негізгі бөлім
Блок 1 ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІККЕ БАРАР ЖОЛДА: ДАМУ ФАЗАЛАРЫ МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛЫС ИДЕЯЛАРЫ.
Отандық тарихты зерттеудің тұжырымдамалық негіздері.
Қазіргі Қазақстан тарихын кезеңдендіру. Қазіргі Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі әдістері. Отан тарихын зерттеудегі көпфакторлылық, тарихилық. Тарихи деректік талдау және тарихнама, "Қазақстанның қазіргі тарихының" терминологиялық аппараты.
Отан тарихын зерттеудің ерекшеліктері. Қазіргі Қазақстанның ұлттық тарихы мәселелерін өзектендіру. Қазақстан тарихы кезеңдерінің сабақтастық идеялары. Мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму заңдылықтары. Тарих, тұлға, мемлекет. Отандық тарихты зерттеудің функциялары мен принциптері. Қазіргі Қазақстан тарихы контексінде әлемдік-тарихи процестер. "ҚР тарихи сананың қалыптасу концепциясы".
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай –тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары
Ішкі Ресейден орыс және басқа еуропалық тұрғындарды қазақ жеріне қорыныстандыру ісінің қарқын алуы, экспедициялық зерттеу жұмыстарының жүргізілуі, қоныстандыру мекемелері жүйесінің құрылуы, қоныс аудара келгендерге жасалған қолдау.
Қазақ қоғамының дәстүрлі шаруашылығындағы өзгерістер. Әкімшілік орындарының қазақ қожалықтарын жаппай отырықшы тұрмысқа аудару шаралары, осы мақсатта қолданған әдістері. Аграрлық қатынастардың шиеленісе түсуі.
Қазақ жерінде өнеркәсіп ошақтарының қалыптасу ерекшеліктері және оның отарлық сипаты. Ұсақ өнеркәсіп. Транспорт. Сауда. Банкі жүйесі. Еуропалық капиталдың енуі. Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы. Қазақ жұмысшыларын кемсіту және қанау ұстанымы
Достарыңызбен бөлісу: |