«мемлекттік қызметтің этикасы» ПӘні бойынша дәріс сабақтарының МӘтіні тақырып 1


Мiнез-құлықтың жалпы стандарттары



бет15/16
Дата28.02.2023
өлшемі89,19 Kb.
#170543
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
98c45863362777aebc88fac1acbe39ca 1
Excel Grade 9 Workbook, ҚҚЗТ эдвайзерлерге (копия), Култрология 5лек, РК-1 Философия на рус 2022-23
2. Мiнез-құлықтың жалпы стандарттары
5. Мемлекеттiк қызметшiлер:
1) Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық келiсiмдi нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттiк және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерiне құрметпен қарауға;
2) адал, әдiл, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларын сақтауға, азаматтармен және әрiптестерiмен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептiлiк танытуға;
3) өздерi қабылдайтын шешiмдердiң заңдылығы мен әдiлдiгiн қамтамасыз етуге;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын шешiмдердi қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;
5) мемлекет мүддесiне нұқсан келтiретiн, мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлiгiне кедергi жасайтын немесе тиiмдiлiгiн төмендететiн iс-әрекеттерге қарсы тұруға;
6) қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
7) өзiнiң iс-әрекетiмен және мiнез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшiн қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшiлiктердi жою мен өзiнiң қызметiн жақсарту үшiн пайдалануға;
8) жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлер мен өзге де адамдардың қызметiне ықпал ету үшiн өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланбауға;
9) шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратпауға;
10) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзiне сенiп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi, автокөлiк құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиiмдi және тек қызметтiк мақсатта ғана пайдалануға;
11) қызметтiк тәртiптi бұлжытпай сақтауға, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиiмдi пайдалануға;
12) мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тұтынушысы ретiнде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға;
13) жасағаны үшiн заңнамада тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен терiс қылықтарды жасауға жол бермеуге;
14) iскерлiк әдептi және ресми мiнез-құлық қағидаларын сақтауға тиiс.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң сырт келбетi олардың қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде мемлекеттiк аппараттың беделiн нығайтуға ықпал етуге, iскерлiкпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетiн жалпы қабылданған iскерлiк талаптарына сай болуға тиiс.Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтiк жағдайларын және онымен байланысты мүмкiндiктердi қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерiне, оның iшiнде өзiнiң оларға көзқарасын насихаттау үшiн пайдаланбауға тиiс.Мемлекеттiк қызметшiлер, оның iшiнде басшы лауазымдарды атқаратындар, ұжымда өз дiни көзқарасын ашық көрсете алмайды, бағынысты қызметшiлердi қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметiне қатысуға мәжбүрлей алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет