Пайдаланылған әдебиеттер------------------------------------------- 18- бет
КІРІСПЕ « Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар . Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені , бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі » Н.Ә. Назарбаев Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің сәйкестігі мен егеменділігін сипаттайтын ажырамайтын атрибуттарының бірі . Мемлекеттік рәміздерге елтаңба , әнұран және туға құрметті қалыптастыру қазіргі қазақ қоғамының өмірлік әрекетін құратын , ұлттық патриотизмді тәрбиелеудің , жоғары азаматтық жауапкершіліктің және қоғамның рухани бірлігін нығай тудағы аспектілердің бірі . Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту , Мемлекеттік Елтаңба , Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады . Өз Отаныңның мемлекеттік рәміздерін білу азаматтық пен патриотизмнің негізі болып табылады . Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей , « Мемлекеттік рәміздер – біздің мемлекетіміздің , біздің егемендігіміздің мызғымайтын негізі . Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіретін үлгісін сипаттайды » . Саналы азаматтық позиция ретінде мемлекеттік рәміздерге деген құрмет Отанға деген сүйіспеншілік және оның қызығушылықтарына артықшылық берудің негізі ретінде қызмет етеді . Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы , туы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен тіркелген , сонымен катар Қазақстан Республикасының зияткерлік меншігі болып табылады . Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Конституциясы , Қазақстан Республикасының « Мемлекеттік рәміздер туралы » Конституциялық заң , Қазақстан Республикасының Азаматтық және Қылмыстық кодекстері және басқасы мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен қолдану саласын реттейтін заңнамалық актілерге жатады . Қазақстан Республикасы Конституциясының 9 бабында : « Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы , Елтаңбасы және Гимні бар . Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді » деп жазылған . Қазақстан Республикасы Президентінің « Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы » Жарлығы ( 07.01.2006 жылдағы өзгерістер мен және толықтырулармен ) 14 баптан тұратын 5 тараудан құралған . Қазақстан Республикасының азаматтары ,сонымен қатар республика аумағындағы тұлғалар мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті ( 3 бап ) .