Аймақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы. Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км2. Жер қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау салаларынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн. га немесе 60 % шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн га жазық жерлер, 185млн. га жайылым және 34 млн. га таулы аймақтар алып жатыр. Осы аталған 235 млн. га құнарлы жердің 180 млн.га жері жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн.га топырақ эрозиясы 60млн.га тұздану, 10млн.га химиялық және радиактивті заттармен ластанған.