12- тақырып. Мінез-құлық модельдері мен ережелері. Жіберілген мемлекеттік қызметшінің жеке тұлғаларамен қақтығыстарын алдын алу
Максаты: Сөйлеу мәдениетінің компоненттері маңыздылығын ашу
Дәріс жоспары:
1.Мемлекеттік қызмет өзгеруінің негізгі қарқындары
2.Мемлекеттік қызметтің этикасының қалыптасуы
Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiМемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң адамгершiлiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды.Қоғам мемлекеттiк қызметшi өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн атқаратын кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны — Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етедi деп сенiм бiлдiредi.Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң осы ар-намыс кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) (бұдан әрi — Кодекс) «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына , «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерi мiнез-құлқының негiзгi стандарттарын белгiлейдi.Мемлекеттiк органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда — орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғалар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе көрсетiлген лауазымды тұлғалар болмаған жағдайда — орталық атқарушы органдардың басшылары) осы Кодекстiң мәтiнiн мемлекеттiк органдардың ғимараттарында баршаға көрiнетiндей жерлерге орналастыруды қамтамасыз етедi.
Мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiнде:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң саясатын жақтауға және оны дәйектi жүзеге асыруға, өзiнiң iс-әрекетiмен мемлекеттiк билiктiң беделiн нығайтуға, мемлекет мүдделерiн қорғауға; Қазақстанның беделiн түсiретiн iс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
2) Конституцияны бұлжытпай сақтай және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiне сүйене отырып, заңдылықтар қағидаттарын басшылыққа алуға;
3) азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға бастайтын iс-әрекеттерге жол бермеуге;
4) Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық татулықты нығайтуға жәрдемдесуге;
Достарыңызбен бөлісу: |