Адам капиталын басқару
Дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы елдердің дамуы жаңа экономиканың – білім, инновация, жаһандық ақпараттық жүйе, жаңа технология мен тәуекелшіл бизнес экономикаларының қалыптасуына әкелді. Жаңа экономиканың негізін адам капиталы құрайды. Ол – заманауи қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының басты қозғалмалы күші.
Адам капиталы – бұл адамның білім алу және өмірдегі іс-әрекеті барысында қол жеткізген интеллектуалдық мүмкіндіктерінің, кәсіби икемділігінің, білімі мен іскерлігінің (ептілігінің), жалпы алғанда, адамдардың, ұйым мен қоғамның әл-ауқатын айтарлықтай жақсартатын өмір сүру сапасы мен денсаулық жағдайының жиынтығы. Адам капиталының айрықша құнды сапасы – жұмысшының білім деңгейі, біліктілігі, оқып-үйрене алуы мен жасампаздығы.
Достарыңызбен бөлісу: |