Мемлекеттік кешенді емтихан Түсініктеме



Pdf көрінісі
бет2/42
Дата19.12.2021
өлшемі468,83 Kb.
#103523
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
1-кешенді мемлекеттік емтихан сұрақтары
1-кешенді мемлекеттік емтихан сұрақтары, 1-кешенді мемлекеттік емтихан сұрақтары, БОП-33 Төкенова Айғанымқал (2-лек) Есеп және оны шешу, БОП-33 Төкенова Айғанымқал (2-лек) Есеп және оны шешу
 

 

 

 


 Педагогика  

Түсініктеме

 

«Педагогика» курсы 12-жылдық оқытуға көшу жағдайында бастауыш мектеп үшін болашақ 



мамандардың қажеттігі мен жаңа педагогикалық ойлауды есепке ала отырып құрылған. Курстың 

мазмұны  оқушы  тұлғасын  бастауыш  мектептегі  педагогикалық  үрдістің  объекті  және  субъекті 

ретінде 

қарастыратын 

демократиялық  және 

гумандық 

дәстүрде 

құрылған.  Мұнда 

жалпыадамзаттық  құндылықтар  мен  Қазақстан  Республикасының  ұлттық-мәдени  ерекшеліктері 

ескерілген. 

«Педагогика»  курсының  мазмұнында  педагогиканың  теориялық-әдіснамалық  негіздері, 

адамтану жүйесіндегі педагогиканың орны, қоғамды десократияландыру мен ізгілендірудегі және 

білім берудің жаһанжануындағы педагогиканың ролі, педагогиканың дамуы, тұлғаны дамыту мен 

тәрбиелеу  теориялары,  жас  кезеңдік  педагогиканың  негіздері,  тұтас  құбылыс  ретіндегі 

педагогикалық  үрдістің  мәні,  педагогикалық  үрдісті  ұйымдастырудағы  қазіргі  бастауыш  мектеп 

мұғалімінің  ролі,  Қазақстан  Республикасындағы  білім  беру  жүйесі,  12-жылдық  білім  берудің 

моделі, республикадағы инновациялық білім беру мекемелері қарастырылады. 

Курсты оқу оқытудың хабарламалық-дамытушы, проблемалық-ізденіс, репродуктивті және 

шығармашылық-репродуктивті  әдістерін  пайдалана  отырып,  лекция,  семинар,  студенттің 

оқытушымен өзіндік жұмысы барысында жүзеге асады. 

Хабарламалық-  дамытушы:  лекция,  әңгіме,  түсіндіру,  оқу  фильмдерін  демонстрациялау, 

педагогикалық  әдебиеттермен  өз  бетіндік  жұмыс,  білім  беру  бағдарламаларымен  өз  бетімен 

жұмыс. 

Проблемалық ізденіс әдістері: оқу материалын проблемалы баяндау, эвристикалық әңгіме, 

пікірталас,  зерттеу  жұмысы,  шағын  топтардағы  студенттердің  ұжымдық  ойлау  іс-әрекеті, 

лабораториялық ізденіс жұмыстар. 

Репродуктивті  әдістер:  оқу  материалын  мазмұндау  (пересказ),  үлгіге  байланысты 

тапсырмаларды орындау. 

Шығармашылық-репрдуктивті  әдістер:  педагогикалық  тақырыптарға  творчестволық 

шығарма  жазу,  кросвордтар  құрастыру,  педагогикалық  жағдайларды  талдау,  іскерлік  ойындар, 

педагогикалық міндеттерді шешу. 

Студенттердің  өзіндік  жұмыстарының  формалары:  педагогикалық  сөздік  жүргізу, 

түпдеректерді конспектілеу антонациялау, педагогикалық әдебиеттерді рецензиялау. 

«Жалпы  педагогика  негіздері»  курсы  табысты  меңгеру  студенттердің  өз  бетімен  жұмыс 

жасауын  қажет  етеді,  пәнді  оқу  емтихан  тапсыруымен  және  курстық  жұмысты  орындаумен 

аяқталады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет