Облыстық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Облыстық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
бастапқы кәсіптік білім;
арнаулы білім беру бағдарламалары бойынша жалпы білім беру;
орта кәсіптік білім беру;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;
- жетім балаларды әлеуметтік камсыздандыру; мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру;
Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту;
- арнаулы білім беру бағдарламалары бойынша жалпы білім беру;
- бастауыш кәсіптік білім беру;
- орта кәсіптік білім беру;
- республикалық бюджеттен каржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету;
- тұрғын үй көмегі;
- мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
- белгілі бір тұрғылықты орны жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу;
- жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру;
- мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру;
- халыктың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
- жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек;
- республикалық бюджетке берілетін ресми трансферттер;
- жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету;
- ҚР Ұлттық қорына берілетін ресми трансферттер.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті - салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының міндеттері мен функцияларын каржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Жергілікті бюджеттер тиісті мәслихатардың шешімімен бекітіледі.
- балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;
- оқытудың кешкі (ауысымдық) нысанын және интернат үлгісіндегі ұйым арқылы міндетті тегін орта білім беруді қоса алғанда, мемлекеттік оқу орындарында азаматтарға міндетті тегін орта білім беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- тұрғын үй көмегі;
- мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
- белгілі бір тұрғылықты орны жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу
- халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;