Мемлекеттік кешенді емтихан Түсініктеме


Психология және адам дамуы



Pdf көрінісі
бет14/42
Дата19.12.2021
өлшемі468,83 Kb.
#103523
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Байланысты:
1-кешенді мемлекеттік емтихан сұрақтары

Психология және адам дамуы 

Түсініктеме 

Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған негізгі пәндердің 

бірі- жалпы психология. 

Психология-  психикалық  құбылыстардың  пайда  болуын,  даму  және  қалыптасу 

заңдылықтарын зерттейтін ғылым. 

Психологияны зер салып зерттеген адамның қай-қайсысы болса да өзінің күшті және осал 

жақтарын  көре  біледі,  өзін-өзі  тәрбиелеп,  жақсы  қасиеттерін  жетілдіруге,  кемшіліктерін  жоюға 

мүмкіндік  алады.  Психологияны  үйреніп  білу-  ой-әрекетін  жақсы  түсінуге,  еске  сақтауға,  зейін 

аударуға  жол  ашып  береді.  Балалардың    психикалық  ерекшеліктерін  білмейінше,  олардың 

ойдағыдай оқытып тәрбиелеуге болмайды. Сондықтан бітіруші студенттердің оқу жылдары білім 

алған  жоғары  білімнің  нәтижесін  тексеретін,  психологиядан  қаншалықты  білімі  барлығын-  оны 

практикалық жолмен қалай игергенін бақылап, бағалаудың формасы- мемлекеттік емтихан. 




Аталған  мамандық  бойынша  университетте  студенттер  күндізгі  және  сырттай  оқу 

бөлімдерінде даярланады. 

Бағдарламаның мақсаты: 

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне психологияның жалпы мәселелері және адамның 

психологиялық  өзгешеліктері,  танымдық  жан-қуаттары,  жеке  адамның  эмоция,  ерік-қуаттары 

жөнінде жоғары оқу орнында игерген білімін жинақтау. 

Студенттердің ғылыми психологиялық білімдер негізін қалыптастыру дағдысын байқау. 

Жалпы психологиялық категориялар мен ұғымдар жүйесін қалай меңгергендігін тексеру. 

Психологиядан алған білімдерінің, дағдылары мен біліктерінің шамасын байқау. 

Бағдарлама үш бөліктен тұрады: 

Психология  курсы  бойынша  және  жас  ерекшелік  психологиясының  бағдарламалары, 

емтихан билеттеріне қосымша берілетін сұрақтар. 

Мемлекеттік емтихан үшін психологиядан мынадай тақырыптар қамтылады: 

-

 



Психология ғылымына кіріспе

-

 



Жеке адам және іс-әрекет; 

-

 



Танымдық жан-қуаттары; 

-

 



Жеке адамның эмоция, ерік-қуаттары; 

-

 



Қарым-қатынас. 

Мемлекеттік  емтихан  кезінде  студентке  жауабын  анықтай  түсу  үшін  мынадай  оқу 

құралдарын пайдалануға рұқсат етілді: 

1.

 



Психология пәнінің бағдарламасы 

2.

 



Схемалық көрнекіліктер 

3.

 



Психологиялық сөздіктер. 

Психология ғылымына кіріспе. 

Психология  пәні,  психологияның  маңызы  және  оның  міндеттері,  психологияның  әдістері, 

психологияның салалары. 

Жеке адам және іс-әрекет 

Жеке  адамның  бағыт-бағдары,  жеке  адам,  топ  және  ұжым,  түрткілер  мен  қажеттер,  жеке 

адамның  қасиеті  ретіндегі  қызығулар,  дүниетаным,  сенім,  мұрат,  іс-әрекет  туралы  жалпы  ұғым, 

әрекет-  түрлі  қажеттерді  өтеуге  байланысты  белгілі  мақсатқа  жетуге  бағытталған  процесс,  іс-

әрекет түрлері: Ойын, оқу, еңбек. 

Қарым-қатынас 

Сабақта  оқушылармен  қатынас  жасау  ерекшеліктері,  мұғалімнің  қарым-қатынас  стилдері, 

топтағы адамдардың өзара қарым-қатынас түрлері. 

 Танымдық жан-қуаттар 

Зейін,  зейіннің  түрлері:  ырықты,  ырықсыз,  үйреншікті,  зейіннің  негізгі  қасиеттері: 

тұрақтылығы, көлемі, бөлінушілігі, аударылуы. Түйсік, түйсік түрлері. 

1-тобы: көру, есту, иіс, дәм. 

2-тобы: органикалық түйсіктер. 

3-тобы:  қозғалыс  немесе  кинестизиялық  түйсіктер,  статистикалық  түйсіктер,  вибрациялық 

түйсіктер. 

Түйсіктердің  негізгі  заңдылықтары:  адаптация,  сенсибилизация,  синестезия,  бір  ізді 

образдар. Қабылдау, ес, естің түрлері: қозғалыс ес, образдық ес, сөз- логикалық ес, эмоциялық ес, 

ойлау,  ой  әдістері:  талдау,  біріктіру,  салыстыру,  абстракциялау,  нақтылау,  қорыту.  Ойлаудың 

негізгі формалары: ұғым пікір. Ой қорытындылары. Қиял. 

Жеке  адамның  эмоциясы  және  ерік-қуаттары.  Эмоциялар  мен  сезімдер.  Жоғары  сезімдер: 

адамгершілік, эстетикалық, интелектік. 

Ерік, ерік сапалары: тоқтамға келгіштік, табандылық, ұстамдылық, тәртіптілік, ерлік. 

Психологияның салалары 

Жас  ерекшелік  психологиясы-  әрқилы  психикалық  процестердің  табиғи  негізі  мен  үнемі 

дамып отыратын азаматтық  қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл  сала мынадай 

тармақтардан  тұрады:  балалар  психологиясы,  жеткіншектер  психологиясы,  жас  өспірімдер 

психологиясы,  ересектер  мен  кәрілік  психологиясы  (героктология).  Бұл  сала  оқыту  мен  ақыл-

ойдың дамуын зерттейді. 

Әлеуметтік психология 



Әлеуметтік  психология-  адам  мен  қоғам  арасындағы  қатынас  мәселелерін,  адамдардың 

әртүрлі ұйымдасқан ресми немесе ұйымдаспаған, бейресми топтарда көрініс беретін психикалық 

болмысты зерттеумен шұғылданады. 

Арнаулы психология. Дефектология 

Бұл  адам  дамуының  бірқалыпты  даму  жолынан  ауытқуын,  ми  ауруына  ұшырағандардың 

психикалық күйзелістері мен осы саладағы әрқилы аурулардың себептерін қарастырады. 

Арнаулы психологияның тармақтары: 

Олигофренопсихология-  ми  зақымы  ауруымен  туған  адам  психологиясының  дамуын, 

сурдопсихология-  соқырлау  болып  туған  балалар  психологиясын,  тифлопсихология-  нашар 

көретіндер мен зағиптардың психологиялық дамуын зерттейді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет