Елдіктің нышаны- елтаңба!
Қазақстан Республикасының мемллекеттік елтаңбасының авторы: Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уалиханов
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек пішінді келеді және көк түс аясындағы шаңырақ ( киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі ) бейнесі ретінде ұсынылған , одан күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған . Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған . Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұ рышты жұлдыз , ал төменгі бөлігінде « Қазақстан » деген жазу бар . Жұлдыз дың , шаңырақтың , уықтардың , аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі , сондай - ақ « Қазақстан » деген жазу – алтын түстес . Киіз үйдің басты бөлігі , күмбездің негізі шаңырақ – Мемлекеттік елтаң баның негізі болып табылады . Қазақтар үшін шаңырақ ортақ қоныстың , туған Отанның белгісі . Мемлекеттік елтаңбадағы шаңырақ бейнесі Қазақстан оны қоныстанған барлық халықтар үшін ортақ мекен екенін білдіреді .
Шаңырақ халық арасында аса құрметтеледі , ол ежелгі ата - бабаларда ғарыштық дүниетанымның символы сияқты . Авторлар киіз үйдің қозғалмалы тор негізді керегені бейнелеудің жолын тапты . Шаңырақтың крест тәрізді үш қабатты күлдіреуіштері оның беріктігін қамтамасыз ететін үз жүздің бірлігін білдіреді . Елтаңбаның шеткі тұстарында қанатты тұлпарлардың , яғни пырақтар дың бастары салынған . Көптеген мәдениеттерде пырақтар қасиетті жануар саналады . Бұл оның мемлекеттілік атрибутикасының елеулі бөлшегі ретін де белгілі ойды тасымалдаушының рөлін атқарумен байланысты . Қанаттар халықтың қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы тілегін аңғартады . Осылайша бірінші қарағанда көзге ерекше көрінетін пырақ типологиялық үлгі болып саналады , оның терең тарихи тамыры бар .
Мемлекеттік елтаңба авторларының бірі Жандарбек Мәлібеков : « Біздің Қазақстан сондай бай саналатын жабайы жануарлардың , құстардың бейнесін немесе сенімділік пен тыныштықтың символы ретінде қалқанды Елтаңбада салуға болушы еді . Бірақ мен бейбітшілікті , халықтардың достығын көрсетуге тырыстым . Балалық шақтағы естеліктердің рөлі үлкен . Мен біздің ауылдың тұрғындары ен далада бір - біріне киіз үй орнатуға көмектескеніне жиі куә болдым . Олар жұмыла киіз үйдің жоғары күмбез тәрізді бөлігі шаңырақты аспанмен астасқан биікке көтерген кезде мен үшін бұл атамекеннің , ал кең мағынада Жер жүзі секілді әлемнің ең үздік нышанына айналды . Меніңше , бұл оқиғаға мен өмір бойы жеткізуге тырыс тым » .
1992 жыл 4 маусым Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбаның туған күні ретінде тарих пен халық есінде мәңгілікке қалады. Қазіргі таңда кең қолданылатын «елтаңба» термині немістің «ербо» сөзінен шыққан. Қазақ тілінде герб сөзіне эквивалент бар — таңба, бұл белгі деген сөзді білдереді.
Екі белгілі архитектор Жандарбек Мәлібеков және Шота Уәлиханов шығармашылық ізденістерінің үлкен еңбек нәтижесі болып табылады. Осы жарыста жеңіп шығу оңай болған жоқ. Соңғы сайысқа 245 жоба және болашақ елтаңбаның 67 суреттемелер қатысқанын атап өту керек. Қазақстандық елтаңба мәңгілік өмірді символмен көрсетеді.
Әлемге танытар – Әнұран!
Достарыңызбен бөлісу: |