Байланысты: Лекция №10 Ислам және оның басқаруға әсері.pptx
Мемлекеттің шекарасы кеңу нәтижесінде Омар (р.а) басқару жеңілдігі үшін елді облыстарға, әкімшілік аймақтарға бөлді. Әр облысқа әкім тағайындады. Олар тақуалығы, адалдғы, әділеттілігі, даналығы сыналған, тәжірибелі мұсылмандар еді.
Мұсылмандарға мейірімі мен қамқорлығын төгіп, қаншама жеңістерді сыйлаған Ұлы Алла сынақтан да ада еткен жоқ. Бұл Оның өзгермейтін заңдылығы. Омардың (р.а) кезіндегі ел басына туған ең ауыр сынақ – хижраның 18 жылы орын алған жұқпалы ауру мен Араб түбегіндегі құрғақшылық нәтижесінде орын алған аштық пен мал індеті еді.