"Мемлекеттік тілде оқытатын орта мектеп"мм "Жасылдар" ұйымы



бет3/4
Дата05.02.2022
өлшемі22,9 Kb.
#23305
1   2   3   4
Кәдімгі мыңжапырақ
  • Мыңжапырақ- биіктігі 10-120 см, көпжылдық шөп өсімдігі. Тамыры тарамданған жіңішке келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлдері уақ, әр түрлі түсті болады. Сабақ басында гүл себетін құрады. Шілде- тамыз айларында гүлдейді. Дәрілікке гүлі, жапырағы, алколоидтар, эфир майы, С витамині, каротин, органикалық қышқылдар тағы басқа заттар болады. Осы шөптен жасалған тұнба қан аққанда тоқтатуға, асқазан ауруларын, әр түрлі сыртқы жараларды емдеуге пайдаланады.
  • Өгейшөп
  • Өгейшөп- тамыр сабақтары ұзын көпжылдық өсімдік. Сабақтары бұтақсыз, ақ түсті мамықтүктер басқан,жапырақ қатпарлы қоңыр түсті жіңішке келеді. Гүлдері сары, ірі себет болып жиналған. Сәуір- мамыр айларында гүлдейді .
  • Қазақстанның барлық жерлерінен кездеседі. Көбіне өзендердің құмды арналарында, тау өзендерінің жағасында өседі. Емге оның жапырақтары пайдаланады. Одар тұнба жасап, жөтелді басуға, бронхит, ларингит, бронхоэтказ кезінде қақырық түсіруін жеңілдетуге пайдаланады. Жапырағында жусиляген гликозиді бар. Тұнба дайындау үшін кептірілген бір қайнаған қасық жапырақты ыдысқа салып, үстіне бір стақан қайнаған ыссы су құйып, 30 минут тұндырады. Содан кейін сүзіп, күніне 4-6 рет бір ас қасықтан ішеді.
  • Шалфей
  • Шалфей- биіктігі 70 см-дей көп жапырақты бұта. Ұзындығы 3,5-3 см, хош иісті, қарама-қарсы орналасқан қоңыр жасыл түсті жапырақтары бар. Гүлдері күлгін түсті, масақ тәрізді гүл шоғын құрайды. Жемістері диаметрі 2,5 см-ден төрт шаттауықтан тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Дәрілікке жапырағы пайдаланылады.Жапырағында эфир майы, алколидтар,флавоноидтар, парадифенол, илік заттар, олеонол, урсол қышқылдары бар. Шалфей жапырағының тұнбасымен тамақ қызарып, ісініп ауырғанда ауызды шаяды. Ол үшін тұнба төменлегіше дайындалады. Шалфей жапырағының 10 граммын ыдысқа салып үстіне бір стақан қайнаған ыссы су құяды. Осыдан кейін 20 минуттай тұндырып, сүзеді. Жылы күйінде осы тұнбамен бірнеше рет шаю керек. Тұнбаны 2-3 күн сақтауға болады.
  • Жолжелкен
  • Сырт көрінісі. Көпжылдық шөптектес өсімдік. Тамыры, сабағы қысқа, ал гүл өсетін сабағының биіктігі 20-40 см дейінжетеді.Жинау әдәсі. Жапырақтарын маусым- шілде айларында жинайды, бүлінбеген, бүтіндерін толық өсіп жетілгенде сағағымен қосып кептіреді. Химиялық құрамы. Майлар нәруыздар, лимон қышқылы, калий тұздары, С, К дәрумендері.
  • Қолданылуы. Дизентирия, ірінді жаралар, көкжөтел аурулары. Дайындау әдісі. 200мл ыстық суға кептірілген жапырақпен тамырды үгіп, екі ас қасық салып, сүзіп тұнба аламыз.
  • Долана
  • Долана- сабақтары тікенекті кішкене келген бұта. Жапырақтары ірі, қою жасыл түсті кезектесіп ораласқан. Айналасы араның тісі сияқты, ал гүлдері уақ,ақ түсті, гүл қалқан тәрізді болады. Жемісі уаұ, алма формалы ашық қызыл тусті, диаметрі 8-10 см. шамасында. Долана мамыр-маусым айларында гүлдейді жемісі тамыз-қыркүйек айларында піседі.Долана еліміздің Европалық бөлігінде Батыс және Шығыс Сібірдің тоғайлы жерлерінде, Орта Азия мен Қазақстанның таулы аудандарында тараған.Өзен жағалаулары мен олардың арналарында, тау етектерінде өседі. Қазіргі уақытта бақтар мен парктерде егіп өсіріліп жүр. Емге долананың жемісі мен гүлі пайдаланады. Жемісінде гликозидтер,органикалық қышқылдар, холин тағы басқа заттар бар.
  • Чабрец
  • Чабрец- жер бетіне жайылып өсетін кішкене бұта Қызыл қоңыр, сабақтары жерге төселе жайылып, кей жерлерде көтеріліп өседі. Гүлдері жиналып, бұтақ басында гүл шоғын құрайды. Маусым-шілде айларында гүлдейді.
  • Көбіне тау бөктерніде, ашық құмды жерлерде, қарағайлы тоғайларда өседі. Дәрілкке чаврецтың шөбі пайдаланылады.. Онда эфир майы (тимол, цинеол), урсол, олеин қышқылдары бар. Мұны қақырық түсуді жеңілдетуге, ескі бронхит, демікпе, көкжөтел, гастрит ауруларын емдеуге тұнба қолданады. Тұнба дайындау үшін екі ас қасық кептірілген, уақталған шөпті ыдысқа салып, үстіне бір стақан қайнаған ыссы су құйып оны суы бар ыдысқа орналастырып, бетін жайып 15 минут қайнатады. Содан кейін үй ішінде 5 минут салқындатып, сүзіп, стақанға құйып, толмаған жеріне қайнаған су қосып толтырады. Осылай дайындалған тұнбаны күніне 3 мезгіл стақанның 1/3 мөлшерін жұтымдап ішу керек.
  • Сасықшөп
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет