Мемлекеттік қаржы: мәні, мазмұны, функциялары


Мемлекеттің қаржылық қызметін атқару әдістері



бет3/3
Дата16.02.2023
өлшемі20,49 Kb.
#169079
1   2   3
Байланысты:
2 Мемлекеттік қаржы
2ph11, 2 Мемлекеттік қаржы
Мемлекеттің қаржылық қызметін атқару әдістері
Өзінің материалдық мазмұны бойынша мемлекеттің қаржылық қызметі ақшаның шоғырлануы және олардың орынды (мақсатты/ұқыпты) бөлінуі арқылы жұмсау процестерін қамтиды. Бұл қызмет белгілі-бір әдістермен жүзеге асырылады.
Қаржылық қызмет әдістері ретінде мемлекеттің қаржылық жүйесіне кіретін ақша қорларын қолдануды ұйымдастыру, бөлу және құруды жүзеге асыратын нақты әдістері мен тәсілдерін айтуға болады.
Мемлекеттің ақша қорларын құру әдістері:
- мәжбүрлі-қайтарымсыз түрде ақша қаражаттартын алу;
- мәжбүрлі-қайтарымды түрде ақша қаражаттарын алу;
- ерікті-қайтарымсыз түрде ақша қаражаттарын тарту;
- ерікті-қайтарымды түрде ақша қаражаттарын тарту;
- мемлекеттік қызмет көрсетулер негізінде ақша қаражаттарын тарту;
- мемлекеттік мүлікті сату және қолдану нәтижесінде пайда болған ақша қаражаттарын мемлекеттің кірісіне айналдыру;
- эмиссия (жаңа ақша белгілерін және бағалы қағаздарды шығару).
Мемлекеттің ақша қорларын бөлу әдістері:
- қаржыландыру, яғни дотациялар, субвенциялар және субсидиялар арқылы қайтарымсыз түрде ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету;
- несиелендіру, яғни төлемділік және қайтарымдылық талаптары негізінде ақша қаражаттарын бері;
- мемлекеттің өз қаржылық міндеттемелерін орындауы.
Мемлекеттің қаржы қорларын қолдануды ұйымдастыру әдістері:
- ақша қорларын тағайындауды орнату;
- мемлекеттік ақша қорынан алынған қаражаттар қолдану тәртібін орнату;
- мемлекеттік кәсіпорындардың табыстарын бөлу нормативтері мен тәртібін орнату;
- ақша қаражаттарын бөлудің қаржылық нормативтері мен шектеулерін
- орнату;
- ақшалай қорларды қолдануды жоспарлау және болжау;
- ақша қорларын қолдануға бақылау жүргізу.


Қаржы саясатын құру кезеңдері және қағидалары
Мемлекеттің қаржы саясаты қаржылық стратегия және қаржылық тактика болып бөлінеді.
Қаржылық стратегия–болашаққа бағытталған сонымен қоса экономиканың және қоғамның әлеуметтік дамуының кең көлемді тапсырмаларын шешуді қамтитын ұзақмерзімді бағдар. ҚР қаржылық стратегиясының мысалына елдің 2030 және 2050 жылдарға дейінгі ұзақмерзімді даму бағдарламаларын келтіруге болады.
Қаржылық тактика – ел дамуының белгілі бір кезеңіндегі мәселелерді шешу және қаржылық қатынастарды ұйымдастыру тәсілдерін уақытылы өзгерту арқылы дамуды қамтамасыз ету. Қаржылық тактиканың мысалына мемлекеттік даму бағдарламалары жатады: индустриалды-инновациялық даму, ауылдық аймақтарды дамыту, нәтижеге бағытталған бюджеттендіруді енгізу және т.б.
Қаржылық саясат принциптері қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының мүдделерін қорғауды қажет етеді:

  1. қаржылқ қатынастардың оңтайлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

  2. мемлекеттік қаржының шығыстары мен кірістерінің теңестірілуі;

  3. мемлекеттің және әлеуметтік қорлардың резервтерін құру;

  4. қаржылық ресурстардың ұтымды бөлінуі және олардың тиімді қолданылуы.

Мемлекеттің қаржылық саясатының негізгі бағыттары:

  1. шаруашылық субъектілер қаржылары саласында нарықтық қатынастарды нығайтуға арналған іс-шараларды өткізу;

  2. дағдарысты жағдайды еңсеру және қаржылық жүйені сауықтыру;

  3. халықты әлеуметтік қорғаудың кешенді шаралары;

  4. антимонополиялық саясаттың ары қарай дамуы;

  5. қазіргі салық жүйесін жетілдіру;

  6. қаржы нарығын дамыту;

  7. бюджеттік дефицитті төмендету;

  8. ішкі және сыртқы қарызды азайту және т.б.

Қазақстанның қаржы саясатының негізі басымдығы шетелдік инвестициялардың жоғарғы деңгейіне ие ашық нарықтық экономикада негізделетін экономикалық өсім болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет