Мемлекеттік емтихан бағдарламасы



бет1/23
Дата08.05.2020
өлшемі74,91 Kb.
#66732
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ПРОГРАММА ГЭК Каз.зам.тар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

ТАРИХ ЖӘНЕ ДІНТАНУ КАФЕДРАСЫ


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТАРИХЫ

П Ә Н І Н Е Н

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ
ТАРИХ МАМАНДЫҒЫНАН ТЫС ФАКУЛЬТЕТ

СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН




А Қ Т Ө Б Е – 2019

Мемлекеттік емтихан бағдарламасы ҚР Білім және Ғылым министрлігі бекіткен Қазақстанның қазіргі заман тарихының типтік оқу бағдарламасына (Алматы,2018) сәйкес жасақталды.



ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: ЕСПЕНБЕТОВА А.М.-т.ғ.к., аға оқытушы

ҒАНИБАЕВА Ж.А.- т.ғ.к.,аға оқытушы

ОРАЗАЕВА Ж.Ж. -т.ғ.к., аға оқытушы

ПІКІР ЖАЗҒАН: С.Бәйішов атындағы Ақтөбе университеті әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті, т.ғ.к. СУЛЕЙМЕНОВ Б.С.

Тарих және дінтану кафедрасының мәжілісінде талқыланды

(№ 2 хаттама) «11» қазан 2019 ж.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих факультетінің Кеңесінде бекітуге ұсынылды

(Хаттама №4 , « 6 » қараша 2019 ж.)


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді (Хаттама № , « » 2019 ж.)

АЛҒЫСӨЗ
Қазақстан қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте және әлемдік тарихтың уақыт межесінде өз орнын айқындауды көздейді. Қазақстандық қоғамда тарихи сананы жаңғырту, өзіндік ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру, болашақ дамудың рухани бағдарын анықтау еліміздің ішкі дамуындағы маңызды көрсеткіш. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы-Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың тарихы және дүниежүзілік тарихтың құрамдас бір бөлімі табылады. Өйткені ол Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы – қазақ даласында ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыратын пән. ХХ ғасыр қазақ халқының тарихи тағдырында өте маңызды кезеңдердің бірі. Өйткені, қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуы, Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы сол кезде пайда болды. ХХ ғасыр қайшылықтарға толы көптеген саяси-әлеуметтік бетбұрыстар мен мәдени төңкерістердің, дүниежүзілік соғыстардың, экономикалық өзгерістердің орын алған кезеңі болғандықтан және бүгінгі күнмен етене байланысып жатқандықтан, осы үдерістерді оқытуға аса көңіл бөлініп отыр.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді жан-жақты және объективті зерттеу, халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау, жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеуде «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқыту өзекті болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет