Мемлекеттік құқық



Дата29.12.2021
өлшемі19,85 Kb.
#106372
Байланысты:
0734b826-802a-4c60-8a0f-20d450d0b33c


19 ҚР –ның құқық жүйесі

Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б.

Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:



  • қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;

  • мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;

  • адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.

Конституциялық құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың пәнін құрайды. Қазақстан Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім және ғылым министрлігі). Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полиция, прокуратура, сот) жауап беруге тура келеді. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады:

  • міндеттеу әдісі;

  • тыйым салу әдісі;

  • ерік беру әдісі;

  • мойындау әдісі.

Қазақстанда әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті (аталған жағдайда міндеттеу әдісі қолданылады). Республика азаматын Қазақстаннан тысқары жерлерге қуғындауға жол берілмейді (мұнда тыйым салу әдісі колданылады). Біздің елімізде әркім өзінін ана тілін, мәдениетін пайдалануға, колдануға құқығы бар екендігі белгілі (бұл жағдайда ерік беру әдісі колданылады). Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адамдардың құқықтары мен еркіндіктері танылады және оған кепілдік беріледі (көріп отырғанымыздай, мұнда мойындау әдісі колданылады).

Құқықтық жүйе түсінігі  мен құрылым және заң жүйесімен  айырмашылы5ы 

Қоғам объективтік даму процесінде көп мәселені реттеп-басқаруды бірте-бірте  коғамдық ұйымдарға, бірлестіктерге, ұжымдарға  беріп, құқықтың қызметі азая беруі  өмірге келеді. Бұған күмән келтіруге болмайды. Мұндай процесс мемлекетаралық, халықаралық құқықта да болуы мүмкін.

Келешекте құқық жүйелері де дамып, сапалы өзгерістерге ұшырауы объективтік  процесс. Бірнеше құқық салалары бірігіп, нормативтік актілердің кешенді жүйелері қалыптасуы әбден мүмкін. Бұл процесс нормалардың мазмұнын, сапасын, маңызын жоғары деңгейге көтеруі даусыз деуге болады.

Жоғарыда көрсетілген құқық  жүйесінің келешекте объективтік  даму процесі міндетті түрде заң  шығармашылық қызметті де көтеруге, жақсартуға объективтік, заңды негіз деп  толық сеніп айтуға болады. Қоғамның даму процесінде заң шығармашылық қызметті бірте-бірте Парламенттен төменгі  органдарға беруге болатынына сенуге болады. Ол органдар өздерінің әкімшілік  территориясында мәселелердің басым  көпшілігін өздері толық реттеп-басқаруға  көшуі мүмкін

Құқық жүйесі – бұл объективті қамтамасыз етілген қоғамдық қатынастар жүйесі, құқықтың ішкі құрылымы, онда бірлікте және келісілімділікте көрінетін, мемлекетте әрекет ететін құқықтық нормалар және құқықтың бөлінуіндегі салыстырмалы еркіндіктегі бөлігі – нормалар, институттар  және құқық салалары.  
Құқық жүйесінің негізгі формалары:  
• объективтілігі (құқық саяси партиялардың еркімен қалыптаспайды, қоғамдық қатынастардың заңды даму процесінде тұжырымдалады.  
• қоғамдағы бар қатынастардың деңгейін, құқықтық мәдениетті көрсетеді;  
• құқық жүйесі – бұл көпжақты құқықтық құбылыс, өзінің көлеміне және мазмұнына қарай бірдей емес, бірақ органикалық қарым-қатынастағы құрамдық элементтерді қосып алушы (құқық нормалары, институттар және құқық салалары);  
• құқық жүйесі бірлігімен және өзін құрайтын нормалардың қарым-қатынасымен сипатталады;  
• басқа және күрделі жүйелердің бір бөлігі болып табылады: ұлттық құқық жүйесінің және халықаралық құқық жүйесінің.  
Құқық жүйесінің элементтері – бұл нормалар, салалар және құқық институттары. Өз жағынан, жекеленген құқық салалары сала бөліктерінен тұруы мүмкін, ал кейбір институттар кей кезде, күрделі және көлемді конструкциялар болып, солай айтылатын субинституттарды көрсетеді. Құқық нормалары құқықтың негізгі жүйесі және тек солар, жекешеленген топтарға бірігіп, құқықтық реттеу белгісімен, сол не басқа қоғамдық қатынастардың өзіндік жиынтығымен нақтылы институттар мен құқық салаларының мазмұнын құрайды.

Әлемде әр түрлі ұлттық құқықтық жүйелер мен құқықтық жанұялар бар. Ол тиісті кезеңнің, өркениеттің, елдің және халықтың ерекшелігін  білдіреді.

Қоғамның құқықтық жүйесі – бұл нақты тарихы құқықтардың, заңи практиканың және жкелеген мемлекеттің үстемдік ететін құқықтық идеологиясының жиынтығы. 

Қоғамның құқықтық жүйесінің  құрылымына келесі негізгі элементтер кіреді:

- құқық (заңнама);

- заңи практика;

- үстемдік ететін құқықтық  идеология. 

Әлемнің құқығы көптеген ұлттық құқықтық жүйеден тұрады. Олардың  барлығы бір – бірімен байланысты. Олардың байланысы ортақ белгілермен  сипатталады.

Ұлттық құқықтық жүйелер – бұл нақты мемлекеттің, оның тарихы, мәдениеті, салт – дәстүрінің, географиялық жағдайының органикалық элементі.

Құқықтық жанұя – бұл бірнеше маңызды белгілерінің ұқсастығымен сипатталатын бірнеше текті ұлттық құқықтық жүйелер (белгілері қалыптастыру және даму жолдары, қайнар көздерінің ортақтығымен сипатталады).



 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет