Мемлекеттік Рәміздер


Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі22,84 Kb.
#91658
1   2   3   4
Байланысты:
Қазақстан тарихы Сөж тапсырмасы. Жақсыбергенова Аружан Химия 101
АНА, АНА, ТЕСТ АКАДЕМИЯ ЖАЗУ ДФ-402 топ, expo2017 ikaz.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы” конституциялық заң күші бар Жарлығымен (24.1.1996) белгіленген. Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекітілген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күнарайқыран және ою-өрнек — алтын түсті. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретші Шәкен Ниязбеков. Бірыңғай көк-көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді және Қазақстан халқының бірлікынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет