Ол мұсылмандардың қолына өткен халықтарға Ислам дінін қабылдауға байланысты зорлық көрсеткен жоқ, мәжбүрлік те жасамады. Оларды басынуға, кемсітуге тыйым салды. Мұсылмандар тарапынан тек жақсылықты көрген көптеген адам кейін өз еркімен кәлиманы айтып жатты. Хижра бойынша күнтізбені қолданған ең алғашқы адам – Омар ибн әл-Хаттаб (р.а) саналады. Омар ибн әл-Хаттаб (р.а) қаланы аралап, тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін түнгі бақылаушыларды сайлады. Бұл – ең алғашқы пайда болған полиция еді.
Достарыңызбен бөлісу: |