетті деген шаруашылық қызметі арналарына қаржылық құралдардың шоғырлануы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |