«мемлекттік қызметтің этикасы» ПӘні бойынша дәріс сабақтарының МӘтіні тақырып 1



бет13/16
Дата28.02.2023
өлшемі89,19 Kb.
#170543
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
98c45863362777aebc88fac1acbe39ca 1
Excel Grade 9 Workbook, ҚҚЗТ эдвайзерлерге (копия), Култрология 5лек, РК-1 Философия на рус 2022-23
13 тақырып Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жемқорлық:түсінігі,формалары, қәзіргі жағдайы Мақсаты: Сөйлеу этикетінің нормалары талқылау
Дәріс жоспары:
1.мемлекет қызметтінің этикасына жалпы сипаттама
2.Қәзіргі таңда өркениеттің ерекшелігі
3.Мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптар
Батыс-христиан мәдени аймағындағы өркениет ұғымын білдіретін “цивилизация” сөзі “civil” – “азаматтық” деген түбірден шыққан. Ал оның түп этимологиясы “сыпайы”, бойына “тәрбиелі мінез баулынған адам” дегенге апарады. Ал, шығыстық, нақтырақ алар болсақ, араб-мұсылмандық мәдени аймақта басым көзқарастар бойынша, арабтың «тамаддун» деген сөзі өркениет деген мағынаны білдірген. Ал сол сөздің этимологиялық тамыры «мадина» – қала деген сөзден шығып жатыр. Сол дериват түбірден құралған тамаддун – «қалалық болу, қалада жиналу» деген мағынаны беретін болған. Қарап отырсақ, араб-мұсылман дискурсивтілігінде мәдениет (маданият) пен өркениет (немесе “тамаддунның”) бір түбір сөзден таралып, бір негізгі құндылықты – қалалық өмір құндылығын паш етеді екен. Сондықтан болар, кейбір ғалымдар бұл сөздің лексикалық мағынасына мән беріп, өркениетті материалдық даму аясындағы мән-мағына тұрғысында түсіндіреді. Демек, өркениеттің негізгі белгілеріне олар көбінде материалдық жетістіктерді – қалалар, қатынас жолдарын, керемет зәулім сарайлар мен ғимараттардың салынуын жатқызады.Өркениет ұғымы алғашқы қауымдық қоғамның орнына келген тарихи кезеңге қатысты қолданылатындығы да белгілі. Л. Морган мен Ф. Энгельстің (ХІХ ғ.) өркениетті тағылық пен варварлықтан соң келген, қоғамдық құрылыстың реттелуімен сипатталатын, сондықтан да «жоғары» сапалы қоғамның даму сатысы деп қарастыруы кездейсоқ емес. Мәдениет пен өркениет арақатынасы (бұл арақатынастың рефлексиясы емес, арақатынастың өзі) алғаш рет мәдениетті – адамның индивидуалдық-тұлғалық шығармашылық потенциалымен, ал өркениетті – азаматтық қоғамның тарихи процессімен байланыстыра бастаған Қайта Өрлеу кезеңінен көрініс тапты.Өркениет ұғымының анықтамаларының көптігі, оны түсіндіру барысында қалыптасқан көзқарастар мен сол көзқарас иелерінің негізін қалаған мәдениеттанулық мектептерінің де көптігі қарастырылып отырған феноменнің күрделі екендігін танытады. Бастапқыда өркениетті “алғашқы қауымдық құрылыс кезеңі” деп жалпылай атап қоятын адамзат тарихының, мәдениетінің ең ұзақ та ең дерек-мағлұматы мардымсыз даму сатысына қарсы қою арқылы анықтап жүрді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет