7 тақырып Мемлекеттік қызметке қойылатын этикалық талаптар, принциптері мен норалары Мақсаты: Құқық қорғау органары қызметінің кәсіптік қарым қатынас жасау мәдениетінің маңыздылығын ашу
Дәріс жоспары 1. Құқық қорғау органдарының кәсіби қызметі
2. Мемлекеттік қызметтің құқықтық жағдай
Құқық қорғау органдарының кәсіби қызметі – мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекет бұл органдар алдына азаматтарды, меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға, басқару тәртібіне нұқсан келтіретін қылмыстың алдын алуға бағытталған мақсаттар мен міндеттер қояды. Құқық қорғау қызметі мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету құралы десе де болады, сондықтан мемлекет құқық қорғау органдарының қызметін жақсарту мақсатында қайта дайындау және қызметкерлердің білімін, кәсіби деңгейін, біліктілік дәрежесін арттыру болып табылады. Бұл талап барлық құқық қорғау жүйесінің буындарына және жеке әр-бір қызметкерге қатысты талап болып табылады.
Құқық қорғау органдары қызметінің негізгі мәні олардың атауынан айқын көрінеді: бұл мемлекеттің маңызды конституциялық міндеті — адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды және сақтауды жүзеге асыру. Олардың басқа да қалған функциялары — қоғамдық тәртіпті сақтау, меншікті қорғау, қылмыстылықпен күрес, қоғамға қарсы бағытталған құбылыстардың алдын алу және т.б.— осы маңызды міндеттің элементтері. Құқық қорғау органдарының өзі де мемлекеттің элементі, оның негізгі құрылымдарының бірі-белгілі бір қоғамның қалыпты өмір сүруін ұйымдастыратын, әлеуметтік нормалар мен қатынастардың жүйесі ретінде құқықтың кепілі қызметін атқаратын билік құрылымы — болып табылады.
Құқық қорғау органдары өз қызметін жүзеге асыруда мынадай негізгі әдістерді қолданады: құқықбұзушылықтардың алдын алу (яғни, азаматтармен тәрбие жұмыстарын жүргізу) және ерекше жағдайларда тікелей зорлау нысанын иеленетін мәжбүрлеу санкцияларын қолдану. Жоғарыда келтірілген анықтамадан көрініп тұрғандай, “биліктік күш” түсінігі (яғни, мәжбүрлеуге, зорлауға негізделген әрекет) құқық қорғау органдары қызметінің негізгі сипаттамасы болып табылады.
Құқық қорғау органдарының қызметі туралы нақты білмейтін тұлғалар бұл жұмыстың адамгершілік мазмұны туралы ойланбайды да. Қарапайым, бұл қызметке қатысы жоқ адамның көзқарасы бойынша бұл құрылымдар тек қорқыту және зорлау құралдарын ғана қолданады. Және олардың ойынша, бұл саладағы талаптар — осы құралдарды қолдану қабілетіне қойылатын талаптар. Олар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысында төмендегідей адамгершілік қасиеттердің ерекше роль атқаратынын білмейді де: адалдық, адамдарға деген махаббат, әділеттілік, батылдық, қоғам алдындағы өз әрекеттері үшін жоғары жауаптылық және т.б. Қызметкерде аталған қасиеттердің болуы оның кәсібилігінің міндетті өлшемі болып табылады. Олардың бойында осы қасиеттерді тәрбиелеуге басшылардың, тәрбие және кадр апараты қызметкерлерінің, қызметтік ұжымдардың барлық іс-әрекеттері бағытталған. Қызметтің бұл жағына талаптарды қоғам да, қызметтік құжаттар да қояды. Мысалы, “Ресей Федерациясының ішкі істер органдарындағы қызмет туралы Ереженің” 58 бабының “Л” тармағына сәйкес, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің жеке, адамгершілік қасиеттеріне қойылатын талаптарға қайшы әрекет жасаған қызметкер өз қызметінен босатылады.
Сол себепті де, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өз әрекеттерінің қаншалықты әділ екендігі жөнінде тұрақты түрде ойлануы заңды да. Мұндай жағдайда өз әрекеттеріне заң тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар, адамгершілік, ар-ұят тұрғысынан да баға бере алған қызметкерді ғана жоғары кәсібилік ерекшелендіреді.
Адам күнделікті нан үшін, материалдық игіліктер үшін ғана өмір сүрмеуі керек. Ол үшін, ең алдымен, шындық пен бостандық, ар-ұят пен қадір-қасиет, адамгершілік пен гуманизм жоғары тұруы тиіс. Сол себепті де, жеке тұлғаның жоғары моральдық қасиеттері ретінде қарастырылатын адам мінезінің түрлері құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік іс-әрекеттерінің ажырамас бөлігі, олардың кәсіби шеберлігінің, адамгершілік және мәдени даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
Кез-келген қоғамда өмір сүріп, еңбек ету — бұл өз мақсаттарына жетуге ұмтылған қазіргі күнгі адамдардың қызметі ғана емес. Бұл — ғасырлар бойы қалыптасқан қатынастар жүйесі де, адам ескеріп-сыйлауға міндетті қоғамдық адамгершілік қағидалары да, әрбір еңбек үдерісімен қатар жүретін, қоғамда үстемдік құрған идеялар, теориялар, көзқарастар да. Сондықтан, құқық қорғау органдарының жеке құрамы, олардың қызметтік іс-әрекеттері туралы оң көзқарас, ол ұлттық дәстүрлерге, адамгершілік нормаларына сәйкес келген жағдайда ғана, халықтың қолдауын тауып, сыйластығына бөленеді.
Б.э. дейінгі ІV ғасырда Аристотель азаматтың қалыптасуы қалай жүретіні туралы жазған. 18 жасқа толғанда бозбала Халық жиналысына келіп, ант береді: “мен заңдардың талаптарын бұзбаймын, ұлтымның қасиетті ережелерін сақтаймын, қажет болған жағдайда, Отаным үшін күресемін”. Бұдан кейін ол екі жылға әскерге кетеді. Осыдан кейін ғана ол толыққұқылы азамат деп танылған. Ежелгі заманның өзінде адамдар мемлекеттегі әскердің маңызды ролін түсінген. Ал қазіргі кезде көптеген адамдардың мемлекет алдындағы кез-келген міндеттерден бас тартуын байқауға болады. Сылтаулар мынадай: еш пайдасы жоқ, қиын, қауіпті...
Бүкіл әлемде мемлекеттік қызметтің кәсіпкерлікке