Оқушымен жұмыс:
Сынып белсенділерін сайлау, мектеп формасы, оқулығын күту, сабақтан қалмау, күнделікпен жұмыс, демалыс кезінде іс шараларға және күзгі, қысқы, жазғы демалыста қауіпсіздік ережесін сақтау жұмыстары жүргізілді. 2 тоқсанда оқушылардың үйлерін аралап оқушының әлеуметтік жағдайымен таныстым. Үй аралау барысында оқушының әлеуметтік тұрмысын тексеру актісі мен оқушының жеке әлеуметтік паспортын жасадым.
1 «Ә» сынып оқушылары биылғы мектепішілік мерекелерде белсенді қатысты. Мысалы: «Алтын күз» мерекесінде бірінші орынды жеңіп алып, «Гүл ханзадасы мен гүл ханшайым-2014» атағына ие болды. «Ғажайып гүл әлемі» көрмесінде 3 орынды иелендік.
(Гүл ханзадасы мен
гүл ханшайым -2014)
«Ойнайық, сөйлейік, үйренейік» тақырыбында өткен онкүндікте белсенді қатысқаны үшін марапатталды.
Достарыңызбен бөлісу: |