Шардара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің 2017 жылы қаңтар-шілде айлары аралығында атқарған жұмыстары туралы мәлімет



бет1/2
Дата06.07.2018
өлшемі61,29 Kb.
#47298
  1   2
Шардара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің 2017 жылы қаңтар-шілде айлары аралығында атқарған жұмыстары туралы мәлімет
Ақпараттық-насихаттық топтар туралы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 25 қаңтардағы билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуіне орай, Шардара ауданында түсіндіру және насихаттау бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 25 қаңтар күні Қазақстан халқына конституциялық реформаға өзгерістер енгізу жөніндегі үндеуін жастарға кеңінен түсіндіру мақсатында, аудан жастары арасында «Елге тірек-Елбасы үндеуі» атты тақырыпта 6 кездесу, 1 семинар, 2 дөңгелек үстел мәжілісі ұйымдастырылып, қала, ауылдық округтерде, елді мекендерде өткен 30 іс-шараларға 1380 адам қамтылды.

Сонымен қатар іс-шаралар жоспарынан тыс Шардара қаласындағы мекемелерде кездесулер өткізіліп, іс-шараларға 1500 адам қамтылған.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау бойынша 2017 жылы 2 ақпан күні аудан әкімінің № 2-9ө Өкімі бекітіліп, ауданда 3 ақпараттық-насихаттық топ құрылды. Құрылған ақпараттық топтар қала, ауыл округтерде 18 кездесулер өткізіліп, 2105 адам қамтылды.

Сонымен қатар өкіммен бекітілген Елбасы Жолдауын түсіндіру және насихаттау бағытындағы медиа-жоспарға сәйкес, жыл басынан аудандағы еңбек ардагерлерінің, ел ағаларының, саяси партиялар мен ҮЕҰ мен басқа да қоғам өкілдерінің ой-пікірлері және аудан көлемінде өткізілген іс-шаралар «Елбасы Жолдауы қолдау табуда» айдарымен мақалалар топтамасы жергілікті БАҚ-да 45, облыстық БАҚ-да 8 оның ішінде «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы арқылы 4, республикалық БАҚ-та 1, аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсында 9 және «Facebooк» әлеуметтік желілерінде 23 мақала жарияланды, іс-шаралар жоспарына сәйкес қала, ауыл округтерінде, елді мекендерде 2500 адам қамтылған 28 іс-шаралар өткізілді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру бойынша 4 сәуір күні «Қазақстанның үшінші жаңғыру аясында» тақырыбында ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне арналған семинар өткізіліп, бөлім тарапынан дайындалған көмекші құралдар (120 дана) қала, ауылдық округтердегі АНТ мүшелеріне таратылды.

Бүгінгі таңға ауданда Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және насихаттау бағытындағы аудандағы 229 кездесулерге барлығы 19815 адам қамтылған.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттік» атты Жолдауының бесінші басымдығына сәйкес сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу шараларын күшейту мен қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Есіктен есікке» бағдарламасы аясында азаматтарды жедел қабылдау мақсатында құқық қорғау, мәдениет, спорт саласы қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясы, қоғамдық ұйым мүшелері мен дін өкілдерінен құралған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ құрылып, қала, ауылдық округтерде 15 қоғамдық қабылдауы өткізілді.

Қоғамдық қабылдау барысында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында жемқорлықтың қоғамға тигізер зардабы мен оның жазасы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 900 парақшалар таратылды.

«Есіктен есікке» бағдарламасы аясында 2017 жылдың 18 мамыр күні Шардара қаласы, «Абай» алаңында «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты жастар форумы өткізілді. Форум барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы парақшалар таратылып, кітап көрмесі, білім беру мекемелерінің флеш-мобы және мобильді топтың қоғамдық қабылдауы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, «Есіктен есікке» бағдарламасы аясында 2017 жылдың 17 маусым күні аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе «Парасыз болашаққа. Бірге» атты велошеру өткізіліп, көше бойынша қала тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы парақшалар таратылды.

2017 жылдың наурыз-маусым айларында «Есіктен есікке» бағдарламасын бұқаралық ақпарат құралдарында сүйемелдеу бойынша, аудандық «Өскен өңір» газетінде 8, әлеуметтік желілерде 7 мақала, телеарна арқылы 2 көрсетілім, көрнекі-үгіт құралдары арқылы 6 билборд, қоғамдық орындарда 900 ақпараттық парақшалар орналастырылып, коммуналдық төлем түбіртектері арқылы тұрғындарға ай сайын ақпараттық парақшалар таратылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің пара алу мен пара берудің жазасы жөнінде арнайы ақпараттық парақшалары қала, ауылдық округтердің әрбір елді мекендерінде орналастырылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті тарапынан, 2017 жылдың 7 маусым күні «Есіктен есікке» бағдарламасын насихаттауда белсенділік танытқаны үшін, Шардара аудандық ішкі саясат бөліміне Алғыс хат жарияланды.



2017 жылдың мамыр айында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсына аудандық іріктеуден 2 отбасы өткізіліп, облыстық байқауында ауданнан қатысқан отбасылар «Үздік отбасы», «Үздік жас отбасы» номинацияларын иеленді.

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, «Естен кетпес есімдер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Әрбір өткізілген іс-шаралардың мәліметі БАҚ-да, аудан әкімдігінің ресми- интернет ресурсында және Facebooк әлеуметтік желілерінде жарияланды.



ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын ауданда насихаттау мақсатында іс-шаралар жоспары түзіліп, жоспарға сәйкес, 2017 жылдың 20 сәуір күні Жаушықұм, Қ.Тұрысбеков және Көксу ауыл округтерінде тұрғындармен кездесулер өткізілді. Одан бөлек, 2-10 мамыр аралығында Шардара қаласындағы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектепте «Эвалюциялық даму – ұлттық өркендеудің мүмкіндігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілсе, Қ.Аманжолов мектебінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаланы қолдау мақсатында ұжым қызметкерлерімен жиын өткізілді. С.Құрманғазы мектебінде «Туған жер – біздің жалпыұлттық патриотизмнің негізі» тақырыбында ашық сабақ өткізілсе, аудандық орталық кітапханада «Рухани киелі Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесі өткізілді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында жергілікті БАҚ-да 20 мақала, әлеуметтік желілерде 18 мақала жарияланды.

2017 жылдың 2 маусым күні Шардара қаласы «Абай» мәдениет сарайында «Тұрақтылық-рухани жаңғыру кепілі» тақырыбында ІХ-шы «Ырыс алды-ынтымақ» қоғамдық форумы өткізіліп, сол күні «Ақ дастархан» мейрамханасында аудандағы зиялы қауым өкілдерінің Рамазан айына байланысты ауызашар іс-шарасы өткізілді.



Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы. Шардара ауданында 74 жергілікті бюджеттен 16 республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландыратын мекемелер орналасқан. 2017 жылдың 10-16 қаңтар, 23-24 ақпан, 20-21 сәуір күндері аралығында қала, ауылдық округтеріндегі мемлекеттік мекемелерде ҚР Мемлекеттік рәміздерін қолдану бойынша сыртқы бақылау жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктер ретке келтірілді.

2017 жылдың 1-ші шілдесінен бастап аудандағы СТ РК 989-2008 стандартындағы Мемлекеттік Елтаңбаның қолданыстан шығатындығына орай қала, ауыл әкімдеріне, дербес бөлімдерге қосымша жаңа стандарттағы Мемлекеттік Елтаңбаларды сатып алу туралы ұсыныс жолданды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің насихатталуы мен орналастырылуы бойынша 2017 жылдың 25 сәуір күні семинар-тренинг өткізілді

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай, жастардың патриоттық сезімін ояту, рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында 17,18 мамыр күндері Ұзын ата, Сүткент, Алатау батыр, Қызылқұм ауылдық округтерінде «Рәміздер-тәуелсіздік белгісі» атты дөңгелек үстел мәжілістері, Шардара қаласы мен Қоссейіт ауылдық округінде «Рәміздерім-мақтанышым» атты жастардың флешмобы өткізілді.

Бұқаралық акпараттық құралдар. Ауданда «Өскен өңір» ЖШС қоғамдық-саяси газеті және тәуелсіз танымдық-ақпараттық «Шартарап-Шарайна» газеттері шығады.

«Өскен өңір» газетінің таралымы 3715 дана, Шартарап-Шарайна» газетінің таралымы 2250 дана.

2017жылдың І-тоқсанда «Өскен өңір» газетінде жарияланатын мақалалардың медиа-жоспары бекітіліп, әрбір санында мемлекеттік саясатты насихаттау мақсатында тақырыптық айдарлар ашылып, мақалалар жарияланды.

Қала, ауылдық округтері әкімі аппаратының, аудан әкімі Б.Қыстауовтың халық алдындағы есеп беру жиыны туралы және әр сала бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде «Өскен өңір» газетінде ауылшаруашылығы-42, кәсіпкерлік-16, мәдениет-57, спорт-75, құрылыс-14, жұмыспен қамту-17, денсаулық-28, құқық қорғау бойынша 14 мақалалар жарияланды.

Сонымен қатар, Астана қаласында өткізіліп жатқан «ЕХРО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі туралы 26 және Алматы қаласында өткізілген «Универсиада-2017» олимпиадасы туралы 6 мақала жарияланды.

Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және «Мәңгілік Ел» идеясын кеңінен насхаттау мақсатында №16 колледжде «Мәңгілік елдің мәңгілік құндылықтыры» тақырыбында семинар өткізіліп, жергілікті БАҚ-да «Мәңгілік Ел-мәңгілік құндылықтыры», «Білімді ел-Мәңгілік Ел!, «Мәңгілік ел!» тақырыптарында мақалалар жарық көрді.



Көрнекі-үгіт құралдары бойынша. Бүгінгі таңда ауданда 235 көрнекі-үгіт құралдары орналасқан. Оның ішінде билбордтар 104, панно-тақтайшалар 96, басқа қолданушылар 35.

Қала, ауылдық округтерде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы бойынша 12, «100 нақты қадам» ұлт жоспары бойынша 7, Астана қаласында өтетін «ЕХРО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесінің өткізілуіне байланысты 32, дүниежүзілік «Универсиада-2017» қысқы ойындар олимпиадасының өткізілуі туралы 12 және Ұлттық телехабар қызметін насихаттау бойынша 12, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 12, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 5. Табиғатты қорғау 4, жарнамалық бағытта 8 билбордтар орналастырылды.

2017 жылдың 10-16 қаңтар, 23-24 ақпан және 20-21 сәуір күндері аралығында қала, ауылдық округтерде көрнекі-үгіт құралдарына мониторинг жұмыстары жүргізіліп, кемшіліктері бойынша ретке келтіру туралы қала, ауыл әкімдеріне ұсыныстар берілді.

Саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктердің қызметі туралы. 2017 жылы ауданда жұмыс атқарып жатқан «Нұр Отан» партиясы және «Ауыл» халықтық–демократиялық патриоттық партиясының аудандық филиалдары.

Ауданда 7 ҮЕҰ қызмет етеді. Бұл бірлестіктердің барлығы Әділет басқармасында тіркеліп, өз бағыттары бойынша жұмыс жүргізуде.

Ауданда әрекет етуші ҮЕҰ-дың жұмысын жандандыру мақсатында 3 интернет-ресурстық орталық жұмыс атқаруда. «Шипа» Дәрігерлер Қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, Шардара қаласында орналасқан «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де және «Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының «Сырдария» шаруа қожалықтары қоғамдық бірлестігі. Бұл ақпараттық ресурс орталықтары облыс көлеміндегі ақпараттық-ресурстық орталықтардың тізбесіне тіркелген.

Ауданда үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында, жергілікті бюджет есебінен 1696428теңге қаржы қаралып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде конкурс ұйымдастырылып, нәтижесінде «Нұлы Мирас» қоғамдық ұйымы жеңімпаз болып танылды.

Кеңес әскерінің шектеулі контингентінің Ауған жерінен шығарылуына 28 жыл толуына орай, «Ерлік – ұрпақ ұраны» апталығы аясында ауған соғысында қаза тапқан 1 жауынгер, 6 соғыс зардабынан қайтыс болған, 2 төсек тартып жатқан жауынгерлердің отбасына азық-түлік себеттері тапсырылды.

Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, отанды қорғауға, ауған соғысы ардагерлерін құрметтеу, олардың ерліктерін мәңгі есте сақтау мақсатында 2017 жылдың 10-16 ақпан күндері аралығында 7 білім беру мекемелерінде ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен «Ардагерлер үйінде» тақырыбында кездесу, 1 білім беру мекемесінде «Білімді Ел – Мәңгі Ел» тақырыбында фестиваль, №16 колледжде «Уақыт бізді таңдады» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сондай ақ, 2017 жылдың 10 ақпан күні Шардара қаласындағы орталық мұражайда ауған соғысында қолданылған қару-жарақ, әскери құрал-жабдықтарына арналған бұрыштардың ашылу салтанаты өтіп, 16 ақпан күні №16 колледжде ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен қорытынды кездесу кеші өткізілді.

«Шардара ауданының «Арулар» әйелдер кеңесі» мен «Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының «Сырдария» шаруа қожалықтары» қоғамдық бірлестігінің қатысуымен 1 наурыз - Алғыс айту күні Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған, бүгінгі күні ел бірлігіне өзіндік үлес қала, ауыл округінде тұратын 38 ұлт өкілдеріне алғыс айтылып, марапатталды және орталық кітапханада салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Дені сау ұрпақ-болашағымыз» тақырыбында 31 жастың қатысуымен дөңгелек үстел, «Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз» мерекесіне орай, 15 наурыз күні Қоссейіт ауыл округінде өзге ұлт өкілдері арасында 6 отбасының қатысуымен «Наурыз-пати» байқауы өткізілді.

Сонымен қатар, ерте жүктіліктің физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік мәселелерімен және ерте жыныстық қатынастың алдын алу бойынша ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында 348 жастар қатысқан кездесулер өтті.

«Шардара аудандық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің қатысуымен мұқтаж отбасыларға көмек беру мақсатында 1 наурыз - Алғыс айту күні және Наурыз мерекесінде орай, ұйымдастырылған қайрымдылық шараларда 11 отбасы мүшелеріне заттай және азық түлік пакеті (154000тенге) қаржы көлемінде таратылды. «Қайрымдылық-сауапты» тақырыбында қайрымдылық іс-шарасы ұйымдастырылып, мұқтаж 12 отбасыға көмек көрсетілді.

Сонымен қатар 1 топтағы мүмкіндігі шектеулі 3 азаматқа мүгедектер арбасы табысталды.

Аудандық ауруханада мүгедектерге арналған арнайы 2 палата ашылды. Жеке кәсіпкер И.П.Рысханның демеушілігімен 30 отбасыға азық-түлік себеттері табыстылды.

Аудандық ардагерлер кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуына орай, 2017 жылдың 4 сәуір күні «Ақ дастархан» мейрамханасында іс-шара өткізілді.

Сонымен қатар 2017 жылдың сәуір айында аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Ұзыната, Алатау батыр және Көксу ауылдық округтерінде мал ұрлығына нәтижелі тосқауыл қою мақсатында іс-шаралар өткізілді.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне аудандағы үкіметтік емес ұйымдар белсене қатысып, әр ұлттың қол өнер-шеберлерінің, тағамдарының көрмесі ұйымдастырылды.

2017 жылдың 15 мамыр күні аудандық орталық мешітте Ебласының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласына орай арнайы жиын өткізілді.

Шардара ауданынының құрметті азаматы Ә.Бұхардың 75 жылдық мерейтойына орай ардагерлер арасында шахматтан жарыс ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға бағалы сый-сияпаттар, алғыс хаттар табысталды.

2017 жылдың 18 шілде күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында облыстық «Азаматтық альянстың» ұйымдастыруымен «ҮЕҰ мектебі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Дін саласында атқарылған жұмыстар. Шардара ауданы бойынша бүгінгі таңға 16 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалдары мен 1 православиялық Шымкент епархиясының Шардара қаласындағы праведный Иоанна Кронштадский приходы діни бірлестігі 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасындағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға сәйкес 2012 жылы қайта тіркеуден өткізіліп, жұмыс жүргізуде.

Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізілуде. Атап айтқанда: Бірінші міндет: қоғамда тағатты діни сананы және радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жүргізу бағытында қала және ауылдық округ әкімдері жанындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының құрамына елді мекендерде беделді азаматтар, кәсіби мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ-өкілдері, имамдар, ауыл билері тартылып, қайта қалыптастырылды.

Ауданда 2017 жылға дін саласына қаралған қаржы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңбері аясында сатып алу конкурсы өткізіліп, жеңімпаз болып «Нұрлы Мирас» қоғамдық бірлестігі анықталып, бүгінгі таңға облыстық әлеуметтік бастамалар орталығының теолог маманының қатысуымен қала және ауылдық округтерде 160 кездесу өткізілді. Кездесулер хаттамасы толтырылып, қорытынды мәліметтер жинақталып, облыстық дін істері басқармасы мен тиісті мекемелерге тапсырылды.



Жыл басынан дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, дәстүрлі емес діни ағымдар мен секталардың алдын алу бағытында қала және ауылдық округтерде дін саласына жауапты мамандармен, учаскелік инспекторлармен және ауыл имамдарының қатысуымен 3 семинар-тренинг (Ұзыната, аудан әкімдігінде 2 рет және Абу Мансур әл-Матруди мешітінде) өткізілді.

Ауданда жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 142 кездесулер өткізіп, кездесулерге 9547 адам қамтылды, оның ішінде елді мекендерде 39, мектептерде 86, мекемелерде 11. Одан бөлек, №16 колледжде 4 кездесу өткізіліп, 814 студент қамтылды. Жалпы кездесулерге 10361 адам қамтылды.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде дін саласы бойынша 42 материал жарияланды.

Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында аудандық «Өскен өңір» қоғамдық-саяси газетінде 26 мақала, «Шартарап-Шарайна» газетінде 5 мақала, барлығы 31 мақала жарық көрді.

Ауылдық округтерде өткізіліп жатқан кездесулерде тұрғындар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлер немесе басқа да мәселелер бөлімде жинақталды.

Әр апта сайын мешіттерде өткізілген уағыздарға мониторинг жүргізіліп отырады.

Аудандық «Өскен өңір» қоғамдық саяси газетіне және аудан әкімінің ресми веб сайтына Қаурыт желі 114, адамдарды кепілге алған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша тұрғындарға арналған жадынама, терроризмнің алдын алу бойынша жадынама және Үкіметтің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 685 қаулысы терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы төлемі туралы мақала жарияланды. Сонымен қатар, өткізілген кездесулер тұрақты түрде әлеуметтік желілерге жарияланды.

Ауданда діни әдебиеттердің таралуының алдын алу мақсатында, яғни экстремистік идеологияны насихаттайтын діни әдебиеттердің таралуының алдын алу, ауданға әкелініп жатқан діни әдебиеттердің басып шығарылуына сыртқы бақылау жасау үшін Әділет басқармасы қызметкерлерімен біргелікте 3 рейд өткізіліп, жеке кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аудандық орталық кітапхана қорындағы кітаптарға зерделеу жүргізіліп, діни бағыттағы 216 дана кітап анықталды. Барлық кітаптар Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының сараптауынан өткізілген.

Білім беру мекемелеріндегі кітапханаларда діни әдебиеттер жоқ.

Бүгінгі таңға қала және ауылдық округтерде діни экстремизм мен терроризмге қарсы сипаттағы сыртқы 12 билборд орнатылған.

Ауданда 16 ҚМДБ филиалдарының 14-де бейнекамералар орнатылған.

2017 жылғы 28 ақпан күні аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұзыната» мешітінде «Дін және мемлекет» тақырыбында семинар-кеңес болып өтті. Семинар-кеңесте аудандағы қалыптасқан діни жағдай мен алдағы уақытта атқарылатын өзекті мәселелер талқыланды.

2017 жылғы 17 наурыз күні ҚМДБ республикалық ақпараттық топ мүшелері Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» мешітінің бас Имамы Қанат Жұмағұлов пен Оңтүстүк Қазақстан облыстық орталық мешітінің найб имамы Еркебұлан Қарақұлов №1 М.Әуезов ЖОМ, №16 колледж, Соқпақбаев ЖОМ, Горький ЖОМ, Қ.Аманжолов ЖОМ, Жаушықұм ЖОМ және Шардара мектеп лицейінде «Тәкфирлік идеологияның қоғамға кері әсері» тақырыбында кездесу өткізді.

2017 жылғы 30 наурыз күні аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің мәжілісі өткізілді. Мәжіліс соңынан қала және ауылдық округтердегі дін саласына жауапты мамандармен семинар-тренинг өткізілді.

2017 жылдың 19-24 сәуір аралығында Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен және бөлім қызметкерлерінің қатысумен Достық, Ақшеңгелді, Сүткент, Қызылқұм, Алатау батыр, Ұзыната, Көксу, Қоссейіт, Қ.Тұрысбеков, Жаушықұм ауылдық округтерінде және Шардара қаласындағы Б.Соқпақбаев, Шардара мектеп-лицейінде «Иманды ұрпақ – ел тірегі» тақырыбында тұрғындарымен кездесу өткізілдіі. Кездесулерге 1150 адам қатысты.

2017 жылы 21 сәуір күні «Жастарды діни ағымдардың ықпалынан сақтайық» туралы кездесу өткізілді. Кездесуге қала, ауыл округтеріндегі мемлекеттік қызметкерлер мен білім беру мекемелері және денсаулық сақтау салалары қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді. Кездесуге 285 адам қатысты.



2017 жылдың 24 сәуір аралығында Шардара аудандық ардегерлер кеңесінің ұйымдастыруымен және аудандық ішкі саясат бөлімі қызметкерлерінің қатысумен Шардара қаласында Б.Соқпақбаев ат ЖОМ мектебінде қала тұрғындарымен, «Иманды ұрпақ - ел тірегі» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуге 325 адам қатысты.

2017жылғы 15 мамыр күні аудандық Шардара қаласы №1М.Әуезов ат ЖОМ-да, Жаушықұм ауылдық округінде «Ислам діні татулық діні» тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге 165 адам қатысты.

2017 жылың 16 мамыр күні аудандық Шардара қаласында Абу Мансур әл-Матруди мешітінде «Дін және дәстүр мәселелері» атты тақырыбында қала тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесуге 55 адам қамтылды.

2017жылдың 18 мамыр күні Көксу және Қоссейіт ауылдық округтерінде «Елімізде тиым салынған ағымдар» атты тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді.

Кездесуге 165 оқушы қамтылды

2017жылдың 19 мамыр күні аудандық Шардара қаласы Горкий және Шардара мектеп лицейінде, 31 мамыр күні аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде «Кереғар діни ағымдардан сақтанайық» тақырыбында оқушылармен кездесу өткізілді.Кедесуге 125 оқушы қамтылд.

2017 жылдың 22 мамыр күні Қоссейіт ауылдық округінде «Дін және жастар» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесуге 45 адам қамтылды.

Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 2017 жылғы 23 мамыр күні Шардара қаласындағы «Абай» мәдениет сарайында «Жастар діни экстремизмге және терроризмге қарсы» акция өткізілді. 1025 адам қамтылды.



2017 жылдың 17 маусым күні аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Шардара ауданындағы №10216 «Е» әскери бөлімінің жеке құрамымен «Кереғар діни ағымдардан сақ болайық» тақырыбында кездесу өткізіліп, 55 адам қамтылды.

«Рамазан-қайырымдылық пен қанағат айы» тақырыбында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, күнкөрісі төмен, көпбалалы 127 отбасыларға көмектер берілді.



2017 жылдың 23 маусым күні аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында аудандық әскери комиссариат, аудандық аурухана және аудандық емхана қызметкерлерімен «Дәстүрлі емес діни ағымдардың іс-әрекеттерінің алдын алу» тақырыбында кездесу болып өтті. 105 адам қамтылды

2017 жылдың 28 маусым күні аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және орталық кітапхана қызметкерлерімен «Дін және дәстүр» тақырыбында кездесу өткізіліп, 35 адам қамтылды.

2017 жылдың 30 маусым күні аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Шардара қаласындағы Абу Мансур-әл Матруди мешіт жамағатымен «Ислам дінінің атын жамылған діни деструктивті ағымдар» тақырыбында кездесу өткізді.55 адам қамтылды.

2017 жылғы 03 шілде күні Жаушықұм, Қ.Тұрысбеков ауылдық округтерінде және 13 шілде күні Ұзыната ауылдық округтерінде «Діни толеранттылық-дамуымыздың кепілі», «Дін көшбасшыларының V сьезі», «Кереғар діни ағымдар мен секталар іс-әрекеттерінің зардабы» тақырыбында кездесулер өткізіліп, кездесулерге 230 адам қатысты. Сонымен қатар, Шардара қаласындағы орталық мешіт пен Абу Мансур әл-Матруди мешітінің жанындағы сауат ашу курстарындағы жастармен арнайы кездесулер өткізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет